Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Әділет партиясы шалғай елдімекендегі тұрғындардың ұсынысын тыңдады

Әділет партиясы шалғай елдімекендегі тұрғындардың ұсынысын тыңдады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

«Әділет» партиясының Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабы «Есіктен есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Бұл жолы штаб мүшелері қала шетіндегі Зашаған шағынауданында орналасқан тұрғын үйлерді аралап, жергілікті халықпен жүздесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. 

Кездесу барысында тұрғындарға ақпараттық-насихат материалдары таратылып, сайлауалды бағдарламада қамтылған әлеуметтік, экономикалық және өңірлік даму мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелері тыңдалып, ашық пікір алмасу өтті. 

Тұрғындар өз кезегінде әлеуметтік мәселелер, соның ішінде қаланың ішіндегі жолдың сапасы және Орал-Атырау трассаның жай-күйі, зейнетақының мөлшерін көбейту және тағы да басқа өзекті мәселелерді көтерді. 

Электоралдық кезең басталғалы бері «Әділет» партиясының өңірлік сайлауалды штабына 88 тұрғыннан 114 өтініш пен ұсыныс келіп түсті. Азаматтар көтерген мәселелер жүйеленіп, партияның алдағы жұмысында ескерілетін болады.

«Есіктен есікке» акциясы тұрғындармен тікелей байланыс орнатуға, олардың пікірін тыңдап, өңірдегі өзекті мәселелерді анықтауға мүмкіндік беретін маңызды үгіт-насихат алаңы ретінде жалғасып жатыр.

Жердің жайын білетін тұрғындар «Әділет» партиясының штаб мүшелеріне не айтты?

Абай облысы Ақсуат ауданындағы «Көкжыра» өндірістік кооперативінде «Әділет» партиясы өкілдерінің еңбек ұжымымен кездесуі өтті. Ашық форматта өткен басқосу ауыл шаруашылығы саласының өзекті мәселелерін талқылауға арналған пікір алаңына айналды.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасындағы агроөнеркәсіпті қолдау, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолжетімді қаржыландыру тетіктерін кеңейту, заманауи технологияларды енгізу және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар таныстырылды. Сонымен қатар ауыл инфрақұрылымын дамыту, еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын жақсарту және ауыл кәсіпкерлігін қолдау мәселелері талқыланды.

«Көкжыра» өндірістік кооперативінің агрономы Сайлау Құрмашев шаруашылықтағы басты мәселелердің бірі – су тапшылығы екенін көтерді. Оның айтуынша, биылғы құрғақшылық салдарынан өзендердегі су деңгейі төмендеп, шабындықтарға су жайылмаған. Жауын-шашынның аз болуы жердің қуаңдануына әсер етіп, шаруашылық жұмыстарына қиындық туғызған. 

«Ауылдың дамуы ең алдымен еңбек етіп жүрген адамдардың жағдайына байланысты. Сондықтан тұрғындардың ұсыныстары мен көтерген мәселелері біз үшін маңызды. Айтылған әрбір пікір нақты шешім қабылдауға және ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етуі керек», – деді Ақсуат аудандық штаб мүшесі Тілеуқабыл Көнекбаев. 

Кездесу соңында кооператив агрономдары штаб мүшелеріне жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмысы үшін алғысын білдіріп, ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған бастамаларды қолдайтындарын жеткізді.

Жезқазған қаласында кандидаттар қоғамдық көлікте  үгіт-насихат жүргізді

Ұлытау облысының орталығы – Жезқазған қаласында Құрылтай депутаттығына үміткерлер Ақжол Құрмансейіт пен Алмат Жүкебаев қоғамдық көлікте жолаушылармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кандидаттар қалаішілік автобустармен жүріп, тұрғындарға «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырды. Сондай-ақ жолаушыларға ақпараттық материалдар таратылып, олардың сұрақтарына жауап берілді.

Кездесу барысында тұрғындар өз пікірлерін ашық айтып, жастардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуын қолдайтындарын жеткізді.

«Құрылтайға жастардың көптеп ұсынылуы – қоғамның жаңаруының, жаңа көзқарастың қалыптасуының көрінісі деп білемін. Сіздерге сәттілік тілеймін! Міндетті түрде өз дауысымды беремін», – деді жолаушы Асхат Әбенов.

Жалпы, үгіт-насихат науқаны басталғалы бері Ұлытау облысында 300-жуық үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылып, 24480 тұрғын қамтылды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:124
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Тамыз 2026 11:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары