Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

15 наурызда қабылданатын шешім елдің ертеңіне қатысты саналы азаматтық ұстанымның көрінісі болмақ Балаева

15 наурызда қабылданатын шешім елдің ертеңіне қатысты саналы азаматтық ұстанымның көрінісі болмақ Балаева

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

-Құрметті достар!

Баршаңызға мәлім, Республикалық референдумға да санаулы күн қалды. Қазір еліміздің барлық өңірінде жаңа Конституция жобасының мәні мен маңызын түсіндіруге бағытталған кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осы мақсатта құрылған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы төрағасының орынбасары ретінде мен үшін әрбір азаматтың реформаның шынайы мазмұнын терең түсінуі айрықша маңызды. Өйткені 15 наурызда қабылданатын шешім елдің ертеңіне қатысты саналы азаматтық ұстанымның көрінісі болмақ,-деп жазды Аида Балаева өзінің Facebook парақшасында.

Оның сөзінше, ең алдымен, бүкіл құжаттың мағыналық өзегін айқындайтын преамбулаға тоқталған жөн. Ол «Біз, біртұтас Қазақстан халқы…» деген сөздермен басталады. Осы маңызды тұжырым мемлекеттегі биліктің бірден-бір қайнар көзі халықтың өзі екенін, Конституцияның шынайы авторы ел азаматтары екенін білдіреді.

Жаңа жобада «байырғы қазақ жеріндегі мемлекеттілікті нығайту» және «Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығы» айқын көрсетілген. Бұл қазіргі Қазақстан Республикасының тарихи тамыры терең, ұлттың болмысы мен рухани мұрасын сақтау жолындағы сабақтастық сақталатынын айқындайды.

Сонымен қатар мемлекеттің унитарлық сипаты, шекараның мызғымастығы мен аумақтық тұтастығы нақты бекітіледі. Бүгінгі күрделі геосаяси жағдайда бұл қағидаттардың конституциялық деңгейде бекітілуі – елдің тұтастығы мен тұрақтылығының басты кепілі. Қазақстан әрдайым біртұтас, бөлінбейтін мемлекет болып қала береді.

Преамбулада алғаш рет еліміздің даму бағытын айқындайтын маңызды құндылықтар да көрініс тапқан. Атап айтқанда, Әділетті Қазақстан идеясы мен «Заң мен Тәртіп» қағидаты. Бұл негізгі ұстанымдар құқық үстемдігін қамтамасыз етуге, заң алдында баршаның теңдігін орнықтыруға және биліктің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды. Осылайша, адам және оның қадір-қасиеті конституциялық модельдің өзегіне айналып отыр.

Қоғамдағы бірлік, ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық келісім құндылықтары да ерекше атап өтілген. Дәл осы құндылықтар еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік негізін қалыптастырады. Мәдениет, білім, ғылым мен инновацияны дамыту, сондай-ақ табиғатқа ұқыпты әрі жауапкершілікпен қарау да елдің жаңғыру жолындағы басты басымдықтар ретінде көрініс тапқан.

Біз бейбітшілік пен барлық мемлекеттермен сыйластыққа негізделген достық қарым-қатынас орнатуға ұмтыламыз және келешек ұрпақ алдындағы тарихи жауапкершілігімізді терең сезінеміз.

-Преамбула «…Қазақстан Республикасының Ата Заңын – осы Конституцияны қабылдаймыз» деген сөздермен аяқталады. Бұл қоғам болып саналы түрде ұйысып, ел болашағына ортақ жауапкершілік жүгін бірге көтеруге деген дайындықтың көрінісі деп білемін,-деді Премьер-министрдің орынбасары.

11 ақпанда Мемлекет басшысы референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:222
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Ақпан 2026 15:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see152

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see146

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see143

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see141

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see138

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see136

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see133

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see133

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see131

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see131

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see127

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see123

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see123

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see121

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see120

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see119

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see116

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see115

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see114

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

06 Қазан 2026 11:33see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары