Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Абай облысында алғаш рет жаңа форматта әскерге шығарып салу рәсімі өтті

Абай облысында алғаш рет жаңа форматта әскерге шығарып салу рәсімі өтті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли, ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Тілеухан Басқожаев, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басшылығы, мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері, Қарулы Күштердің ардагерлері, әскери қызметшілер, жастар, сондай-ақ болашақ Отан қорғаушылардың ата-аналары мен жақындары қатысты. 

Абай облысында «Сарбаз жолы» жаңа форматындағы шығарып салу рәсімі алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери қызмет өткерудің негізгі кезеңдерін – әскерге шақыруды, Әскери ант қабылдауды және запасқа шығаруды қамтитын армиялық дәстүрлерді жаңғырту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылып отыр. 

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, қыркүйек айынан бастап облыстың қалалары мен аудандарында күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Жыл соңына дейін еліміз бойынша 21 мыңнан астам, ал Абай облысынан 1 500-ден астам азаматты мерзімді әскери қызметке жіберу жоспарланып отыр. 

Салтанатты рәсімде облыс әкімі Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған жастарға ақ жол тілеп, әскери қызметтің азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудағы маңызына тоқталды. 

 «Мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға, әскердің беделін арттыруға және жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуде. Абай облысының жергілікті атқарушы органдары да Президенттің осы бағыттағы саясатын әрдайым қолдайды. Бүгінде мемлекет мерзімді әскери қызмет өткерген жастарға білім алуға, білім беру гранттарына ие болуға, жоғары оқу орындарына түсуге, келісімшарт бойынша қызметін жалғастырып, әскери мансап құруға мүмкіндік беріп отыр. Мұндай мүмкіндіктерді әлемнің кез келген мемлекеті өз жастарына ұсына бермейді. Сондықтан осы бір жылды барынша тиімді пайдаланыңыздар. Үйреніңіздер! Шынығыңыздар! Әскери мамандықты меңгеріңіздер! Мемлекет берген мүмкіндіктерді пайдаланыңыздар!» – деді Берік Уәли.

Сонымен қатар шараға арнайы келген ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Тілеухан Басқожаев та сөз сөйлеп, әскери қызметке аттанған жас сарбаздарға сәттілік тіледі. 

«Жоғарғы Бас Қолбасшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал азамат» бастамасы аясында жүзеге асып жатқан «Сарбаз жолы» жаңа әскери тәрбие жөніндегі іс-әрекетке Абай облысының әкімдігі қолдау жасап, аймақтар арасында ең бірінші болып бастама көтеріп жатқанына алғыс білдіреміз. Қазір әскердегі қауіпсіздікке қатысты нақты  шаралар қабылданып жатыр. Сондықтан ата-аналарды алаңдамауға  шақырамыз. Ал құрметті сарбаздар, баршаңызға ақ жол тілейміз!», – деді ол.  

 Шарада сарбаздардың ата-аналары сөз сөйлеп, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған жастарға ақ жол тіледі. 

 «Ұлдарымыз Отан алдындағы борышын абыройлы өтеп, аман-есен елге оралсын! Мен бұл жерге бұрынғы әскери қызметкер ғана емес, әке ретінде де келіп отырмын. Өйткені бүгін менің ұлым ҚР әскері қатарына шақырылып отыр. Болашақ сарбаздарға айтарым, Сіздер үлкен өмірге қадам басып барасыздар. Әскери өмір – үлкен мектеп. Сол мектепте мол тәжірибе жинақтап, ата-ана үмітін ақтап, Отан алдындағы борыштарыңызды абыроймен атқарып қайтасыздар деп сенеміз», – деді ата-ана Қайырбек Серғазин. 

 Күзгі шақыру барысында 18 бен 27 жас аралығындағы, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негізі жоқ азаматтар Қарулы Күштер, Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Мемлекеттік күзет қызметі қатарында әскери борышын өтейді.

Айта кетейік, кездесу барысында аймақ басшысы болашақ сарбаздарға естелік кітаптар сыйға тартты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:91
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қыркүйек 2026 13:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары