Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаңа жүйенің жөнсіз есебі

2026 жылғы Азиадаға қатысатын Қазақстан жеңіл атлеттері белгілі болды

Азия ойындарында Елдос Сметов пен Сарвиноз Миркадирова Қазақстан құрамасының туын алып шығады

Отбасы күні: Ұландық әскери қызметшілер шаңырағын шаттыққа бөлеп отыр

Жел соғып, жаңбыр жауады: қай өңірде күн суытады

Есіл өзеніндегі Нұрлы жол вокзалы маңындағы өлі балықтар: Астанада су сынамалары алынды

210 миллионға екі кереует: Жаңаөзен әкімінің бұрынғы орынбасары тергеуге алынды

Бүгінгі жұлдыз жорамал: кім күтпеген жерден ақша аударымын алады, кімге өз шекарасын қорғауға тура келеді

Қазақстан бюджетке мұнайдың жаңа бағасын белгіледі не болды

Тоқаев Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Наһаянмен кездесті

Қазақстандықтар шетелде арқылы төлем жасай алады

Көлік министрлігі ескертеді: Ұшақта қандай сөздерді қолдануға болмайды?

Мас күйінде үш адамның өліміне себеп болған жүргізуші 10 жылға сотталды

Берекелі шаңырақ берік қоғам негізі

Аяқ киімнің ұлтарағына жасырған: ШҚО да тергеудегі азаматқа ерекше сәлемдеме жеткізбек болған

Иран АҚШ пен келіссөздерді қайта бастау шартын атады

Йемендегі хуситтер стратегиялық бұғазға жақындады Reuters

Bloomberg миллиардерлер индексі әлемдегі ең бай адамдар аталды

Бишімбаев жазасын өтеп жатқан түрмеде бақылау күшейтіледі

Қазақстанда орман көшеттерін өсіретін жаңа жылыжай кешені құрылмақ

Еңбек, экология, ауыл: Әділет партиясы халықтың өзекті мәселелерін тыңдады

Еңбек, экология, ауыл: Әділет партиясы халықтың өзекті мәселелерін тыңдады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Үгіт-насихат науқаны аясында «Әділет» партиясының өкілдері Samal Water брендімен өнім шығаратын «Керемет Су СКЕ» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кездесу барысында Құрылтай депутаттығына кандидаттар партияның «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырып, отандық өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және еңбек адамының мәртебесін арттыру мәселелерін талқылады.

Кездесуге «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Дәурен Маралов, Зүлфия Байсақова және Серік Есматов, сондай-ақ қалалық сайлауалды штаб мүшелері Серікболсын Сарыбаев, Руслан Ковтунов, Виктор Елисеев және Дана Кошанова қатысты.

Samal Water брендімен өнім өндіретін «Керемет Су СКЕ» ЖШС – Қазақстандағы ауыз су өндіретін отандық кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын елдің түрлі өңірлерін сапалы өніммен қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ұлттық экономиканың дамуына өз үлесін қосып келеді.

Кездесу барысында партия өкілдері сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарына кеңінен тоқталды. Әсіресе өндірісті дамыту, кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау, жаңа жұмыс орындарын құру, еңбеккерлердің әлеуметтік қорғалуын күшейту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдіріп, өндіріс саласын дамытуға қатысты өз пікірлерімен бөлісті.

«Еліміздің экономикалық қуаты ең алдымен отандық өндірістің дамуына және еңбек адамының әлеуетіне байланысты. Сондықтан қазақстандық кәсіпорындарды қолдау, кәсіпкерлікті дамыту және адал еңбекке лайықты жағдай жасау – партиямыздың басты басымдықтарының бірі. Осындай кездесулер арқылы біз өндіріс саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың нақты ұсыныстарын тыңдап, оларды алдағы жұмысымызда ескеруге мүмкіндік аламыз», – деді «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Дәурен Маралов.

Кездесу соңында партия өкілдері еңбек ұжымын «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасын қолдауға және алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

«Әділет» партиясында отандық өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және еңбек адамының мүддесін қорғау партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтардың бірі екені атап өтілді.

«Әділет» партиясының сайлауалды науқаны аясында елорданың коммуналдық кәсіпорындары қызметкерлерімен кездесу өтті. Басқосуда қаланың тазалығы мен абаттандырылуы, экологиялық ахуалды жақсарту, инфрақұрылымды дамыту және коммуналдық салада еңбек ететін азаматтарды қолдау мәселелері талқыланды.

Жиынға «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Жұлдыз Данбаева мен Кендебай Адамбек қатысты.

Күн сайын елорданың тазалығы мен қалыпты тіршілігін қамтамасыз етіп жүрген коммуналдық сала мамандарының еңбегі ерекше атап өтілді. Қатысушылар еңбек адамына құрмет көрсету, оның әлеуметтік жағдайын жақсарту, қауіпсіз әрі лайықты еңбек жағдайын қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды.

Жиын барысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының маңызы да сөз болды. Коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері бұл бастаманың қаланы таза ұстаумен ғана шектелмей, қоғамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

«Әділет» партиясы елорданың экономикалық дамуы қоршаған ортаның сапасын жақсартумен қатар жүруі тиіс деген ұстанымды алға тартады. Партия қаланы көгалдандыру жұмыстарын жүйелі жалғастыруды, жаңа саябақтар мен жасыл аймақтарды көбейтуді, отырғызылған ағаштардың күтімі мен сақталуына жауапкершілікті күшейтуді маңызды деп санайды. Сонымен қатар ауаның ластануын азайту, қоқысты дұрыс жинау, сұрыптау және қайта өңдеу жүйесін жетілдіру, экологиялық талаптарға сай қоғамдық көлікті дамыту да басым бағыттардың қатарында.

Ғимараттардың энергия тиімділігін арттыру, ауа мен су сапасын тұрақты бақылау, заманауи экологиялық технологияларды енгізу және қоршаған ортаға әсер ететін жобалар туралы ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету қажеттігі де айтылды.

«Астана су арнасы» МКК баспасөз орталығының басшысы Берік Төлегенов партия бағдарламасындағы бастамалардың коммуналдық сала қызметкерлерінің күнделікті еңбегімен тікелей сабақтас екенін атап өтті.

«Бүгін бізге партия бағдарламасының жеті негізгі бағыты таныстырылды. Өзім бұл бастамалармен партия қатарына қосылмай тұрып та танысып шықтым. Сонда менде: “Біз өз тарапымыздан не істей аламыз?” деген сұрақ туды. Кейде үлкен мәселелерді сөз етпес бұрын, әрқайсымыз өз қаламызға, өз жұмысымызға жауапкершілікпен қараудан бастауымыз керек.

“Астана су арнасында” екі жарым мыңға жуық адам еңбек етеді. Мен суды тікелей жүйеге жіберіп, кран бұрап жүрген маман болмасам да, олардың күн сайын тынымсыз еңбек етіп, қаланы сумен үздіксіз қамтамасыз етіп отырғанын өз көзіммен көріп жүрмін. Сондықтан “Әділет” партиясының еңбек адамын қолдауға бағытталған бастамалары менің де ұстанымыммен үндеседі. Біз қаламыздың игілігі үшін аянбай еңбек етеміз. Ал біздің таңдауымыз – “Әділет” партиясы», – деді «Астана су арнасы» МКК баспасөз орталығының басшысы Берік Төлегенов.

Партия өкілдері экологиялық мәселелерді шешуде тұрғындардың белсенді қатысуының маңызына да тоқталды. Азаматтар өздері тұратын қаланың экологиялық ахуалы туралы толық әрі ашық ақпарат алуға, қоршаған ортаға ықпал ететін жобаларды талқылауға және маңызды шешімдерді қабылдау үдерісіне қатысуы тиіс.

Кездесу соңында қатысушылар таза әрі жайлы қала қалыптастыру тек коммуналдық қызметтердің міндеті емес, бүкіл қоғамға ортақ жауапкершілік екенін атап өтті. Мемлекет, бизнес, тұрғындар мен коммуналдық кәсіпорындардың бірлесе әрекет етуі елорданың өмір сүруге қолайлы, жасыл әрі қауіпсіз қала ретінде дамуына негіз болмақ.

«Әділет» партиясының «Мобильді керуен» үгіт-насихат тобы Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылында болып, жергілікті тұрғындармен ашық пікір алмасты. Жаңадан бой көтерген аудандық кітапхана ғимаратында өткен кездесуде ауыл халқының өзекті мәселелері талқыланып, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Кездесуді «Әділет» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Алима Дүйісмағамбетова жүргізді. Ол «мобильді керуен» кездесуінің басты мақсаты – тек сайлауалды бағдарламаны таныстырумен шектелмей, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, оларды шешудің нақты жолдарын бірге қарастыру екенін атап айтты.

Жүздесуге облыстық сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Бектұрған, Құрылтай депутаттығына кандидат Тұрарбек Тлемісов, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өңірлік сарапшы Алмагүл Исмагулова, сондай-ақ қаржылық сауаттылық саласының мамандары Анархан Құттығалиева және Сәкен Құбайдуллин қатысты. Кездесу барысында спикерлер әділеттілік, отансүйгіштік, адал еңбек, жауапкершілік және прогресс секілді бес негізгі құндылыққа тоқталып, олардың қоғам дамуы үшін маңызын түсіндірді.

Құрылтай депутаттығына кандидат Тұрарбек Тлемисов ауылдық жерлерде орта тапты қалыптастыру, шағын және орта бизнесті дамыту, отандық өнімді қолдау және «Қазақстанда жасалған» брендінің әлеуетін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.Жиында тұрғындар үшін маңызы бар бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселе де көтерілді. Атап айтқанда, қаржылық сауаттылық пен несие жүктемесін азайту мәселесі талқыланды. «Қарызсыз қоғам» жобасының өңірдегі координаторы Анархан Құттығалиева азаматтарға несие берешегін реттеу, соттан тыс банкроттық рәсімі және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тетіктері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құқықтық кеңестер берді. Әсіресе әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесіне басымдық берілді.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндіктері түсіндірілді. Бағдарлама аясында берілетін 2,5 пайыздық жеңілдетілген несиеге қатысты талаптар, қажетті құжаттар және қаржыландыру тәртібі жөнінде ақпарат берілді. Тұрғындар несие беру мерзімін ұлғайту және ауданның табиғи-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, ет бағытындағы мал шаруашылығы мен жылқы шаруашылығын қаржыландыру тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

Кейін кездесу ашық алаң форматында жалғасып, тұрғындар кандидаттар мен мамандарға өздерін толғандырған сауалдарын тікелей қойды. Ең көп жолданған өзекті сұрақтар несие жүктемесі, қаржылық сауаттылық, соттан тыс банкроттық пен «Ауыл аманаты» бағдарламасының тиімділігі төңірегінде болды. Қаржылық сауаттылық саласының мамандары төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарын несиелік зардаптардан заң арқылы қорғау тетіктерін күшейту жайы сөз болды. Екінші өзекті мәселе «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру ережелеріне қатысты өрбіді. Сарапшылар несие алу үшін талап етілетін құжаттар тізімі едәуір қысқартылғанын жеткізді. Өз кезегінде ауыл халқы несие беру мерзімін ұзарту және Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-экологиялық ерекшеліктеріне сай ет бағытындағы мал мен жылқы шаруашылығын қаржыландыру ережелеріне өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарын да айтты. 

Жиын соңында жеке несиелік немесе құқықтық түйткілдері бар азаматтар үшін партия өкілдері арнайы жеке қабылдау күндерін белгілеп, әрбір өтінішті жеке қарауға уәде берді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:100
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Тамыз 2026 14:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаңа жүйенің жөнсіз есебі

12 Қыркүйек 2026 18:17see161

2026 жылғы Азиадаға қатысатын Қазақстан жеңіл атлеттері белгілі болды

12 Қыркүйек 2026 18:14see157

Азия ойындарында Елдос Сметов пен Сарвиноз Миркадирова Қазақстан құрамасының туын алып шығады

12 Қыркүйек 2026 18:15see157

Отбасы күні: Ұландық әскери қызметшілер шаңырағын шаттыққа бөлеп отыр

12 Қыркүйек 2026 18:16see157

Жел соғып, жаңбыр жауады: қай өңірде күн суытады

12 Қыркүйек 2026 17:37see153

Есіл өзеніндегі Нұрлы жол вокзалы маңындағы өлі балықтар: Астанада су сынамалары алынды

12 Қыркүйек 2026 17:22see153

210 миллионға екі кереует: Жаңаөзен әкімінің бұрынғы орынбасары тергеуге алынды

12 Қыркүйек 2026 18:28see152

Бүгінгі жұлдыз жорамал: кім күтпеген жерден ақша аударымын алады, кімге өз шекарасын қорғауға тура келеді

12 Қыркүйек 2026 17:23see152

Қазақстан бюджетке мұнайдың жаңа бағасын белгіледі не болды

12 Қыркүйек 2026 17:22see151

Тоқаев Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Наһаянмен кездесті

12 Қыркүйек 2026 20:30see149

Қазақстандықтар шетелде арқылы төлем жасай алады

12 Қыркүйек 2026 18:12see148

Көлік министрлігі ескертеді: Ұшақта қандай сөздерді қолдануға болмайды?

12 Қыркүйек 2026 17:19see147

Мас күйінде үш адамның өліміне себеп болған жүргізуші 10 жылға сотталды

12 Қыркүйек 2026 18:13see147

Берекелі шаңырақ берік қоғам негізі

12 Қыркүйек 2026 18:14see146

Аяқ киімнің ұлтарағына жасырған: ШҚО да тергеудегі азаматқа ерекше сәлемдеме жеткізбек болған

12 Қыркүйек 2026 17:13see145

Иран АҚШ пен келіссөздерді қайта бастау шартын атады

12 Қыркүйек 2026 17:37see144

Йемендегі хуситтер стратегиялық бұғазға жақындады Reuters

12 Қыркүйек 2026 23:02see144

Bloomberg миллиардерлер индексі әлемдегі ең бай адамдар аталды

12 Қыркүйек 2026 17:23see142

Бишімбаев жазасын өтеп жатқан түрмеде бақылау күшейтіледі

12 Қыркүйек 2026 17:35see140

Қазақстанда орман көшеттерін өсіретін жаңа жылыжай кешені құрылмақ

12 Қыркүйек 2026 18:17see136
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары