Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Количество проданных билетов на концерт Кайрата Нуртаса в Шымкенте значительно превысило вместимость площадки полиция

Как правильно оспорить группу инвалидности, рассказали в Минтруда

Давка на концерте Кайрата Нуртаса задержан организатор

Уголовное дело возбудили после давки на концерте Кайрата Нуртаса в Шымкенте

Опыт Казахстана по восстановлению тугайных лесов вошёл в число лучших

Токаев и король Бельгии обменялись приветствиями в аэропорту Астаны

Иностранец схватил алматинку за ягодицу

В Шымкенте построят корпус лицея и общежитие для девочек за 9,1 млрд теңге

Яндекс ограничил скачивание файлов и папок после атак на дата центры

Десятки двусторонних соглашений намерены подписать Казахстан и Бельгия

В Астане горело двухэтажное здание

Не любую семью с доходом 350 тысяч тенге на человека будут считать богатой в Казахстане

Таеквондистка Севостьянова принесла Казахстану бронзу этапа Гран при

Битум горел на заводе в области Улытау

Снова качели : тенге укрепляется на бирже в Казахстане

Телевизионную рекламу Трампа запретили показывать в США

Президент Токаев встретил короля Бельгии Филиппа и королеву Матильду в Астане

Ученые смогли частично вернуть зрение незрячим пациентам

Не запустили, а он уже течет : алматинка пожаловалась на новую остановку в мегаполисе

Крылатые хищники в небе Бозанбая

Қазақстандықтар әлемге қарағанда кітапты 4 есе аз оқиды. Қазақша кітапқа неге сұраныс аз

Қазақстандықтар әлемге қарағанда кітапты 4 есе аз оқиды. Қазақша кітапқа неге сұраныс аз

Как сообщает Qazaq24.com со ссылкой на сайт Informburo.KZ.

Steppe & World баспасының жанындағы "Мың кітап" әдебиет үйінде баспагерлер мен авторлардың қатысуымен талқы өтті. Оның барысында кітап нарығының бүгінгі жағдайы, оқу мәдениеті және оқырман сұранысы, отандық кітап басу ісі, жергілікті авторларды қолдау секілді маңызды тақырыптар қозғалды.

"Мазмұндама" баспасының директоры Шыңғыс Мұқан сұраныс болмаса кітап та шықпайтынын, ең алдымен кітап оқу мәдениетін қалыптастыру қажет екенін айтып отыр.

"Баспалар өлместің күнін көріп отыр. Оған көптеген себеп бар. "Маркетингке ақша салу керек" деп айтады. Бірақ бір кітапты жарнамалау үшін емес, жалпы кітап оқу мәдениетін арттыру үшін ақша салу керек. Әлемде әр адам жылына орташа есеппен он кітап оқиды екен. Қазақстанда – 2,5 кітап. Мұның өзі оптимистік көзқарас деп ойлаймын. Әлемге қарағанда төрт есе аз оқимыз. Сондықтан баспалардың аз болуы, кітаптардың аз шығуы – заңдылық", – деді "Мазмұндама" баспасының директоры Шыңғыс Мұқан.

Оқи отырыңыз: Кітап оқу үрдісі ұлттың озық қасиетіне айналғаны жөн – Қасым-Жомарт Тоқаев

Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана мәліметінше, Қазақстанда 3,9 млн оқушы болса, оның 809 мыңы кітапханадан кітап алып оқиды. Мектеп пен колледж кітапханаларында 10 мыңға жуық кітапханашы жұмыс істейді және 165 млн кітап қоры бар. Қазақ тіліндегі кітаптардың үлесі – 80 пайыз. Кітапханалардың 70 пайызы жаңарған, соның ішінде 1400-ге жуық мектепте коворкинг орталық құрылған. 

"Оқылатын кітаптар тізімі түзіліп жатыр. Балаларды оқуға баулу үшін "Каникулда кітап оқимыз", "Менің сүйікті кітабым" челленджі секілді акциялар өтеді. Мектеп кітапханалары көркем әдебиетпен толығып жатыр. 2024-2025 оқу жылы 760 мың кітапқа толықса, 2025-2026 оқу жылы 565 мыңға толықты. Ұлттық кітап күніне орай онкүндік жарияладық. Мектеп қабырғасында баспагерлермен, балалар басылымдарының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып жатыр", – деді Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана директоры Алия Сайдембаева.

