Қазақстандықтар қозғалтқыш көлемі шағын көліктерді жиі таңдай бастады
Qazaq24.com передает, что по данным сайта Informburo.KZ.
Шілдеде Қазақстанда 169 133 автокөлік құралы тіркеуге қойылды, бұл 2026 жылғы маусыммен салыстырғанда (167 878) 0,7% көп, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Тіркеуге қойылған көлік құралдарының 87,7 пайызын жеңіл автомобильдер құрайды.
1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының жалпы саны 6 059,2 мың бірлікке жетті. Жалпы автопарк құрылымында жеңіл автомобильдер – 5081,5 мың (83,9%), жүк автомобильдері – 495 мың (8,2%), тіркемелер – 263,2 мың (4,3%), автобус пен шағын автобустар – 89,5 мың (1,5%), мотоциклдер – 74,6 мың (1,2%) және өзге де автокөлік құралдары – 55,5 мың (0,9%).
Шілдеде тіркеуге қойылған жеңіл автомобильдердің құрылымында ең жоғары үлесті (35,2%) қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 см³-ге дейінгі автомобильдер құрайды.
Тіркелген жеңіл автомобильдердің қозғалтқыш көлемі бойынша бөлінісі төмендегідей:
1500-ден 2000 см³-ге дейін – 59 530 (35,2%); 1500 см³-ге дейін – 35 277 (20,9%); 2000-ден 2500 см³-ге дейін – 24 550 (14,5%); 2500-ден 4000 см³-ге дейін – 23 027 (13,6%); 4000 см³-ден жоғары – 3644 (2,2%); өзге – 2218 (1,3%).Қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 см³-ге дейінгі жеңіл автомобильдер ең көп Алматы қаласында (6160), Астана қаласында (5436) және Алматы облысында (5340) тіркеуге қойылды.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:96
Эта новость заархивирована с источника 18 Августа 2026 10:28 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые


















