Мұхтар Шаханов Арыстан баб кесенесі маңындағы Қоғам ауылының зиратына жерленді
Как передает Qazaq24.com, основываясь на информации сайта Informburo.KZ.
Түркістан облысында халық ақыны Мұхтар Шахановты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Қаралы жиынға ел-жұрт көптеп жиналып, ақынмен қоштасты.
Марқұмның денесі Алматы қаласынан Түркістан өңіріне жеткізіліп, Отырар ауданына әкелінді. Қоштасу рәсімі ақынның туған жері – Шілік ауылындағы қара шаңырағында өтті. Кейін ол Арыстан баб кесенесінің маңындағы Қоғам ауылының зиратына жер қойнына тапсырылды.
Жаназаға Мәжіліс депутаттары Қазыбек Иса мен Ринат Зайытов, сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, ақынның туған-туыстарына көңіл айтып, естеліктерімен бөлісті.
Айта кетейік, Мұхтар Шаханов 19 сәуір күні 84 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған сырқаттан көз жұмған болатын. Бұған дейін Алматыда өткен қоштасу рәсімінде Қазақстан мен Қырғызстан басшыларының марқұмның отбасына жолдаған көңіл айту жеделхаттары оқылған еді.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:69
Эта новость заархивирована с источника 22 Апреля 2026 12:00 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