Meloman Publishing редакторы Қарагөз Тұрғанованың сөзінше, оқырмандар арасында классика, тарих, өзін-өзі дамыту, нонфикшн жанрындағы кітаптар сұранысқа ие. Алайда бір кітап екі тілде қатар шықса, қазақшаға қарағанда орыс тілінде шыққан кітап өтімді дейді. Деседе қазақша кітаптар арасында "Отбасы хрестоматиясы" шығаратын тұлғалар туралы туындыларды оқырмандар іздеп жүріп оқиды. "Өзбекәлі және мәдени майдан" кітабының сатылымы 50 мыңға таяп қалған. "Бейсен және болмыс" кітабы да сөреден түспейді. Тіпті, бұл кітаптардың рұқсатсыз басылған көшірмелері базарда сатылған. 

"Кітапты тарату, насихаттау бойынша Кеңес үкіметі салып берген жолдан айнымаған едік. Енді басқа да әдіс-тәсілдер пайда болып, кітап оқу мәдениеті қалыптасып келе жатыр. Мемлекет Кеңес үкіметі салған жүйемен жүрмей, баспалармен санасып, ұсыныстарымызды қабылдаса баспа саласы тез дамиды. Қазір баспамыздан шығатын тұлғалар туралы кітаптар оқырмандардың сұранысына ие болып отыр. Қазақы дүниетаным мен менталитетті белгілі бір деңгейде дөп баса алдық па деп ойлаймын. Өзбекәлі Жәнібеков туралы "Мәдени майданды" шығарсақ, енді Бейсембай Кенжебаев туралы "Әдеби майдан" кітабын қолға аламыз. Ол кісі "қазақ әдебиеті Бұқар жыраудан басталады" деген кезде Күлтегінге дейін апарып, бастауына жалғап берген кісі. Бұл кітап та жақсы таралып, кітап оқу мәдениетіне тағы бір үлесін қосады деген ойдамын", – деді "Отбасы хрестоматиясы" баспасының директоры Құдияр Бағдат. 

Жазушы, KitapAl компаниясының сату бөлімінің басшысы Шразаддин Қаниязов оқырмандардың ақыл-кеңес беретін кітаптардан жалыққанын, ал көркем әдебитке сұраныс өсіп жатқанын айтты.

"Геосаяси жағдайдан кейін оқырмандар қазақша кітапты іздеп жүріп алатын болды. Бұрынғыдай бірінші қағида, екінші қағида дегеннен адамдар шаршады. Одан гөрі кейіпкерлердің өмірі туралы оқып, көркем шығармадан ой түйгісі келеді. Біз "Ауылға кітап" жобасын жасаймыз. Оқырмандардың, кәсіпкерлердің көмегімен 600 ауылға 50 кітаптан жібердік. Ал қазақша кітаптың таралымы бойынша негізгі проблеманың бірі – баспалардың арасында ауызбіршілігі жоқ. Кәсібилікті, ауызбіршілікті арттыру қолымызда тұр. Кітап саласы енді дамып жатқан соң баспалар мен кітап дүкендерінің көбісі қалай жұмыс істейтінін білмейді. Ұзақмерзімді бір-бірімізден пайда тауып үйренуіміз қажет. Баға саясаты жүйелі болуы керек. Таралымнан гөрі баспаның мүддесі бірінші орынға шығуға тиіс", – деді Шразаддин Қаниязов.

Alqa Publishing баспасының негізін қалаушысы ⁠Баян Хасанованың айтуынша, шағын баспа үшін ең қиыны – кітап сату, өйткені көбірек сату маманын ұстауға қаржылай мүмкіндік жоқ.

"Басып шығару, рекдациялау, кітаптың сапасын қадағалау жұмыстарын өзіміз істеп отырмыз. Ал сату жағы қиындау болып отыр. Қазіргі оқырманның қабылдау ерекшелігі, соның ішінде көркем шығармадағы әйел образының ерекшелігін зерттеп жүрмін. Мемлекеттік сыйлық алған жазушылардың шығармаларын талдап мақала жазып бастадым. Төрт автордың екеуін оқып бітірдім. Классикалық шығармалар көп өтеді екен, себебі мемлекет үлкен жүлделер беру арқылы олардың насихатталуына көп үлес қосты. Қазіргі жастар "Махаббат, қызық мол жылдар" мен "Гаухартасты" қабылдай алмай жатыр. Әйелдер прозасына, әйел кейіпкерлердің мәселесіне сұраныс артып отыр. Оқырманның сұранысы басқа, ал автордың жазғаны басқа болған соң авторлармен келісіп, тапсырыспен дүниелер жазу керек шығар деп ойлаймын", – деді Баян Хасенова.

Кітап палатасы директорының орынбасары Толқын Салменбаева Қазақстанда жыл сайын 250 баспадан 5-6 мың кітап шығатынын айтып отыр. 2025 жылы 6200 кітап жарық көрсе, оның 4 мыңы – қазақ тілінде, қалғаны орыс тілінде шыққан. Ал "Мазмұндама" баспасының директоры Шыңғыс Мұқан жыл сайын алты мың кітап жаңадан шықпайтынын, оның көп бөлігі бұрын жазылған, басылған кітаптар екенін айтып отыр. Мысалы, "Абай жолы" эпопеясын бірнеше баспа шығарады. 

"Әр баспаның өзінің экономикасы бар, ал қауымдастық ортақ статистиканы шығаруы керек. Бірақ қауымдастық жұмыс істемейді. Жылда қанша кітап өтетінін, әр адам қанша кітап оқитынын ешкім білмейді. Қазақстандықтар жылына 2,5 кітап оқиды деген деректі шетелдің статистикасынан алып отырмыз. Тоғыз жылда біз 500-дей кітап шығардық. Оның ішінде қайта-қайта басылып шыққандары да, сұранысқа ие болмағандары да бар", – деді Шыңғыс Мұқан.

Қазақстан Nomad мәдени қорының басшысы Баян Қабылаш халықаралық кітап көрмелері мен жәрмеңкелерінде Қазақстан баспаларын және қазақ авторлардың шығармаларын танытуға үлес қосып жүр. Ол кітап жақсы таралуы үшін шығармашылық жағынан бөлек бизнес тұрғысынан да жұмыс істеу қажет дейді. 

"Оқырманды кітапқа қызықтыра алу керек. Мысалы, Ақберген Елгезектің "Болмаған балалық шақ" кітабы желісінде қойылым да, фильм де бар. Енді басқа тілдерге аударылып жатыр. Сондықтан кітаптың болашағына алдыңғы жұмысыңыз тікелей әсер етеді. Автор өзін көрсетпейінше сатылым болмайды", – деді Баян Қабылаш. 

Продолжайте следить за ситуацией на Qazaq24.com, где мы всегда предоставляем свежие новости.
seeПросмотров:117
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 10 Апреля 2026 16:40
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Количество проданных билетов на концерт Кайрата Нуртаса в Шымкенте значительно превысило вместимость площадки полиция

11 Октября 2026 17:52see284

Как правильно оспорить группу инвалидности, рассказали в Минтруда

11 Октября 2026 17:15see151

Давка на концерте Кайрата Нуртаса задержан организатор

11 Октября 2026 20:34see140

Уголовное дело возбудили после давки на концерте Кайрата Нуртаса в Шымкенте

11 Октября 2026 10:57see140

Опыт Казахстана по восстановлению тугайных лесов вошёл в число лучших

11 Октября 2026 19:43see136

Токаев и король Бельгии обменялись приветствиями в аэропорту Астаны

11 Октября 2026 23:09see135

Иностранец схватил алматинку за ягодицу

11 Октября 2026 18:32see132

В Шымкенте построят корпус лицея и общежитие для девочек за 9,1 млрд теңге

12 Октября 2026 11:49see131

Яндекс ограничил скачивание файлов и папок после атак на дата центры

11 Октября 2026 22:20see131

Десятки двусторонних соглашений намерены подписать Казахстан и Бельгия

12 Октября 2026 17:28see129

В Астане горело двухэтажное здание

12 Октября 2026 15:28see128

Не любую семью с доходом 350 тысяч тенге на человека будут считать богатой в Казахстане

12 Октября 2026 17:22see127

Таеквондистка Севостьянова принесла Казахстану бронзу этапа Гран при

11 Октября 2026 18:52see127

Битум горел на заводе в области Улытау

11 Октября 2026 12:30see126

Снова качели : тенге укрепляется на бирже в Казахстане

12 Октября 2026 16:06see126

Телевизионную рекламу Трампа запретили показывать в США

12 Октября 2026 13:31see124

Президент Токаев встретил короля Бельгии Филиппа и королеву Матильду в Астане

11 Октября 2026 22:20see124

Ученые смогли частично вернуть зрение незрячим пациентам

12 Октября 2026 13:33see124

Не запустили, а он уже течет : алматинка пожаловалась на новую остановку в мегаполисе

12 Октября 2026 13:32see124

Крылатые хищники в небе Бозанбая

12 Октября 2026 12:43see124
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня