Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Фонд Almaty Air Initiative призвал открыть данные о выбросах ТЭЦ 2 Аналитический интернет журнал Власть

Репортеры без границ включили Токаева в список хищников свободы прессы Аналитический интернет журнал Власть

Исламское культурное наследие: в Алматы проходит форум ИСЕСКО

Новогодняя елка в Алматы вызвала хейт в соцсетях

Посольство уточнило число юных спортсменов из Казахстана, госпитализированных с отравлением в Ташкенте

Наркотики в печенье нашли полицейские в Алматы (видео)

Стройкомпания вновь требует взыскать с Вадима Борейко убытки в 71 млн тенге Аналитический интернет журнал Власть

В Satbayev University появилось единое пространство научных лабораторий SU Lab Street

Ак калпак на аксакале : Агутин примерил кыргызский головной убор и воспел его в стихах

Пропавшего в Семее подростка нашли в Павлодаре

Павлодарец получил 20 лет лишения свободы после звонка девочки в службу поддержки

C начала года полиция изъяла более двух тысяч единиц оружия

Бесплатные таблетки с ценником

От университетов до промышленности: как Казахстан развивает технологии искусственного интеллекта

В Карагандинской области реализуют 186 инвестпроектов

Поход в горы едва не закончился трагедией: альпинисты оставили друга в снежном шторме в Австрии (видео)

В Казахстане обсуждают пересмотр моратория на проверки частных клиник

Казахстан остановил экспорт нефти через Россию после атаки БПЛА: что происходит сейчас

С ноября жители Алматы увидят в квитанциях новый формат начисления за отопление

Министром транспорта назначена Асел Жанасова Аналитический интернет журнал Власть

Қазақфильмнің реквизиттері қалай сақталады және олардың қауіпсіздігіне кім жауап береді

Қазақфильмнің реквизиттері қалай сақталады және олардың қауіпсіздігіне кім жауап береді

По информации сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.

2026 жылғы сәуірде отандық медиа кеңістік елең еткізген жаңалықтан дүр сілкінді. Танымал продюсер Баян Алагөзова қазақ киноөнерінің бойтұмарына айналған "Қыз Жібек" фильміндегі аңыз қамзолдың өз иелігіне өткенін сүйіншіледі. Алайда, бұл "сүйінші" көп ұзамай мәдениет жанашырлары мен көрермендер арасында үлкен пікірталас пен наразылық толқынын тудырды. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы ұлттық мұраның символы болып келген жәдігердің жеке қолға өтуі – мемлекеттік меншіктің қорғалуы мен тарихи реквизиттердің есепке алыну заңдылығына қатысты өткір сұрақтарды алға тартты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bayan Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)

Қоғамдағы қызу талқыдан соң Мәдениет министрлігі ресми мәлімдеме жасап, "Қазақфильм" қорында тек бір ғана түпнұсқа қамзолдың сақталғанын және оның мемлекет қорғауында екенін жеткізді. Ал продюсердің қолына түскен екінші жәдігердің студиядан тысқары қалай шығып кеткені қазіргі таңда арнайы тексерілуде. Продюсердің өзі бұл бұйымның ешқандай ресми реестрде тіркелмегенін, ұзақ жылдар бойы жеке адамның қолында сақталғанын айтып, туындаған шуға таңданыс білдірді.

Бұл оқиғаның тағы бір қыры – Баян Алагөзова мен аты аңызға айналған актриса Меруерт Өтекешованың арасындағы рухани сабақтастық. Продюсер қазақ мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін актрисаға өмір бойы ай сайын 1 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсететінін жариялап, иығына асыл тон жабатынын айтты. Ал "Қыз Жібектің" өзі – Меруерт Өтекешова бұл жағдайға сабырмен қарап, костюмнің жақсы сақталғанына және оның түптің түбінде музей төрінен орын алатынына сенім білдірді.

Десе де, бұл жағдай бір киімнің тағдыры ғана емес, тұтас бір киностудияның алтын қорындағы жәдігерлердің бүгінгі халін айқын көрсетіп берді. Реквизит – бұл жай ғана түсірілім заты емес, ол – тірі тарих. Қазақстандағы кино өндірісінің жүрегі саналатын "Қазақфильм" киностудиясының реквизит қоры – тек түсірілімге қажетті құралдар жиынтығы ғана емес, сонымен қатар тұтас бір мәдени-тарихи мұра. Жылдар бойы жиналған бұл қордың сақталуы, қолданылуы және жаңартылуы – өз алдына үлкен жүйе.

Осы орайда, "Қазақфильм" киностудиясының реквизиттер мен жабдықтарды техникалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы Гүлзат Жақыпбаева кино қоймасының құпияларына үңіліп, тарихи реквизиттердің қалай сақталатыны, қауіпсіздігіне кімдер жауап беретіні және олардың кинодағы рөлі туралы әңгімеледі.

