Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Әлеуметтік желідегі жауапкершілік: заңгер кеңесі

Әлеуметтік желідегі жауапкершілік: заңгер кеңесі

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Солтүстік Қазақстан облысы адвокаттар алқасының мүшесі Ольга Гаврик әлеуметтік желідегі пікір үшін қандай жауапкершілік қарастырылғанын айтып берді.

– Қазіргі заманда интернет және әлеуметтік желілерсіз өмір сүру мүмкін емес. Ал біздің желіге салғанымыз бірден көпшілікке жария болып жатады. Адамдар оны пікір білдіріп, бір-біріне жіберіп, лайк басып, өз әсерлерімен бөліседі.

Әлеуметтік желілерде қарым-қатынас жасағанда, бір нәрсе туралы пікір қалдырғанда адамгершілікті ұмытпай, басқаға құрметпен қарау маңызды. Кейде «осыны жариялағаным дұрыс па?» деп ойланған жөн. Себебі интернеттегі жарияланым - бұл үйде, жабық есік артындағы әңгіме емес. Интернетте жазба, фото немесе басқа материалға пікір қалдырғанда біз осы әрекеттерімізге жауапты боламыз, - дейді Ольга Гаврик.

Маманның айтуынша, Қазақстанда жала, кәпірлік, қорлау, араздық тудыру, елдің тұтастығын бұзуға шақыру сияқты әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылған. Бұл әрекеттер үшін әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік бар.

Жала жабу – басқа адамның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін төмендететін өтірік ақпаратты жариялау немесе бұқаралық ақпарат құралдары мен байланыс желілері арқылы тарату.

Мұндай әрекет үшін: жеке тұлғаға 180 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе 20 күндік әкімшілік қамау, ал лауазымды тұлғаға 650 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе 25 күндік әкімшілік қамау тағайындалады.

– Интернетте жәбірлеу, тіл тигізу үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Жәбірлеу, кемсіту - әдепсіз түрде басқа адамның абыройы мен қадір-қасиетін төмендету, оны ұятқа қалдыру. Егер бұл әрекет жария түрде немесе БАҚ, телекоммуникация желілері, онлайн-платформалар арқылы жасалса, онда: 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, немесе сол мөлшерде түзету жұмысы тағайындалады немесе 180 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады, - дейді адвокат.

Ал қасақана әлеуметтік, ұлттық, ру, нәсілдік, таптық немесе дінге қатысты араздық тудыру, ұлттық абыройды, дінге қатысты сезімдерді қорлау, адамдарды кемсіту, теңсіздік немесе артықшылықты насихаттау әрекеттері үшін (егер олар жария түрде немесе БАҚ, интернет арқылы жасалса, сонымен қатар кітаптар немесе басқа ақпарат көздері арқылы таралса) ҚР ҚК 174-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылған. Мұндай әрекеттер үшін 2-7 мың АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 2-7 жылға дейінгі қамау немесе сол мерзімге бостандықты шектеу тағайындалуы мүмкін.

Яғни, интернеттегі қорлау мен араздық тудыратын әрекеттер заң бойынша қатаң жазаланады және бұл тек айыппұлмен шектелмей, бас бостандықтан айыруға да әкелуі мүмкін.

– Елімізде заң бойынша жеке деректерді таратуға, сонымен қатар дәрігерлік, адвокаттық, банк құпиясын, сондай-ақ отбасылық немесе мемлекеттік құпияны жариялауға тыйым салынған.

Егер біреуге қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болса, сол адамды қылмыс жасады деп айыптайтын ақпаратты сот шешіміне дейін таратуға болмайды. Заң бойынша адам тек сот шешімімен ғана кінәлі деп танылады.

Егер сізге қатысты жалған, беделіңізді, абыройыңызды түсіретін ақпарат таратылған болса және бұл сізге моральдық зардап, мысалы, психологиялық күйзеліс әкелген болса, сіз азаматтық тәртіппен сотқа жүгініп, моральдық шығынды өндіруді талап ете аласыз, - дейді Ольга Гаврик.

Заңгердің айтуынша, моральдық зиян – бұл адамның жеке мүлкіне емес, бірақ оның жеке басы мен абыройына, қадір-қасиетіне нұқсан келтіру. Мұндай зиянға қорлану, ашу, күйзеліс, ұялу, қайғы, физикалық ауырсыну, өз-өзіне сенімсіздік, жайсыздық сезімі және т.б. психологиялық немесе физикалық ауыртпалықтар жатады.

– Моральдық зардап тек қана тікелей зардап шеккен адамға емес, қайтыс болған адамның жақын туыстарына немесе жұбайына да қатысты болуы мүмкін.

Мұндай сезімдер мен күйзелістер өзіне немесе жақындарына қарсы заңсыз әрекет жасалғанда, бостандықты немесе еркін қозғалу құқығын заңсыз шектеуде, денсаулығына зиян келтіру, отбасылық, жеке немесе дәрігерлік құпияны жариялауда, хат-хабар, телефон немесе телеграф құпиясын бұзуда, жалған ақпарат таратып, адамның абыройын, қадірін түсіруде, атына, бейнесіне, авторлық немесе туыстық құқықтарына қол сұғуда туындауы мүмкін.

Алайда моральдық зиян үшін өтемақы мөлшері әділ және орынды болуы тиіс, - дейді адвокат.

Өтемақының сомасы – бұл заңсыз әрекет жасаған адамның жауапкершілігін көрсететін негізгі құрал болып есептеледі.

Заңгердің айтуынша, әлеуметтік желілердегі блогерлер, парақша иелері өз беттерінде заңсыз немесе тыйым салынған материалдарды жариялаған жағдайда, автормен бірдей жауапкершілікке тартылады.

– Сондықтан, бір-бірімізге құрметпен қарап, ақпаратты жарияламас бұрын ойланып алу өте маңызды. Интернеттегі әрбір жазба, пікір немесе фото - жеке емес, жалпыға ашық және оның заңдық салдары болуы мүмкін, - дейді Ольга Гаврик.

Бұған дейін алажағын ала алмай жүргендерге адвокат кеңесін жариялаған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Сәуір 2026 17:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see124

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары