Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

В Авиационной администрации Казахстана обсудили меры по защите самолетов от столкновений с птицами

Таттыгуль Талаева: развитие регионов начинается с качества жизни людей

Нападение на полицейских в Пакистане не менее 10 погибших

Токаев выступил на саммите ОДКБ

Ставки снижаются: как казахстанцу уменьшить платеж по кредиту

Halyk профинансирует строительство ветровой электростанции: соглашение подписано на COP31

Бывшая невестка устроила скандал и оказалась в суде на юге Казахстана

Школьник сообщил о терроризме в Павлодаре, его нашла полиция

От практических вопросов к системным решениям

Бота торопится на стрижку

Каждый вложенный тенге должен приносить отдачу

Отца Меган Маркл посадили в тюрьму после снятия электронного браслета в США

Акмолинка попала в поле зрения полиции из за переводов от 10 до 100 тыс. тенге

Казахстанец лишился нескольких пальцев во время работы в мебельном цехе

Казахстанка устроила скандал, а ее муж схватил девочку за руку и повел в сторону кладбища

Нарушения на 51 млрд тенге и конфликты интересов: ВАП проверила сферу науки в Казахстане

Видео с баранами, которые нарушили ПДД , привлекло внимание полиции в Караганде

Петропавловску грозит энергетический коллапс?

Госаудит выявил нарушения на 51 миллиард теңге в сфере науки Казахстана

Казахстан присоединился к международной конвенции о перевозке грузов

Бір шахматшыға 388 млн теңге аз ба, көп пе? Шахматшы Бибісараның бюджеті неге дау тудырды

Бір шахматшыға 388 млн теңге аз ба, көп пе? Шахматшы Бибісараның бюджеті неге дау тудырды

Согласно информации сайта Informburo.KZ, сообщает Qazaq24.com.

Қазақстандық шахматшы, гроссмейстер Бибісара Асаубаеваға бөлінетін қаржы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Дауға шахматшының анасы әрі менеджері Лиана Таңжарықованың мәлімдемесі себеп болды. Ол қызының жетістіктеріне қарамастан тұрақты жалақы алмайтынын айтты. Бұған жауап ретінде Қазақстан шахмат федерациясы Бибісараға 2023-2026 жылдары шамамен 388 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінгенін жария етті. 

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі бұл ақша бір ғана спортшы үшін қомақты қаржы екенін айтса, енді бірі Қазақстан туын көтеріп жүрген Бибісара Асаубаева қолдауға лайық екенін жеткізді. Осы орайда Информбюро тілшісі тараптардың пікірін саралап, сарапшылардың сөзіне құлақ түрді.

388 миллион теңгенің есебі

Бибісара Асаубаева – блиц бойынша шахматтан үш дүркін әлем чемпионы. Биыл ол үміткерлер турнирінде екінші орын алып, күміс медаль иеленді. Әйелдер арасындағы ФИДЕ рейтингінде үздік жеті шахматшы қатарына енді.

Шахматшының анасы Лиана Таңжарықова 388 миллион теңге спортшыға тікелей берілген қаражат емес, гранттар мен сыйақылардың жалпы жиынтығы екенін айтып отыр. Айтуынша, Бибісара федерациядан тұрақты жалақы алмайды. Ал гранттар мен төлемдер негізінен жаттықтырушыларға аударылады. Ол Қазақстан шахмат федерациясының жылдық бюджеті шамамен 10 миллион доллар екенін айтып, сол қаражаттың есебін сұрады.

Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, Бибісара Асаубаева – ұлттық құрамадағы ең көп қолдау алатын спортшы. Ұйым дерегінше, 2023-2026 жылдары бөлінген 388 миллион теңге гранттар, сыйақылар және спорттық жетістіктерге берілетін төлемдерден тұрады. Спортшыға қосымша демеушілер тарапынан да қолдау көрсетілетінін еске салды.

"2024 жылдан бері әйелдер құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева жылына 40 млн теңге көлемінде грант алады. 2026 жылы федерация гроссмейстерге – 40 млн теңге, сондай-ақ жүлде ретінде – 25 млн теңге, жеке бапкері Лиана Таңжарықоваға 10 млн теңге берді. Бір жылда 115 млн теңге бөлінді. Шахматшыға Спортты қолдау ұоры секілді басқа да тараптардан қолдау көрсетіледі", – делінген Қазақстан шахмат федерациясының мәлімдемесінде.

Ал Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Таңжарықова 2023-2026 жылдары федерация бөлген қаржының есебін көрсетті. 388 млн теңгенің 315 млн теңгесі жаттықтырушылардың жалақысын құраған. Шахматшының жетістігі үшін 73 млн теңге берілген. 