Реквизиттер қалай сақаталады

– "Қазақфильм" реквизиттері қандай категориялар бойынша сақталады? Тарихи жәдігерлер мен заманауи тұрмыстық заттардың сақталу режимінде қандай айырмашылық бар?

– Ең алдымен, реквизиттер бірнеше негізгі категория бойынша сақталады: тарихи жәдігерлер, этнографиялық бұйымдар, заманауи тұрмыстық заттар, жиһаздар және арнайы эффектілерге арналған құралдар. Әсіресе тарихи заттарға ерекше талап қойылады. Олар үшін температура мен ылғалдылық тұрақты сақталып, жарық деңгейі шектеледі. Ал заманауи реквизиттерге мұндай қатаң режим қажет емес, бастысы – олардың физикалық бүтіндігін сақтау.

– Қазіргі уақытта реквизиттерді есепке алу жүйесі қалай жүргізіледі? Әрбір заттың қай фильмдерде қолданылғанын қадағалайтын цифрлық база бар ма?

– Қазіргі таңда реквизиттерді есепке алу жүйесі біртіндеп цифрлық форматқа көшіп келеді. Әр зат арнайы тіркеу нөмірімен белгіленіп, электронды базаға енгізіледі. Бұл база арқылы реквизиттің қай фильмдерде қолданылғанын қадағалауға болады. Дегенмен, толық автоматтандырылған жүйе әлі де жетілдіруді қажет етеді.

Фото: "Қазақфильмнің" баспасөз қызметі 

– Жиі қолданылатын тарихи реквизиттер тозатыны анық. Студияда реставрациялау шеберханасы жұмыс істеп тұр ма және көне жәдігерлердің түпнұсқа қалпын сақтау үшін қандай мамандар тартылады?

– Жиі қолданылатын реквизиттердің тозуы – табиғи процесс. Осыған байланысты студияда қазіргі таңда реставрациялық жұмыстар өз күшімізбен жүргізіледі. Бұл іс бутафорлар, суретшілер, тігіншілер және арнайы реставраторлар сияқты мамандарды қажет етеді. Кей жағдайларда тарихи дәлдікті сақтау үшін этнографтар мен музей мамандары да тартылады.

Оқи отырыңыз: Көрермен талғамы өсуі үшін жекеменшік театрлар көбеюі керек – Режиссер Әлібек Өмірбекұлы

Реквизиттің қауіпсіздігіне кім жауап береді

– Құндылығы жоғары, бірегей реквизиттер өрттен немесе зақымданудан қалай қорғалған? Оларды сақтандыру тәжірибесі бар ма?

– Құндылығы жоғары реквизиттер ерекше бақылауда болады. Қоймаларда өртке қарсы жүйелер орнатылған, күзет қызметі жұмыс істейді. Кейбір бірегей заттар сақтандырудан да өтеді, әсіресе ірі жобалар кезінде.

– Реквизит қоймадан шығып, түсірілім алаңына барғанда оның қауіпсіздігіне кім жауап береді? Күрделі сахналарда заттар зақымдалса, оның орнын толтыру процедурасы қалай жүреді?

– Реквизит қоймадан түсірілім алаңына шығарылған сәттен бастап, оның қауіпсіздігіне реквизитор жауап береді. Егер түсірілім барысында зат зақымданса, арнайы акт жасалып, оны қалпына келтіру немесе ауыстыру шаралары қабылданады. Кей жағдайда шығын өндірістік бюджет есебінен өтеледі.

Фото: "Қазақфильмнің" баспасөз қызметі  

– Басқа жеке студиялар немесе шетелдік жобалар "Қазақфильм" реквизиттерін пайдалана ала ма? Осы арқылы студия бюджетін толықтыру тетіктері қалай жолға қойылған?

– Студия реквизиттері тек ішкі қажеттілік үшін ғана емес, сыртқы нарыққа да ұсынылады. Басқа отандық және шетелдік жобалар оларды жалға алады. Бұл – студия үшін қосымша табыс көзі әрі халықаралық деңгейде ынтымақтастық орнатудың бір жолы.

"Қазақфильмдегі" ең көне реквизиттер

– Қоймада сақталған ең байырғы және тарихы ең терең реквизит қайсы? Оның бүгінгі жағдайы қандай?

– Қоймадағы ең көне реквизиттер қатарында XIX-XX ғасырлардағы тұрмыстық бұйымдар мен дәстүрлі қару-жарақтар бар. Олардың бүгінгі жағдайы тұрақты күтім мен реставрацияға тікелей байланысты.

– Реквизиттердің тек түсірілім құралы емес, мәдени мұра екенін ескерсек, оларды музейлік жәдігер ретінде бөлек сақтау жоспарда бар ма? Қарапайым азаматтар оларды қайдан көре алады?

– Реквизиттердің мәдени құндылығын ескере отырып, оларды музейлік форматта ұсыну мәселесі де күн тәртібінде тұр. Қазіргі таңда студия аумағында экскурсиялар мен уақытша көрмелер ұйымдастырылып, келушілерге осы бай мұраны тамашалауға мүмкіндік беріледі. Жақын арада музейді кеңейту жобасын қарастырып жатырмыз.

Оқи отырыңыз: Қыз Жібектен – Баян сұлуға дейін: Камзол дауы "Қазақфильм" жәдігерлерін түгендеуге түрткі бола ма

– Соңғы жылдары түсірілген ауқымды жобалардан кейін қойма қоры қаншалықты толықты? Жаңа реквизиттерді қабылдау және сақтау үшін қосымша алаңдар қарастырылған ба? Қазір жалпы қанша реквизит бар?

– Соңғы жылдары түсірілген ірі жобалардың арқасында реквизит қоры айтарлықтай толықты. Жаңа заттарды сақтау үшін қосымша алаңдар қарастырылып, қойма инфрақұрылымы кеңейтіліп жатыр. Бүгінде қорда мыңдаған атаулы реквизит бар.

Фото: "Қазақфильмнің" баспасөз қызметі 

– Реквизитор және қойма сақтаушысы – сирек мамандық. "Қазақфильмде" бұл салаға жастар келіп жатыр ма әлде бұл тек алдыңғы буынның тәжірибесімен ғана сақталып тұрған сала ма?

– Реквизитор мен қойма сақтаушысы – сирек кездесетін, бірақ аса маңызды мамандық. Бұл салада тәжірибелі мамандардың рөлі зор болғанымен, соңғы жылдары жастар да қызығушылық таныта бастады. Осылайша, дәстүр мен жаңа көзқарас ұштасып, сала біртіндеп дамып келеді.

Оқи отырыңыз: "Махаббат бекетінен" басталған жол: Баян феноменінің тасасында қандай құпия жатыр

Для получения более подробной информации и свежих новостей, следите за обновлениями на Qazaq24.com.
seeПросмотров:111
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 06 Мая 2026 13:12
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Фонд Almaty Air Initiative призвал открыть данные о выбросах ТЭЦ 2 Аналитический интернет журнал Власть

03 Ноября 2026 15:32see287

Репортеры без границ включили Токаева в список хищников свободы прессы Аналитический интернет журнал Власть

03 Ноября 2026 10:31see193

Исламское культурное наследие: в Алматы проходит форум ИСЕСКО

03 Ноября 2026 17:34see186

Новогодняя елка в Алматы вызвала хейт в соцсетях

03 Ноября 2026 18:06see185

Посольство уточнило число юных спортсменов из Казахстана, госпитализированных с отравлением в Ташкенте

03 Ноября 2026 16:58see173

Наркотики в печенье нашли полицейские в Алматы (видео)

03 Ноября 2026 17:10see173

Стройкомпания вновь требует взыскать с Вадима Борейко убытки в 71 млн тенге Аналитический интернет журнал Власть

03 Ноября 2026 17:08see149

В Satbayev University появилось единое пространство научных лабораторий SU Lab Street

03 Ноября 2026 11:50see145

Ак калпак на аксакале : Агутин примерил кыргызский головной убор и воспел его в стихах

03 Ноября 2026 17:25see145

Пропавшего в Семее подростка нашли в Павлодаре

03 Ноября 2026 17:39see143

Павлодарец получил 20 лет лишения свободы после звонка девочки в службу поддержки

03 Ноября 2026 17:07see141

C начала года полиция изъяла более двух тысяч единиц оружия

03 Ноября 2026 18:01see136

Бесплатные таблетки с ценником

03 Ноября 2026 16:59see136

От университетов до промышленности: как Казахстан развивает технологии искусственного интеллекта

03 Ноября 2026 17:01see129

В Карагандинской области реализуют 186 инвестпроектов

03 Ноября 2026 13:10see129

Поход в горы едва не закончился трагедией: альпинисты оставили друга в снежном шторме в Австрии (видео)

03 Ноября 2026 18:21see128

В Казахстане обсуждают пересмотр моратория на проверки частных клиник

03 Ноября 2026 14:59see128

Казахстан остановил экспорт нефти через Россию после атаки БПЛА: что происходит сейчас

03 Ноября 2026 11:15see122

С ноября жители Алматы увидят в квитанциях новый формат начисления за отопление

03 Ноября 2026 17:15see121

Министром транспорта назначена Асел Жанасова Аналитический интернет журнал Власть

03 Ноября 2026 18:31see119
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня