Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

700 мыңға жуық азамат бәс тігумен тұрақты айналысады: Құмар ойындар нарығы неге өсіп барады?

700 мыңға жуық азамат бәс тігумен тұрақты айналысады: Құмар ойындар нарығы неге өсіп барады?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Елімізде 700 мың адам ресми түрде құмар ойындарын ойнаушы ретінде тіркелген. Ал «көлеңкелі» букмекерлердің қанша адамды өзіне тартып отырғаны белгісіз. 2015-2019 жылдар аралығында құмар ойындарын ұйымдастыру және бәс тігу қызметтері саласының жылдық көлемі 24 млрд теңгеден аспаған. Ал 2020 жылы пандемия басталған тұста сала табысы бірден 6 есеге артқан, деп жазады Egemen.kz.

Фото: stan.kz

Саладағы қомақты табыс 2022 жылы тіркелген. Сол кезде құмар ойындарындағы қызмет көлемі – 553,7 млрд теңгеге дейін жетіп, бір жылдың ішінде 7,5 есеге артқан. 2023-2025 жылдары белгілі бір құбылмалылық байқалғанымен, нарық жыл сайын шамамен 470-480 млрд теңге деңгейінде тұрақтаған. Бұл он жыл бұрынғы көрсеткіштен 20 есе көп екені белгілі болып отыр.

finprom.kz зерттеуінше, соңғы жылдары нарық құрылымы да түбегейлі өзгерген. Бұрын негізгі рөлді орта және ірі операторлар атқарса, 2025 жылға қарай нарық көлемінің 82%-ын, яғни 388,3 млрд теңгені шағын кәсіпорындар қамтамасыз еткен. Ал 2019 жылы шағын кәсіпорындардың үлесі небәрі 11,5% немесе 1,5 млрд теңге ғана болған.

116 млн теңге мен ZEEKR көлігі тәркіленді: Алматыда құмар ойындарын ұйымдастырғандарға үкім шықты

Мәселенің ауқымы тек компаниялардың қаржылық есептерімен ғана емес, әлеуметтік статистикамен де айқындалады. Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, шамамен 700 мың Қазақстан азаматы тұрақты түрде бәс тігеді.

Сонымен қатар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі құмар ойындарға белсенді қатысу екінші деңгейлі банктерден несие алу мүмкіндігіне әсер етуі мүмкін екенін атап өтті. Егер букмекерлік шоттарға тұрақты аударымдар байқалса, банк қарыз алушының қаржылық жүктемесін бағалау кезінде оны есепке алуы мүмкін.

Шетелдік компаниялар нарықтың айтарлықтай үлесін әлі де қамтып отыр. 2024 жылы олардың үлесіне – 296,2 млрд теңге тиесілі болды. 2025 жылы бұл көрсеткіш – 217,2 млрд теңгеге дейін азайғанымен, капитал халықаралық бәс тігу платформалары арқылы елден әлі де белсенді түрде шығып жатыр.

ҚМА құмар ойындарға қарсы күресті күшейтті

Ресми тіркелген 700 мың белсенді ойыншы мәселенің тек көзге көрінетін бөлігі ғана. Бұл – заңды, лицензиясы бар операторлармен жұмыс істейтін адамдар. Ал, шын мәнінде бәске бейім аудитория әлдеқайда кең. Салада заңды нарықпен қатар «көлеңкелі» сегмент те қарқынды өсіп келеді. Лицензиясы жоқ букмекерлік кеңселер мен шетелдік юрисдикцияларда тіркелген онлайн-казинолар Қазақстанның құқықтық кеңістігінен тыс жұмыс істейді және салық төлемейді, ойыншыларды қорғау талаптарын сақтамайды.

Олар қызметін блогер, инфлюенсерлер арқылы жарнамалайды. Жеке ұсыныс тасасына жасырылған құмар ойын жарнамасы Instagram, TikTok және Telegram платформалары арқылы миллиондаған қолданушыларды қамтып отыр. Мұндай формат оңай ақша табу иллюзиясын қалыптастырып, әсіресе 30 жасқа дейінгі жастарға қатты әсер етеді. Әлеуметтанушылардың дерегінше, ойынға тәуелді адамдардың басым бөлігі дәл осы жас санатына жатады.

Елімізде блогерлерге құмар ойындарды жарнамалауға заң жүзінде тыйым салынған, ал заң бұзушылар жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Алайда бұл шектеуді айналып өту оңай болып отыр. Мұндай жарнаманың негізгі бөлігі Ресей мен ТМД-ның басқа елдеріндегі блогерлер арқылы таралады, ал оларға Қазақстан заңнамасы жүрмейді. Олардың контентін қазақстандық аудитория еш кедергісіз тұтынады, ал лицензиясы жоқ платформалар жергілікті заңдардың ешқайсысын бұзбай-ақ жаңа ойыншыларға ие болады.

Елімізде құмар ойындарға тәуелді қанша адам бар

Жарнаманы қатаң реттеу, лицензиясы жоқ платформаларды бұғаттау және ойынға тәуелді адамдарға нақты қолдау көрсету сияқты кешенді шаралар қабылданбаса, 700 мың ойыншы деген көрсеткіш алдағы уақытта одан әрі өсе беруі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Нұрбек Матжани: Жаңа Конституция цензураға тыйым салып, сөз бостандығына кепілдік береді

Референдум • Бүгін, 14:34

Талғат Қалиев: Жаңа Конституция мемлекеттік институттарды нығайтып, елдің тұрақтылығын арттырады

Ата заң • Бүгін, 14:08

Абзал Құспан: Жаңа Конституция адамға бағытталған мемлекеттік басқарудың жаңа философиясын қалыптастырады

Референдум • Бүгін, 13:15

Апаттық жағдайдағы үйлер көбейді: 50 мыңнан астам тұрғынға қауіп төніп тұр

Қоғам • Бүгін, 13:08

Израиль Бейруттегі көпқабатты үйге соққы жасады

Әлем • Бүгін, 12:55

Еліміздің қай өңірінде бензин мен дизель арзан?

Экономика • Бүгін, 12:42

Елімізде 200 мың педагог ChatGPT Edu-ді пайдаланатын болады

Білім • Бүгін, 12:32

Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында ерлікпен қаза тапты

Өшпес даңқ • Бүгін, 12:26

Ирандағы соғыста 150 америкалық әскери жараланды

Әлем • Бүгін, 12:13

Фермерлер 2025 жылы бұршақ дақылдарының рекордтық өнімін жинады

Шаруашылық • Бүгін, 11:54

Павлодар облысында киберполицейлер зейнеткердің 5 млн теңгесін алаяқтардан сақтап қалды

Қоғам • Бүгін, 11:33

Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты болған әуежайдың құжаттарынан өрескел қате табылды

Әлем • Бүгін, 11:28

Иран Ормұз бұғазына миналар орната бастады

Әлем • Бүгін, 11:17

15 наурызда елордалықтар автобуспен тегін қатынайды

Референдум • Бүгін, 11:07

«Nauryz Sale»: Мереке қарсаңында азық-түліктер арзан бағада сатылады

Баға • Бүгін, 10:56

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Наурыз 2026 15:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары