Түркиялық альпинист Левент Коч 3 жылда 252 шыңды бағындырып, әлемдік рекорд орнатты
Qazaq24.com, ссылаясь на сайт Informburo.KZ, отмечает.
Түркиялық альпинист Левент Коч 2023-2025 жылдары 252 шың бағындырып, әлемдік рекорд жасады. Бұл туралы İdman.Biz жазды.
Альпинист 2023 жылы 81, 2024 жылы Түркияның 101 жылдығына орай 101 және 2025 жылы 70 шыңға шыққан.
Басылымның жазуынша, альпинист негізінен Түркия мен Әзербайжан аумағындағы шыңдарға шыққан. Биік те қауіпті шыңдардың қатарында Қазбек, Демавенд және Шахдаг аталады.
"Бұл нәтиже альпинистердің халықаралық қауымдастығы үшін сандық көрсеткіш жағынан да, тұрақтылық тұрғысынан да бірегей жетістік ретінде бағаға ие болды. Левент Кочты соңғы жылдардағы ең белсенді альпинистердің бірі ретінде танылды", – деп жазды басылым.
Еске салайық, таяуда ғана қазақстандық альпинист Анар Бурашева Қазақстан мен Орталық Азия тарихында әлемнің барлық құрлықтарындағы ең биік жеті шыңды бағындырған алғашқы әйел атанды. Анар Бурашева әлемнің жеті биік шың: Эверест (8818 метр), Аконкагуа (6962 метр), Денали (6194 метр), Килиманджаро (5895 метр), Эльбрус (5642 метр), Винсон массиві (4897 метр) және Карстенз пирамидасы (4884 метр).
Другие новости на эту тему:
Просмотров:63
Эта новость заархивирована с источника 13 Января 2026 18:02 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















