Мектеп директоры өмір бойы атқаратын лауазым емес оқу министрі Жұлдыз Сүлейменова
Согласно информации сайта Informburo.KZ, сообщает Qazaq24.com.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өзінің мектеп директорын 2 оқу жылға тағайындау, ал жұмысы жақсы болса, одан әрі 2 жылға ұзарту, бірақ 4 оқу жылынан асырмау қажеттігі туралы идеясының қоғамда талқыға түсуіне байланысты тағы да пікір білдірді.
Бұл ретте ол "Қазақстандағы 8 мың директор өмір бойы тағайындалып жүре бере ме? Қабілетті ұстаздардың мектеп директоры болуға мүмкіндігі қандай?" деген сауалдарға жауап берді.
"Мектеп директоры – өмір бойы атқаратын лауазым емес. Ол – белгілі бір мерзімге берілген атқарушылық миссия. Сондықтан әлемдегі ең үздік тәжірибелерді қарайық. Мәселен, Сингапур, Финляндияда мектеп директорлары ротациядан кейін қайда барады? Олар көп жағдайда ментор болады немесе әдіскер ретінде әдістемелік орталықтарды басқарады. Сондай-ақ мектепті басқаруға байланысты лектор ретінде қызмет атқарады. Біз осы тәжірибені де зерделеуіміз қажет. Өйткені, біздің арамызда 400 мың орта білім саласындағы ең үздік, талантты, басқарушылыққа қабілетті ұстаздарымызды, білім жүйесін, оның сапасын көтеруге мықты, өзіндік рухы және көзқарасы, ұстанымы бар ұстаздардың мектеп басқаруына жол ашуымыз керек", – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Еске салайық, министр Қазақстанда мектеп директорын 2 оқу жылға тағайындау, ал жұмысы жақсы болса, одан әрі 2 жылға ұзарту, бірақ 4 оқу жылынан асырмауды ұсынған болатын.
"Директор – білім беруді, оқу процесін ұйымдастырушы маман ғана. Бірақ, ол өзі де жақсы, білікті ұстаз болуы тиіс", – деді министрлік басшысы.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:82
Эта новость заархивирована с источника 06 Февраля 2026 13:19 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















