Мектеп директоры 2 оқу жылына ғана тағайындалуы қажет оқу министрі Жұлдыз Сүлейменова
Как передает Qazaq24.com, со ссылкой на сайт Informburo.KZ.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Facebook желісінде мектеп директорын тағайындау ісіне қатысты ойын бөлісті.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда мектеп директорын 2 оқу жылға тағайындау, ал жұмысы жақсы болса, одан әрі 2 жылға ұзарту, бірақ 4 оқу жылынан асырмау қажет. Бұл ұсынысты жақын арада министрдің бұйрығы ретінде бекіту жоспарланып отыр.
"Менің министр ретіндегі позициям бойынша, директор екі оқу жылына тағайындалуы тиіс. Содан соң, оның жұмысы жақсы болса, мектептегі білім сапасы жақсарса, балалардың білім деңгейі артса, қауіпсіздік пен мұғалімдердің біліктілігі мәселесі жақсарса, онда басшылардың қызметін тағы екі жылдық мерзімге ұзартуға болады", – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Министрдің сөзінше, мұғалімдер тарапынан директордың озбырлығына қатысты біраз шағымдар түскен.
"Директор – білім беруді, оқу процесін ұйымдастырушы маман ғана. Бірақ, ол өзі де жақсы, білікті ұстаз болуы тиіс", – деді министрлік басшысы.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:70
Эта новость заархивирована с источника 14 Января 2026 15:48 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















