Оқушылар арасында құқық бұзу әрекеттері көбейді оқу ағарту министрі
Как сообщает Qazaq24.com со ссылкой на сайт Informburo.KZ.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова "Ана тілі" басылымына берген сұхбатында "Құқық негіздері" таңдау пәнінен қайтадан міндетті пәндер қатарына жатқызылатынын хабарлап, оның себебін түсіндірді.
"Мәселені ашық айтуымыз керек: қазір оқушылар арасында құқықбұзушылық әрекеттері көбейіп келеді. Мұның себебіне үңілдік. Сөйтсек соңғы жылдардағы кейбір реформалардың салдары байқалатындай. Мысалы, 2022 жылдан бастап жоғары сыныптарда бірқатар пәндер таңдау пәніне айналған. Оның арасында "Құқық негіздері" де бар. Соның салдарынан көптеген оқушы бұл пәнді таңдамаған, яғни оқымаған. Демек, олар заң алдындағы жауапкершілікті толық түсінбей өсіп келеді. Бір жылда жүз мыңдаған түлек оқу бітіретінін ескерсек, қаншама оқушы құқық пен заң ұғымынан алшақтап кеткенін бағамдауға болар", – деді ол.
Министрліктің шешімімен, жаңа оқу жылынан бастап "Құқық негіздері" пәні қайтадан міндетті пән ретінде енгізіледі.
"Бұған қоса, 5-7-сыныптарда "Конституция негіздері" пәні оқытылады. Бұл бастамаға әртүрлі пікір айтылды. Бірақ біздің ұстанымымыз өзгермейді. Бала заңды құрметтеуді сөз жүзінде емес, оның мәнін түсіну арқылы үйренуі керек. Заңға бағынудың, заңды сақтаудың, құқығын білудің маңызын мектептен меңгеруі қажет", – деп түсіндірді министр.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:33
Эта новость заархивирована с источника 02 Июля 2026 17:23 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















