Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Әлеуметтік желідегі жобалардың қазақ тіліне көшетін уақыты жетті тілтанушы

Әлеуметтік желідегі жобалардың қазақ тіліне көшетін уақыты жетті тілтанушы

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

«BOOKFEST-2025» фестивалі аясында жүзеге асқан басқосуда ғалым ғылымды дамытуға арналған жобалар мен академиялық ізденістер туралы ой қозғады.

— «Qazaq Bubble» жобасы 2020 жылдың мамыр айында құрылды. Ғылыми-танымдық тақырыптарды талдауға, оны бәріне түсінікті тілмен жеткізуге талпындық. Контентті тек қазақ тілінде түсіргендіктен, уақыт өте қызығушылық танытқан оқырмандардың қатары көбейіп, әлеуметтік желідегі парақшаларымыз назарға іліге бастады. Әдепкіде тек тіл білімі төңірегінде посттар әзірлесек, өткен жылдан бастап жалпы ғылымдарды қамтыдық, — дейді жоба авторы.

Сонымен қатар ол қазақ тілі, қыпшақ тілі, түркі тілдерінің тарихын таныстырып, аңыз бен ақиқатты ажырататын пікір білдірді. Әсіресе «әйел», «Алматы» сөздерінің шығу тегін тарқатты.

— Ара-тұра БАҚ пен әлеуметтік желіде қазақ сөздерінің мағынасына қатысты екіұшты пікірлер тарайтынын білеміз. Мысалы, «әйел» деген сөз күң деген мағынаны білдіреді деген жаңсақ ойды естіп жүрміз. Ол аздай, аталған сөз қазақ тіліне тек 1927 жылдан бастап қолданысқа енді дегенді алға тартатын авторлар бар. Бұл — қате пікір. Ғасырлар бойы сөздер өзгеріп отырады. Қолданысы, мағынасы құбылуы мүмкін. Алайда «әйел» сөзінің мағынасы еш уақытта теріс сипатта болған емес. 1927 жылға дейін жарияланған Ақан сері, Абай шығармаларында мысал жеткілікті.

Ақан сері:

«Әйелді сыйлау керек ескеріп біз,

Оларға айту керек орынды сөз.

Жақсы әйелге көз салып бір қарасаң,

Алып кете жаздайда қиғаштап көз», — деген.

Ал Абай:

«Ері ашу айтса, әйелі басу айтып,

Отырса, бұрынғыдай жау бола ма?» — деп сөйлейді. Міне, қазақ қоғамында қай кезеңде де «әйел» сөзі асыл жарды, әйел затын білдірген, — деп тарқатты тілтанушы.

Ғалымның айтуынша, «Алматы» сөзінің айналасында шу көп. Кейбірі дұрыс нұсқа ретінде «Алма-Ата» деген сөз қолдану керек деген пайымда. Бір кездері қала атауын «Алма-Ата» деп өзгерту туралы ұсыныс та айтылған. Тіпті, дауға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев араласып, тақырыпқа қатысты ұстанымын айтқанын ұмытпадық.

Фото: Ерсін Шамшадин/Kazinform

Бибарыс Сейтақ мұндай пікірталастар қазақ тіліндегі зерттеулерді терең талдамаудың салдары деп отыр.

— Кей қоғам қайраткері «Алматы» сөзі қазақ тілінің сөйлеу ырғағын бұзады деп жүр, сөз соңындағы «ы» дыбысы жартылай дауысты дегенді айтты. Өзгелер ойлағандай емес, қазақ тілі көп зерттелген. Отандық ғалымдар да, шетелдік тілтанушылар да біршама ізденіс жасады. «Алматы» сөзі де бұрыннан терең талданған. Ол — ешқандай қазақ тіліне жат сөз емес, тарихи таныммен ұштасқан мағына: «Алма» және -ты жұрнағын жалғау арқылы жасалған, яғни алмасы көп мекен дегенді білдіреді. Ноғайты, Өлеңті, Шідерті сынды ұқсас жер атаулары жетерлік. Сондықтан кейінгі кездегі қазақ тіліндегі кей сөздің шығу тарихына қатысты тартыс орынсыз. Бәріне ғылыми негіз бар, тек жастар сол еңбектерді оқып, желіде тарата білсе болғаны. Маңыздысы, ғылыми-танымдық жобалардың қазақ тіліне көшетін уақыты жетті, — деп бөлісті тілтанушы.

Қазір Бибарыс Сейтақ докторантура бойынша білім алып жатыр. PhD диссертациясының тақырыбы ретінде «Кодекс куманикус» еңбегін зерттеп жүр, сөздердің шығу тарихына қатысты да талдауы бар.

Айта кетейік, бұған дейін Marwin/Meloman дүкендері желісінде өтіп жатқан «BOOKFEST-2025» фестивалінде тарихшы Жақсылық Сәбитов Алтын Орда тарихы туралы, режиссер Ринат Балғабаев деректі фильмдер турасында ой бөліскен еді.

Сондай-ақ қаламгер Баянғали Әлімжановтың балаларға арналған «400 тәтті тақпақ» атты тақпақтар жинағының таныстырылымы өтті.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2025 17:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары