Ошта Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылып, көшеге есімі берілді
Qazaq24.com сообщает, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.
Қырғызстанның Ош қаласында Абай Құнанбайұлының есімі көшеге беріліп, ұлы ақынның ескерткіші ашылды, Оған қоса, қазақ пен қырғыз достығына арналған музей жұмысын бастады, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Салтанатты шарада Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева рәсімге қатысушыларға алғыс білдіріп, бұл бастаманың ерекше маңызына тоқталды.
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
"Биыл тамыз айында Бішкек қаласында ұлы қаламгерлер Мұхтар Әуезов пен Шыңғыс Айтматовқа арналған композициялық ескерткіш ашылған болатын. Сол игі дәстүрді бүгін Ош жерінде Абайдың есімімен жалғастырып отырмыз. Сондықтан бүгін ашылып отырған ескерткіш, көше және музей – тек мәдени нысандар ғана емес. Бұл – екі елдің бауырластығын, рухани сабақтастығын және өзара құрметін көрсететін мәңгілік белгі, ұрпақты білім мен парасатқа жетелейтін ортақ құндылық екені сөзсіз", – деді министр.
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Аида Балаева екі ел басшылары екіжақты қатынастарды дамытуға айрықша үлес қосып жүрген қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың еңбегін жоғары бағалайтынын атап өтті. Сонымен қатар мемлекет басшысының арнайы Жарлығымен Ош қаласының мэрі Женишбек Токторбаевқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы – II дәрежелі "Достық" ордені табысталды.
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Министрдің айтуынша, кейінгі жылдары Қазақстан мен Қырғызстанның мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы жаңа серпінмен дамып келеді. Бірлескен көрмелер, театр гастрольдері, әдеби және жастар форумдары, зерттеушілер конференциялары өткізілуде. Сондай-ақ мәдениет мекемелерінің әріптестігі нығайып, ЮНЕСКО аясындағы бағдарламалар шеңберінде өзара қолдау күшейіп отыр.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:104
Эта новость заархивирована с источника 25 Ноября 2025 17:56 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















