Әкімшілік рақымшылық: айыппұлдар қалай есептен шығарылады
Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрлігі әкімшілік рақымшылық аясында айыппұлдарды есептен шығару тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің орынбасары Санжар Әділовтың айтуынша, заң күшіне енгеннен кейін әкімшілік рақымшылық басталады. Мерзімі - 6 ай.
"Бүгінде айыппұл салынғанда SMS-хабарлама келеді. Тура солай әкімшілік рақымшылық кезінде айыппұлды есептен шығару туралы хабарлама жіберіледі. Ал заң жарияланған күні күшіне енетін болады", - деді Әділов мәжілістегі брифингте.
Әкімшілік рақымшылық аясында айыппұл есептен шығарылса, елден шығуға қойылған шектеу де автоматты түрде алынады. Ол үшін өтініш жазудың қажеті жоқ. Рақымшылыққа іліккен адамдар айыппұл мен өсімпұлдан құтылса да, әкімшілік істер тізімінде бір жыл бойы есепте тұрады. Осы уақыттың ішінде құқық бұзушылық қайталанса, қатаң шаралар қолға алынады.
Айта кетері, бүгін мәжіліс депутаттары қылмыстық және әкімшілік рақымшылық туралы заңды қабылдап, бірден сенаттың қарауына жіберді. Қылмыстық рақымшылыққа 15 мың адам іліксе, әкімшілік рақымшылық аясында 1 млн адамның айыппұлы кешіріледі.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:67
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Маусым 2026 15:47 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















