ЮНЕСКО киіз үй жасау және қолдану дәстүрін кеңейтілген аталым ретінде мақұлдады
Согласно информации сайта Informburo.KZ, сообщает Qazaq24.com.
Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитетінің 20-шы сессиясында "Киіз үйді жасау және қолдану дәстүрі" аталымын кеңейту туралы шешім қабылданды. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин желідегі парақшасында жазды.
Аталған элемент алғаш рет 2014 жылы Қазақстан мен Қырғызстанның бірлескен ұсынысымен тізімге енген болатын. Енді кеңейтілген нұсқа киіз үйді әлемдік мәдени мұраның ажырамас бөлігі ретінде таныту мүмкіндігін арттырып, Орталық Азия халықтарының ортақ мұрасына айналғанын айғақтайды.
"Қазақстан бұған дейін ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларының Репрезентативті тізіміне 14 аталымды енгізген. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз әлемнің 183 мемлекеті ішінде үздік 25 елдің қатарына кіреді", – деді Ерлан Қарин.
Қазіргі уақытта Қазақстанның бірнеше жаңа өтінімі ЮНЕСКО қарауында тұр. Олардың қатарында:
"Салбурын" ұлттық дәстүрі; "Кесте тігу өнері" (Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан); "Киіз басу өнері" (Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Иран, Моңғолия, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан); "Алпамыс жыры" (Қазақстан, Әзербайжан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан); "Тақия" дәстүрі (Қазақстан, Түркіменстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия).Бұл аталымдардың ЮНЕСКО тізіміне енуі қазақ мәдениеті мен Орталық Азияның ортақ мұрасына халықаралық деңгейде жаңа мәртебе берері сөзсіз.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:39
Эта новость заархивирована с источника 12 Декабря 2025 14:09 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