"Шахматтың бұқаралық спортқа айналуына баса мән берілді. Мектепте мыңдаған бала шахмат ойнап жүр. Бұл өте жақсы дер едім. Шахмат та басқа спорт түрлері секілді тек қана бұқаралық спорт емес. Бибісара үшін бұл – кәсіп. Мұндай деңгейдегі кәсіби спортшы зияткерлік элита болып есептеледі. Әлемдік деңгейде елдің атын шығарады. Сол себепті халықаралы көрсеткіштері мен салынған қаржының арасында үлкен айырмашылық болып отыр. Елімізде бәсеке жоқ. Үндістан, АҚШ, Өзбекстанда жетекші шахматшылар – мәртебеге ие кәсіби спортшылар әрі оларға жүйелі қолдау жасалады. Жеке өздеріне еңбекақы төленеді, келісімшарты, жеке демеушілері болады. Ол жай ғана спортшы емес, толыққанды кәсіби маманға айналады. Бұл елдерде бұқаралық спорт база болса, ал элита – мақсат. Сол себепті элита кездейсоқ, жоқ жерден пайда болмайды. Спорт өзінен-өзі бұқаралық сипатқа айналмайды. Оған элитаға айналған спортшылар ықпал етеді. Үлгі алып, солар сияқты болғысы келеді. Балалар шахматқа "пайдалы ойын" деп емес, "мен де сондай болғым келеді" деп қызығады. Осылайша есімі елге белгілі шахматшылар жаңа буынды қалыптастырады", – деді Лиана Таңжарықова.

Бибісараның анасы шахматты стратегиялық тұрғыда дамытуды жолға қойған елдерде бұқаралық сипат шахматтың негізін қалайтынын, ал элита нәтижелерді, беделді және ықпалды қалыптастыратынын айта кетті. 

"Федерацияның міндеті – элитаға басымдық беретін жүйе құру. Басқаларды кәсіби тұрғыда өсуге жігерлендіру үшін элитамызды қолдауымыз керек", – деді ол.

"Бибісара бүкіл федерацияның жүгін арқалап жүр"

Спорт шолушысы Анық Көкенайұлы болса шахмат спортына ақша көп бөлініп жатқанымен, Бибісара Асаубаева ғана нәтиже көрсетіп жүргенін айтып отыр.

"Бибісара Асаубаеваға бөлінетін қаржы талқыланып жатыр. Одан қалды қазақ тілін білмейді деп табалап әлек. Қай тілде сөйлесе де Бибісара – Қазақстанның бірінші шахматшысы. Әлемдік ареналарда тарихи нәтиже тіркеп, Қазақстан туын желбіретіп жүр. Бұл – факт. Бибісараның алатын ақшасы құпия сақталуға тиіс еді. Бірақ оны ашықтан ашық жария етті. Одан да шахмат федерациясына бөлінетін қаржының есебін сұрасын. Елімізде шахмат спортына ақша бөлініп, барлық мүмкіндік жасалғанымен дәл қазір дамып жатыр деп айту қиын. Нәтиже өте төмен. Әлемдік деңгейдегі Бибісарадан басқа бір шахматшы жоқ. Хейттің астында қалған Бибісараның бір өзі бүкіл федерациясының жүгін арқалап, тарихи жетістіктерге жетіп жүр. Өрімдей қызға ақпараттық шабуыл жасағыштар федерациядан 5,5 млрд теңгенің есебі мен жарыстардағы нәтижені талап етсін. Біреулер үшін 5,5 млрд теңге деген жай сан болуы мүмкін. Бірақ оның есебі болуға тиіс. Кейбір спорт түрлеріне 2-3 млрд теңге бөлінеді дегенге таңғалған едік. Бірақ сол спорт түрлері жыл сайын нәтиже беріп келеді. Олардың есебі де бар. Шахмат федерациясы сияқты үнсіз емес", – деді Анық Көкенайұлы.

"Олимпиадалық спорт түрлерін қолдау керек" 

Ал Олимпиада ойындарынан хабар таратып жүрген спорт журналисі Ақырыс Сейітқазы мұндай қомақты қаржыны шахматтан гөрі олимпиадалық спорт түрлеріне беру керек дейді.

"Меніңше, бір ғана спортшы үшін бұл қаражат тым көп. Сол ақшаны там-тұмдап күн көріп жүрген олимпиадалық спорт түрлеріне берсін. Шахмат олимпиадалық спорт түрі емес. Еліміздің спорттағы әлеуетін көрсететін Олимпиада сынды кешенді жарыстарда шахмат жоқ. Сондықтан спорттағы аз ақшамен Бибісараны асырай бергенді қою керек. Бибісара Асаубаеваның шахматтағы жетістіктері қазақ спортына қандай басымдық әкеліп жатыр? Маған сол қызық. Иә, шахматтан танылып жүрген қазақ қыздарының еңбегін жоққа шығармаймын. Ақша мен атақ үшін жанталасып жүрген шахматшы қыздардан гөрі залда сағаттап тер төгіп, жарақатпен арпалысып, қазақтың туын қайтсем көтерем деп жүрген Жәмила Бақбергенова, Алуа Балқыбековалар мен үшін әсте жоғары", – деді спорт сарапшысы Ақырыс Сейітқазы.

"Әр жетістіктің артында ата-ана тұрады"

Халықаралық теннис турнирлерінен ақпарат таратып жүрген спорт шолушысы Ерік Ілиясов әр мықты чемпионның артында қайсар ата-ана тұратынын, әрі спорт бизнес болғандықтан бұл жағдайға түсіністікпен қараған дұрыс екенін айтып отыр. Өз саласын әлемдік деңгейге шығарған әркім миллионер әрі тәуелсіз болуға лайық дейді ол.

"Спортпен, ең алдымен, әркім өзі үшін айналысады. Ешкім ешкімге міндетті емес. Денсаулық, атақ-даңқ, амбиция, рекорд секілді факторлар үлкен рөл атқарады. Бұл жолда қаншама тер төгіледі, эмоция, төзім сыналады. Әр жетістіктің артында ата-ана тұрады. Жетістікке жету жолында олар бәріне барады. Себебі әркім үшін өз баласынан артық ешкім жоқ. Олар барлық құралды, мүмкіндікті пайдаланады. Бұл – дұрыс. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, аңыз спортшылардың артында анасы немесе әкесі тұрғанын көреміз. Оларды көпшілік ұната бермейді. Баласы үшін азаматтығын ауыстырады, демеушілерге жүгінеді, қарсыластарымен қырқысады", – деді Ерік Ілиясов.

Ол баласының жетістікке жетуі үшін барын салған әйгілі спортшылардың ата-анасын атап өтті. 

"Әйгілі теннисшілер Серена мен Венус Уильямстың әкесі Ричард қыздарының болашағына сеніп, демеушілер арасында бәсеке тудырды. Өзім жақсы танитын Новак Джоковичтің әкесі де солай. Баласына жағдай жасау үшін кезінде мафия өкілдерінен қарызға ақша алып, әбден қиындық көрген. Мария Шарапованың әкесін де теннис қауымы жақсы біледі. Ол өзін дәлелдеп, Ресейге сөзін жүргізе алды. Гольф аңызы Тайгер Вудстың әкесі де дәл сондай еді. Ата-ана жүгірмесе, демеуші таппаса, баласына ең жақсы мүмкіндік сыйламаса, баланың қабілеті толық ашылмас еді. Сол үшін мен әрдайым ата-ана жағындамын. Демеуші, мемлекет, федерация спортшының жетістігі арқылы онсыз да өз мақсатына жетеді. Егер ол спортшы сол елдің тумасы болса, тіпті керемет. Қазақстан – өте жас ел, санымыз да аз. Өзімізден шыққан мықтылардың кез келген еркелігін көтеріп, оларға барынша жақсы жағдай жасауымыз қажет. Жеке сектор да көңіл бөлуге тиіс. Спорт – таптырмас маркетинг. Ұтымды пайдалана білсе, екі жақ та ұтады", – дейді ол.

Следите за обновлениями и свежими новостями на Qazaq24.com, где мы продолжаем следить за ситуацией и публиковать самую актуальную информацию.
seeПросмотров:264
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 15 Мая 2026 14:39
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

В Авиационной администрации Казахстана обсудили меры по защите самолетов от столкновений с птицами

11 Ноября 2026 20:12see186

Таттыгуль Талаева: развитие регионов начинается с качества жизни людей

11 Ноября 2026 10:56see162

Нападение на полицейских в Пакистане не менее 10 погибших

11 Ноября 2026 17:23see153

Токаев выступил на саммите ОДКБ

11 Ноября 2026 20:54see152

Ставки снижаются: как казахстанцу уменьшить платеж по кредиту

11 Ноября 2026 16:48see149

Halyk профинансирует строительство ветровой электростанции: соглашение подписано на COP31

11 Ноября 2026 18:37see147

Бывшая невестка устроила скандал и оказалась в суде на юге Казахстана

11 Ноября 2026 17:31see147

Школьник сообщил о терроризме в Павлодаре, его нашла полиция

11 Ноября 2026 19:50see143

От практических вопросов к системным решениям

12 Ноября 2026 01:11see137

Бота торопится на стрижку

12 Ноября 2026 02:31see131

Каждый вложенный тенге должен приносить отдачу

12 Ноября 2026 01:47see127

Отца Меган Маркл посадили в тюрьму после снятия электронного браслета в США

11 Ноября 2026 11:26see126

Акмолинка попала в поле зрения полиции из за переводов от 10 до 100 тыс. тенге

11 Ноября 2026 17:09see125

Казахстанец лишился нескольких пальцев во время работы в мебельном цехе

12 Ноября 2026 08:47see125

Казахстанка устроила скандал, а ее муж схватил девочку за руку и повел в сторону кладбища

11 Ноября 2026 14:12see124

Нарушения на 51 млрд тенге и конфликты интересов: ВАП проверила сферу науки в Казахстане

11 Ноября 2026 11:11see123

Видео с баранами, которые нарушили ПДД , привлекло внимание полиции в Караганде

12 Ноября 2026 08:22see122

Петропавловску грозит энергетический коллапс?

12 Ноября 2026 03:58see122

Госаудит выявил нарушения на 51 миллиард теңге в сфере науки Казахстана

11 Ноября 2026 11:37see121

Казахстан присоединился к международной конвенции о перевозке грузов

11 Ноября 2026 12:49see119
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня