Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

2026 жылы доллар қаншаға көтерілетіні белгілі болды

2026 жылы доллар қаншаға көтерілетіні белгілі болды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2026 жылға арналған макроэкономикалық шолуын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты naryk.kz сайтына сілтеме жасап.

Бастапқыдағы қауіпке қарамастан, 2025 жылы жаһандық экономикалық өсім, болжамнан сәл төмен болса да, тұрақтылық танытып отыр. ХВҚ бағалауынша, әлемдік экономика биыл 3,2%, ал 2026 жылы 3,1% өседі. АҚШ пен ЕО-да инфляцияның 2%-дық мақсатты деңгейден асып кетуіне қарамастан, орталық банктер ақша-ytcbt саясатын абайлап қалыпқа келтіріп жатыр. Қытайда ауқымды бюджеттік қолдау мен жұмсақ монетарлық саясат экономикаға жақсы демеу болып тұр — олар биыл 5%, келер жылы 4,5% өсімді сақтап қалуы мүмкін.

Әлемдік қаржы жағдайы жұмсарып жатқанда, Қазақстан екітаңбалы инфляцияны ауыздықтау үшін ақша-несие саясатын амалсыз қатайтуға мәжбүр болды. Бұған жаңа салық-бюджет өзгерістері мен бөлшек несиелеудегі қатаң реттеулер қосылып, ішкі сұранысқа айтарлықтай қысым жасайды. Осылайша, 2026 жылы еліміздің экономикасы «тар жолдан» өтуге мәжбүр болады: қатаң ақша-несие саясаты, ауқымды салық-бюджет реформалары және онша қолайлы емес сыртқы жағдай (шикізат бағасының төмендеуі және әлемдік экономиканың баяулауы).

ІЖӨ өсімі 4,4%-ға дейін баяулайды

Биыл елдің ІЖӨ өсімі 6%-дан асуы мүмкін. Бұл бюджет шығындарының артуы, инфрақұрылымдық және әлеуметтік инвестициялар, шикізат өндірісінің көбеюі және жалақының өсуі (+10%) есебінен болған жоғары тұтынушылық сұраныстың нәтижесі.

Алайда, 2026 жылы ІЖӨ өсімі 4,4%-ға дейін баяулауы мүмкін. Себебі — Теңіз кеніші кеңейгеннен кейін мұнай өндірісінің тұрақтануы, салық өзгерістері, қаржылық жағдайдың қатаңдауы және биылғы жоғары көрсеткіштердің әсері (базалық эффект).

Теңге бағамы

2024 жылы долларға шаққанда 15,5%-ға әлсіреген ұлттық валюта 2025 жылы позициясын жоғалтпауы мүмкін. Оған рекордтық жоғары базалық мөлшерлеме, Ұлттық банктің инвалютаны көптеп сатуы (+55%) және мемлекеттік құнды қағаздарға шетелдік инвестицияның келуі қолдау болады.

Дегенмен, 2026 жылы доллар бағамы 553,6 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін (+5,9%). Шикізаттан түсетін экспорттық табыстың азаюы, импорттың өсуі және Ұлттық қордан бөлінетін трансферттердің 5,3 трлн теңгеден 2,8 трлн теңгеге дейін қысқаруы теңгеге қысым жасайды.

Инфляция екінші жыл қатарынан екітаңбалы мәнде болады

Егер желтоқсанда баға өсімі 0,8–1,0% болса, 2025 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 12,3–12,5%деңгейінде қалады. Бұған тарифтердің өсуі, бизнестің шығындары, импортқа тәуелділік және халықтың инфляциялық күтулері әсер етті.

2026 жылы инфляция сәл ғана баяулап, 11,7% болуы мүмкін. Бағаның екітаңбалы болып қала беруі инфляцияның инерциялық сипатын және құрылымдық шектеулердің бар екенін көрсетеді.

Ақша-несие саясатын жұмсартуға мүмкіндік аз

2025 жылы базалық мөлшерлеме екі рет көтеріліп, 15,25%-дан 18%-ға дейін жетті. Бұл ішкі сұранысты тежеу және баға өсімін тоқтату үшін жасалды.

Проинфляциялық факторлар әлсіреген сайын, мөлшерлемені біртіндеп төмендетуге алғышарттар пайда болуы мүмкін: 2026 жылы сарапшылар базалық мөлшерлеменің 16,5%-ға дейін төмендейтінін болжайды. Бұл теңгелік активтердің тартымдылығына және теңге бағамына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Несие нарығы

Банктердің жаңа несие беру қарқыны баяулап жатыр. Бизнестің сұранысы орта және ірі бизнес сегментіне ауысса, халық арасында ұзақ мерзімді кепілді несиелерге басымдық берілуде.

2026 жылы несиелеудің баяулауы ықтимал. Себебі қаражаттың қымбаттығы, реттеуші талаптардың қатаюы, салық жүктемесінің артуы және халықтың төлем қабілетінің төмендеуі банктердің де, қарыз алушылардың да белсенділігін тежейді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:214
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Желтоқсан 2025 15:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары