Оқу ағарту министрі қойма, моншада ашылған мектептердің болашағы туралы айтты
Qazaq24.com сообщает, основываясь на информации сайта Informburo.KZ.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында жекеменшік мектептерге қатысты сұрақтарға жауап берді. Оның айтуынша, мемлекеттік тапсырыс жариялауда, жекеменшік не мемлекеттік мектептердің меншік нысанына қаралмайды. Білім беру стандартының сақталуына қатысты талап – екеуіне де ортақ.
"Оқу-ағарту министрлігі жекеменшік не мемлекеттік мектеп болсын, меншік нысанына қарамастан, заңның талаптарын орындайтын, сонымен бірге заң аясында сапалы білім беретін, адал жұмыс істейтін мектептердің пулын айқындағысы келеді. Бұл үшін біз 2025 жылы жекеменшік мектептерді цифрландырудан өткізсек, қазір мемлекеттік мектептерді де цифрландырып жатырмыз. Бұл арқылы біз ең алдымен ашықтықты, сонымен қатар әділдікті қамтамасыз етеміз", – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Оның сөзінше, білім беру стандарттары сақталмаған мектептер көп анықталған. Енді оларға мемлекеттік тапсырыс бойынша қаржы берілмейді.
"Мысалы, балалар тіркелген, бірақ оларға сабақ берілмеген мектептер бар. Оқу стандартын толық орындамаған, "Әскери дайындық", "Дене шынықтыру" секілді пәндер өткізілмеген, ғимаратының мақсаты мектепке келмейтін білім ошақтары анықталды. Айталық, қоймада, моншада мектеп ашып, оны заңдастырып рәсімдемеген, сонымен қатар, мұғалімдерінің біліктілік деңгейі талаптарға сәйкес келмейтін мектептер бар. Енді оларға мемлекеттік тапсырыс орналастырылмайды", – деді министр.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:83
Эта новость заархивирована с источника 18 Февраля 2026 12:31 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















