Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Оператор Кашагана должен выплатить штраф в 2,3 трлн тенге до 20 июля Минюст Аналитический интернет журнал Власть

Токаев принял зампредседателя руководителя Секретариата Қазақстан Халық Кеңесі

В Минсельхозе не видят роста цен на говядину в Казахстане

Нужно время в реальном мире . Еврокомиссия намерена ограничить доступ детей к соцсетям

Погибли четверо: виновного в смертельном ДТП на трассе Актау Бейнеу отправят в колонию

Упрощенный порядок взыскания штрафов и налогов расширят в Казахстане

Власти Южной Кореи намерены снизить возраст уголовной ответственности до 13 лет

Без потерь и дефицита

В ЦИКе подвели итоги выдвижения кандидатов в депутаты Курултая

Жительница Конаева заявила об убийстве 19 кошек прямо в её квартире: что ответили в акимате и полиции

От каких продуктов лучше отказаться в жару специалист

Мясо сайгаков предложили использовать для питания вахтовиков из за падения спроса

Легенда на плато

Осторожно, цифровой обман

Проводятся обучающие семинары

Костры под запретом

Будет ли государство сдерживать рост цен на жильё, ответили в Минпроме Казахстана

Самрук Казына выкупил долю в Казахтелекоме у владельца Казахмыса

Бектенов поручил в течение месяца регионам определить конкретные точки роста торговли

Возрастные ограничения на соцсети для детей введет ЕС

"Иран мен Аятолла режимі екі бөлек ұғым. Саясаттанушылар Таяу Шығыста қашан тыныштық орнайтыны туралы

"Иран мен Аятолла режимі екі бөлек ұғым. Саясаттанушылар Таяу Шығыста қашан тыныштық орнайтыны туралы

Qazaq24.com сообщает, основываясь на информации сайта Informburo.KZ.

Иран көшелері бүгінде соғыс алаңына айналды. Елде интернет бұғатталған, барлық 31 провинцияның халқы наразылыққа шығып жатыр, ал ауруханалар жаралыларға толған. Желтоқсан айының соңынан бері 2600-ден астам адам қаза тапты. АҚШ президенті Дональд Трамп "көмек жолда" деп мәлімдесе, Иран билігі шерушілерді өлім жазасына кесетінін жеткізді. Таяу Шығыстағы дүмпудің мән-жайы мен ықтимал салдары туралы Informburo.kz шолу жасады.

Оқиға қалай басталды?

28 желтоқсанда Иран астанасы Тегерандағы шағын кәсіпкерлер көшеге шығып, ұлттық валютасы риал құнының кезекті рет күрт құлдырауына наразылық білдірді. Соңғы бір жылда риал бағамы рекордтық деңгейге дейін төмендеп, инфляция 40 пайызға дейін шарықтаған. Бұл халық күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасының өсуіне әкеп соқты. Осылай басталған наразылық көп өтпей барлық 31 провинцияға таралып, елдегі діни билеушілерге қарсы саяси сипат алды. Иран әуе кеңістігін жапты. Батыс елдері азаматтарын елден кетуге шақырды. 

Қауіпсіздік күштері наразылықты күшпен баса бастады. ВВС таратқан деректерге сүйенсек, 7 қаңтарға дейін кем дегенде 34 шеруші қаза тапқан. Алайда, ең қанды қақтығыстар 8-9 қаңтар күні орын алған көрінеді. Ол кезде бүкіл ел бойынша мыңдаған адам көшеге шығып, жоғарғы көшбасшы аятолла Али Хаменеидің биліктен кетуін талап етті.

14 қаңтар күні Тегерандағы Саадат Абад алаңындағы наразылық кезінде түсірілген видеодан скрин, AFP

Шағын елді мекендердегі адам өлімі ірі қалалардағыдай ауқымды деңгейге жеткен. АҚШ-та орналасқан HRANA ирандық құқық қорғау ақпарат агенттігінің жазуынша, наразылық басталғалы 18 күн ішінде бүкіл ел бойынша барлығы 617 наразылық акциясы тіркелген. 187 қалада өтіп жатқан көтерілісте 18 470 адам ұсталған, 2054 адам ауыр жарақат алған. Ал қаза тапқандардың жалпы саны 2615 адамды құрайды. Олардың ішінде 2435-і – наразылыққа қатысушылар, 13-і – бала. Бұған қоса, қаза болғандар арасында наразылыққа қатыспаған 14 бейбіт тұрғын бар. Сонымен қатар қауіпсіздік күштерінің 153 қызметкері мен үкімет жақтастары қаза тапты. Сондай-ақ тағы 882 өлім жағдайы бойынша тергеу амалдары әлі де жалғасып жатыр.

Тегерандағы наразылық шеруі. Куәгерлердің түсірген видеосынан скрин, Reuters

BBC Persian қызметіне анонимді түрде сұхбат берген жас ирандық әйел өткен аптадағы оқиғаларды "нағыз соғыс" деп сипаттады. Оның айтуынша, наразылық білдірушілер арасында бұрын-соңды болмаған ауызбіршілік байқалған. Алайда, биліктің өлім жазасы мен жаппай қуғындауынан қорыққан ол басқалар сияқты осы аптада елден қашуға мәжбүр болған.

"Мен Иранда қалғандардың тағдыры не болатынынан қатты қорқамын", – дейді ол.

Дегенмен, құрбандардың нақты санын анықтау өте қиын, өйткені бұл көрсеткіш алдағы күндері тағы өсуі мүмкін. Себебі 8 қаңтардан бастап Иран билігі елдегі интернетті толықтай бұғаттаған. Кейбір ирандықтар ақпараттық оқшаулауды айналып өту үшін Илон Масктің Starlink спутниктік интернетін пайдалануда, бірақ бұл терминалдарға Иранда тыйым салынған және билік оларды қадағалап, тауып алуға тырысып жатқаны хабарланды. Құқық қорғау ұйымдары мен халықаралық ақпарат агенттіктерінің ел ішіне кіруге және оқиға орнынан тікелей репортаж жүргізуге мүмкіндігі жоқ.

Биліктің ұстанымы қандай? 

Иран билігі қаза тапқандар туралы ресми деректерді әлі жариялаған жоқ. Дегенмен, жергілікті БАҚ өкілдері қауіпсіздік күштерінің 100 қызметкері опат болғанын хабарлады. 

Иран президенті Масуд Пезешкиан елде болып жатқан тәртіпсіздіктерге шетелдік мемлекеттермен байланысы бар "террористерді" кінәлады. Оның айтуынша, олар базарларды, мешіттер мен мәдени нысандарды өртеп жатыр.

"Бұл – шетелде дайындықтан өткен террористер тобы. Олар Рашттағы және басқа қалалардағы базарларды, мешіттер мен мәдени нысандарды өртеді", – деп мәлімдеді Масуд Пезешкиан 12 қаңтар күні эфирге шыққан телесұхбатында. 

90 миллионға жуық халқы бар Иранды 86 жастағы жоғарғы көшбасшы аятолла Әли Хаменеи басқарады. Елде парламент болғанымен, оған Хаменеиге адал депутаттардың ықпалы зор. Наразылықтарды басу секілді маңызды мәселелерде соңғы сөзді әрқашан Хаменеи айтады.

Әли Хаменеи. Фото: Иран жоғары көшбасшысының офисі, WANA 

1979 жылғы Ислам революциясына дейін Иран Батыстың негізгі одақтасы болған. Революция нәтижесінде шах тақтан тайдырылып, билікке діни шииттік режим келді. Иранның соңғы шахы Мұхаммед Риза Пехлевидің үлкен ұлы Реза Пехлеви қуғынға ұшырады. Содан бері ел басқаруда қатаң діни қағидалар қолданылады. Режимді сынауға рұқсат жоқ. 

Жаппай наразылық басталғалы АҚШ-та тұратын шахзаде Реза Пехлеви Х желісінде Иран халқына бірнеше рет үндеу жасап, билікке жұмыла қарсылық білдіруге шақырды. Тіпті,  11 қаңтар күні Fox News арнасында көрсетілген Sunday Morning Futures бағдарламасына берген сұхбатында елге оралуға дайын екенін де жеткізді

АҚШ не деп отыр?

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран билігі бейбіт шерушілерді өлтіруді тоқтатпаса, ел ісіне араласатынын бірнеше рет ескертті.

2 қаңтарда ол Truth Social желісінде: "Біз әрекет етуге дайынбыз, шерушілерге көмекке келеміз", – деп жазды .

11 қаңтарда Иранмен сауда жасайтын елдерге АҚШ-пен арадағы сауда үшін 25 пайыздық баж салығын енгізетінін жариялап, Тегеранға қысымды күшейтті.

13 қаңтарда ирандықтарды наразылықты жалғастыруға шақырып: "Институттарды өз бақылауларыңа алыңдар. Қандықолдардың есімін есте сақтаңдар, олар бұл үшін есеп береді. Иран билігі шеруге шыққандарды өлтіруді тоқтатпайынша, ешбірімен кездеспеймін. Көмек жолда", – деп жазды. 

Иран билігі 14 қаңтар күні 26 жастағы Эрфан Солтани есімді азаматты шеруге қатысқаны үшін өлім жазасына кескен. Осы жағдайдан соң Дональд Трамп CBS News телеарнасына берген сұхбатында: "Егер оларды дарға асатын болса, сіздер бірдеңенің куәсі боласыздар... Егер олар осыған барса, біз өте қатаң шаралар қабылдаймыз, – деп мәлімдеді. Иран билігі Солтаниді өлтіріп-өлтірмегені әлі расталмады. Алайда CNN Трамптың "өлім тоқтатылғанын" мәлімдегенін жазды

Еске салайық, 1979 жылы Иранда болған революциядан кейін АҚШ пен Иран басты қарсыластарға айналды. Вашингтон Иранды Газадағы ХАМАС, Ливандағы Хезболла және Йемендегі хуситтерді қолдауы арқылы Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақсыздандырып отыр деп айыптайды. Сонымен қатар АҚШ Иранның ядролық бағдарламасына үзілді-кесілді қарсы. 2025 жылдың маусымында АҚШ Иранның ядролық нысандарын бомбалады, ал халықаралық санкциялар ел экономикасына ауыр соққы болып тиді.

Сарапшылар не дейді?

Карнеги халықаралық бейбітшілік қорының өкілі, Иран бойынша ең танымал америкалық сарапшылардың бірі Карим Саджадпур CNN арнасына берген сұхбатында Трамптың мәлімдемелері наразылыққа шыққандарға үміт бергенін айтты.

"Соңғы екі аптада президент Трамп Иран билігі бейбіт шерушілерді өлтіретін болса, АҚШ шара қабылдайтынын айтып, 7 рет сес көрсеткенін есептеп шықтым. Бұл 2 мыңнан астам адам қаза тапқанға дейін болған еді... Меніңше, көптеген адам оның сөзін шын қабылдады және кем дегенде осы бір қатыгез режимге қарсы тұруға көмектесетін америкалық қорғаныстан үміттенеді", – деді Карим Саджадпур.

Дегенмен сарапшылар елдегі жаппай көтеріліс билікті ауыстыра алмайтынын айтады. Ирантаншуы Қуанышбек Қари 12 қаңтар күні Ara Media Youtube-арнасына берген сұхбатында:

"Иран билігі орнында қалды. Қанша адам билік тақтан таяды деп күтті, тіпті билік кететіні туралы дезиформация да тарады. Бірақ әзірге олай емес. Осы жолы құламағанымен, алдағы бір толқуларда елдің ішіндегі сыртқа күштердің бірлесуімен, бәлкім, билік тақтан таятын шығар. Себебі жаздағы 12 күндік соғыстан кейін АҚШ пен Израиль үшін халықаралық құқық, елдің ішкі ісіне араласпау дегендер екінші әлде үшінші қатарға сырғыған сияқты", – деді.

Ал саясаттанушы Асхат Қасенғали Facebook парақшасында Иранның мемлекет ретінде хаосқа түсуіне Таяу Шығыстағы ойыншылар мүдделі емес екенін жазды:

"Картаны алып қарасақ, Иран құрлықта тікелей Ирак, Түркия, Әзербайжан, Армения, Пәкістан, Түркіменстан, Ауғанстанмен шекараласып жатқанын көре аламыз. Теңіз арқылы да бірқатар елмен шектеседі. Иранда хаос, азамат соғысы болса, бұл бірден көршілес елдерге әсер етеді. Аталған елдердің кейбірінде онсыз да жағдай тұрақсыз. 90 млн халқы бар Иран сияқты елдің астан-кестеңі шықса, көрші елдерге кететін босқындар легі мен олар экспорттайтын хаос та ауқымды болмақ. Сол үшін де бұл аймақтағы елдер Ирандағы жағдай аса ушыққанын қаламас", – дейді ол.

Алайда Иран мемлекеті мен "аятолла режимі" деген екі түсінік екенін атап өткен саясаттанушы көрші елдердің Иранның мемлекет ретінде сақталуын қолдаса да, аятолла режимінің билікте қалуын қолдауы екіталай екенін жазды.

"Себебі 1979 жылдан кейін орнаған теократиялық билік тек Израильге ғана емес, жалпы Таяу Шығыстағы өзге елдерге де қауіп төндірумен келеді. Ішкі саясатына араласуда. Ливанда "Хезболла", Сирияда Асад режимі, Йеменде "хуситтер", Иракта да шииттік топтарды қолдады, қолдауда. Бұл аталған елдер үшін үлкен мәселе. Бұның артында сол аятолла құрған жүйе тұр. Таяу Шығыстағы елдердің көбі Ирандағы режимнің ауысқанына қарсы болмас. Бірақ оны аса үлкен хаоссыз іске асыру мүмкін бе? Міне, бұл үлкен мәселе. 1979 жылы құрылған режим, өзінің барлық потенциалын сарқып бітуге дайын. Бұл ең алдымен құндылықтарға қатысты. Кезінде Троцкий коммунистердің әлемдік революциясын жасауды ойлаған еді. Сол сияқты Ирандағы теократиялық билік те, 80-ші жылдары "Ислам революциясын экспорттауды" армандады. Соның аясында пропаганданы құрды. Бірақ бұл құндылықтар енді өміршең емес. Енді аятолла режимі өзге аймақта революция жасаудың орнына, өзін сақтап қалу үшін жанталасып жатыр", – дейді ол.

Оставайтесь с нами на Qazaq24.com, чтобы не пропустить важные новости и обновления по данной теме.
seeПросмотров:209
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 15 Января 2026 14:03
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Оператор Кашагана должен выплатить штраф в 2,3 трлн тенге до 20 июля Минюст Аналитический интернет журнал Власть

14 Июля 2026 15:33see168

Токаев принял зампредседателя руководителя Секретариата Қазақстан Халық Кеңесі

14 Июля 2026 17:44see135

В Минсельхозе не видят роста цен на говядину в Казахстане

14 Июля 2026 13:25see134

Нужно время в реальном мире . Еврокомиссия намерена ограничить доступ детей к соцсетям

14 Июля 2026 04:32see134

Погибли четверо: виновного в смертельном ДТП на трассе Актау Бейнеу отправят в колонию

14 Июля 2026 18:33see133

Упрощенный порядок взыскания штрафов и налогов расширят в Казахстане

14 Июля 2026 18:15see133

Власти Южной Кореи намерены снизить возраст уголовной ответственности до 13 лет

14 Июля 2026 16:20see131

Без потерь и дефицита

14 Июля 2026 14:40see130

В ЦИКе подвели итоги выдвижения кандидатов в депутаты Курултая

14 Июля 2026 16:31see129

Жительница Конаева заявила об убийстве 19 кошек прямо в её квартире: что ответили в акимате и полиции

15 Июля 2026 17:33see127

От каких продуктов лучше отказаться в жару специалист

14 Июля 2026 22:46see125

Мясо сайгаков предложили использовать для питания вахтовиков из за падения спроса

14 Июля 2026 15:29see124

Легенда на плато

14 Июля 2026 13:59see124

Осторожно, цифровой обман

15 Июля 2026 13:10see123

Проводятся обучающие семинары

15 Июля 2026 00:31see122

Костры под запретом

14 Июля 2026 14:33see122

Будет ли государство сдерживать рост цен на жильё, ответили в Минпроме Казахстана

14 Июля 2026 16:47see121

Самрук Казына выкупил долю в Казахтелекоме у владельца Казахмыса

15 Июля 2026 18:47see119

Бектенов поручил в течение месяца регионам определить конкретные точки роста торговли

14 Июля 2026 14:08see119

Возрастные ограничения на соцсети для детей введет ЕС

14 Июля 2026 21:21see118
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня