Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджетке түскен батпан

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Әлихан Бөкейхан 160: Алаш ардақтысының мұрасы қаншалықты зерттеліп жатыр

Әлихан Бөкейхан 160: Алаш ардақтысының мұрасы қаншалықты зерттеліп жатыр

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

— Алаш көсемінің мұрасын зерттеуде соңғы жылдары қандай жаңа деректер табылды?

— Алаштану мен әлихантану — әлі толық игеріліп бітпеген, тереңіне бойлаған сайын жаңа қатпарлары ашылатын күрделі де қасиетті ғылыми кеңістік. Біз көбіне Әлихан Бөкейхан тұлғасының Алаш қозғалысындағы саяси қызметін айтамыз, бірақ 1922 жылдан кейінгі Мәскеудегі ғұмыры, туған жеріне аяқ баса алмай өткен жылдары, бақылау мен қысым жағдайындағы өмірі, түрмедегі тауқыметі — әлі де жүйелі, іргелі зерттеуді қажет ететінін түсінеміз. Десе де ұлт көшбасшысының әр күнін, әр хатын, әр мақаласын, әрбір ресми құжатын түгендеп, күндерегін жасап шығу — ғылым үшін баға жетпес олжа болар еді. Сонда ғана біз оның ішкі драмасын, азаматтық табандылығын, рухани қайсарлығын тереңірек түсінер едік. Әлихан Бөкейханның үнсіз қалған сәттерінің өзінде тарих сөйлеп тұр.

Сонымен қатар оның орыс, түрік және басқа да алыс-жақын елдердің саясаткерлерімен, зиялыларымен, тарихи тұлғаларымен байланысын жан-жақты ашу — бүгінгі әлихантанудың маңызды бағыты болуға тиіс. Бұл байланыстар арқылы біз Алаш идеясының тек ұлттық шеңберде ғана емес, халықаралық саяси ой кеңістігінде де орны бар екенін дәлелдей аламыз.
Алаш автономиясы жарияланбады деп, кейбір ғалымдардың Алаш Республикасының халықаралық деңгейде мойындату жолындағы қадамдарын жоққа шығарғысы келсе де, көп нәрсені тарихи архивтік құжаттар дәлелдеп келеді.

Мәселен, Райымжан Мәрсекұлының Жапония елшілерімен жүргізген келіссөздері немесе Мұстафа Шоқайдың Францияда эмиграцияда жүріп Еуропаның саяси элитасымен байланыс орнатуға ұмтылуы — кездейсоқ әрекеттер емес, саналы түрде құрылған сыртқы саяси бағдардың айғағы ретінде қарастырылуы керек деп ойлаймын. Сонымен қатар чех-словак корпусымен казактар арқылы байланыс орнатуы Алаш қайраткерлерінің ой-өрісінің кеңдігін, стратегиялық көзқарасының кемелдігін тереңдете түседі. Егер біз осы бағытта табанды ізденісті жалғастырып, шетел архивтерін де жүйелі түрде ақтарсақ, онда Алаш қозғалысының мақсаты тек автономия шеңберімен шектелмегенін айқын көрсете аламыз. Олар дербес мемлекет болуды көздеді, оны әлемдік геосаяси кеңістікте қарастырды, халықаралық қолдау тетіктерін іздеді. Осы ұлы мұраттың артында, сөз жоқ, Әлихан Бөкейханның кемеңгер саяси қолтаңбасы тұр. Ол сыртқы дипломатиялық бағытты да терең ойластырған тұлға болды.

Фото Заңғар Кәрімханның жеке архивінен

— Қазақстан шекарасын бекіту ісіндегі Әлихан Бөкейханның нақты тарихи рөліне қатысты архивтік құжаттар не дейді?

— Қазақстан шекарасын бекіту мәселесіне қатысты архивтік құжаттар Әлихан Бөкейханның бұл үдерісте тек идеялық жетекші емес, нақты саяси ұстанымы бар стратег тұлға болғанын айқын көрсетеді деп есептеймін. Көсемнің жер мәселесіндегі осы маңызды ұстанымын әлихантанушы Сұлтан Хан Аққұлы «Қазақ жерінің жоқшысы» атты еңбегінде жан-жақты әрі терең талдап көрсетеді.

Біріншіден, ХХ ғасырдың басындағы оның жер мәселесіне қатысты баяндамалары, мақалалары мен ресми жазбалары қазақ жерінің тұтастығын сақтауды басты ұлттық мүдде ретінде қарастырғанын дәлелдейді. Әлихан үшін автономия деген ұғым — ең алдымен жерге иелік ету құқығы еді. Ол қазақ даласының тарихи, этнографиялық және шаруашылық шекараларын ғылыми негізде дәлелдеп, картографиялық, статистикалық деректерге сүйеніп сөйледі. 

Екіншіден, 1917-1920 жылдардағы саяси процестерге қатысты құжаттарда Алаш қайраткерлерінің территориялық тұтастық мәселесін батыл көтергені байқалады. Әлихан бастаған үркердей топ қазақ облыстарының бір автономиялық кеңістікке бірігуін талап етті. Бұл талап кейін советтік билік тұсында да шекара межелеу кезінде назардан тыс қалған жоқ. Қазақ автономиясын құру барысында жер мәселесіне қатысты талқылауларда бұрыннан қалыптасқан алаштық тұжырымдардың ықпалы айқын сезіледі.

Үшіншіден, архив деректері Әлиханның Ресейдің саяси элитасымен, түрлі комиссиялармен байланыста отырып, қазақ жерінің әкімшілік тұтастығын сақтауға күш салғанын көрсетеді. Оның ұстанымы — «жерсіз ұлт — ұлт емес» деген қағидатқа саяды. Профессор Тұрсын Жұртбай Алаш идеясын бес түрлі тұжырымға негіздеп саралаған кезде оның алғашқы өзегіне жер мәселесін қоюы Алаш қозғалысының табиғатын дәл танығаннан туған терең пайым деп білемін.

— Әлихан Бөкейхан — саясаткер ме, ғалым ба, әлде стратег пе? Оның қай қыры әлі толық ашылмай жатыр деп ойлайсыз?

— Әлихан Бөкейхан — бір ғана анықтамаға сыймайтын, көпқырлы тарихи феномен. Оны тек саясаткер деу аздық етеді, ғалым деу жеткіліксіз, стратег деу де толық сипаттай алмайды. Ол — осының барлығын бойына тоғыстырған синкретті тұлға.
Ал қай қыры әлі толық ашылған жоқ дегенге келсек, меніңше, оның халықаралық деңгейдегі саяси ойшыл ретіндегі бейнесі терең зерттеуді қажет етеді. Ресей саяси элитасымен, түркі-мұсылман қозғалысы жетекшілерімен байланысы, әлемдік геосаяси үдерістерді түсіну деңгейі — бұл бағытта әлі жүйелі салыстырмалы зерттеулер аз. Сондай-ақ оның жеке күнделікті өмірі, психологиялық болмысы, ішкі драмасы да толық ашылған жоқ.

— Алаш автономиясының аумақтық тұтастығын қорғаудағы Әлихан Бөкейханның құқықтық және экономикалық дәлелдері қаншалықты берік болды?

— Әлихан ең алдымен жер мәселесін тарихи құқық және этнографиялық принцип тұрғысынан негіздеді. Ол қазақ даласын зертетуге шыққан әр түрлі экспедицияларға қатыса жүріп, бай тәжірибе жинақтады да, қазақ халқы ғасырлар бойы қоныстанған аумақтардың тарихи заңдылығын алға тартты. Патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты қазақ жерін әкімшілік жолмен бөлшектегенімен, этникалық-тарихи тұтастық сақталғанын дәлелдеуге тырысты.
Сонымен қатар ол Мемлекеттік Дума мінберінде де, түрлі комиссиялар алдында да қазақ жерін «артық жатқан бос кеңістік» ретінде қарастырудың заңсыз екенін айтты. Жердің иесі — сол жерде тарихи тұрғыдан өмір сүріп отырған халық екенін ғылыми негіздеді.

Әлихан Бөкейхан кәсіби экономист әрі статист болғандықтан, үнемі айтып жүргеніміздей, ол қазақ даласының шаруашылық құрылымын зерттеуде алдына жан салмады. Көшпелі мал шаруашылығының қажеттілігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, қазаққа «отырықшы, егінші өлшемімен» жер бөлу — экономикалық апатқа әкелетінін көрсетті.

Оның келтірген уәжі: қазақ шаруашылығы экстенсивті мал бағуға негізделгенін, бір түтінге қажет жер көлемі егін шаруашылығынан әлдеқайда ауқымды екенін, ең маңыздысы, қоныс аудару саясаты қазақтың табиғи-экономикалық тепе-теңдігін бұзатынын көрсету болды.

Фото: e-history.kz

— Алаш көсемінің Ресей саяси элитасымен қарым-қатынасы қандай деңгейде еді?

— Ресей тарихшысы Виктор Козодойдың «Алихан Букейханов: человек-эпоха» атты кітабында Әлихан Бөкейхан тұлғасын тек қазақ тарихының аясында ғана емес, патшалық Ресей империясы және Советтік Ресей кезеңі контексінде талдайды. Өйткені Әлихан — тек қазақ халқының ұлттық қайраткері ғана емес, империялық және постимпериялық кеңістікте із қалдырған ірі саяси қайраткер. 

Ол Санкт-Петербург императорлық университеті қабырғасында білім алып, орыс зиялыларының ортасына еркін енді. Империя аристократтарымен, ғылыми элитасымен танысып, пікірлесті. Кейін Ресей ғалымдарының экспедицияларына қатысып, қазақ даласының географиясын, экономикасын, этнографиясын зерттеуге белсене араласты.
Ресейдің жоғары саяси-мәдени ортасымен байланысы да айрықша еді. Ол князь Шаховский, Скалозуб, Седельников, Григорий Потанин секілді тұлғалармен араласып, пікірлес болды. Мұндай қарым-қатынастар оның ой-өрісін кеңейтіп қана қойған жоқ, қазақ мәселесін империялық деңгейде көтеруіне мүмкіндік берді.

Сонымен қатар Әлихан Бөкейханды тек ресейлік контекспен шектеу жеткіліксіз. Ол — тұтас түркі әлемінің де қайраткері болуға лайық тұлға. Қазақ пен қырғыз енші бөліспеген кезеңде екі жұртқа ортақ көсем дәрежесінде танылды. Татар, башқұрт зиялыларымен тығыз байланыста болып, ұлт бостандығы жолында бірлесе қимылдады. Ал алыстағы Түркияға қазақ үнін жеткізуде Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» еңбегі арқылы рухани серпіліс туғызғаны — Алаш идеясының шекарадан асқанын көрсетеді.

— Әлихан Бөкейханды «Ұлт көсемі» деңгейіне көтерген қандай қасиеттер?

— Әлихан Бөкейхан 1905 жылғы Қарқаралы петициясы тұсында-ақ «Дала қазақтарының саяси және діни көсемі» ретінде танылды десек, артық айтқанымыз емес. Бұл кезеңде Шыңғыс ұрпақтарының саяси ықпалы әлсірегенімен, ел санасында «төре тұқымы» деген түсінік әлі де салмақты еді. Сондықтан да жұрт Әлиханды тек оқыған, білімді зиялы ретінде емес, хандық дәуірдің жауапкершілігін арқалаған тұлғадай қабылдады. Оның «Хан баласында қазақтың қақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген серті өмірлік мұратқа айналды. Ол осы серттің үдесінен шықты, сөзінде тұрды, тағдыр талқысында таймады.

Бір ғана Семейге келген сәтін еске алсақ та жеткілікті. Бұл көрініс сол дәуірдегі қазақ халқының ұлт тұлғасына деген ықыласын айқын көрсетеді. Алаштың ардақты ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров жазбаларында халықтың сағынған арысын асыға күтіп, оның сөзін тыңдауға дүйім жұрт болып жиналғанын тебірене суреттейді. Әлихан Бөкейхан қазақ жерінің әр пұшпағын, табиғи байлығын, шаруашылық мүмкіндігін ғылыми негіздеп, экономикалық тұрғыдан талдап берген санаулы тұлғалардың бірі болды. Ол әр өңірдің ерекшелігін, жердің асты-үстіндегі қазынаны бес саусағындай білді. Сондықтан халық оны жай саясаткер емес, дәуірдің дара басшысы, ұлт тағдырына жауапты кемел тұлға ретінде таныды деп есептеймін.

— «Ұлтқа қызмет ету — мінезден» деген ұстанымын бүгінгі қоғам қалай түсінуі керек?

— Әлихан Бөкейхан заманында ел ішіндегі пікірталастар да, көзқарас қайшылықтары да аз болмаған. Солардың бірі — Досмайыл қажыға қатысты оқиға. Ел ішінде ықпалды адам ретінде танылған бұл қажының кейбір теріс, қисық сөздеріне қарсы жазған ашық хатында Әлихан «Ұлтына, жұртына қызмет қылу — білімнен емес, мінезден» деген әйгілі сөзін айтады. Әрине, Әлихан үшін ұлтқа қызмет ету міндетті түрде мемлекеттік қызметте болу деген сөз емес еді. Оның айтып отрығаны — мінездің, ішкі тәртіптің, ар-ожданның мәселесі. Яғни адам қай салада жүрсе де — ғылымда, білімде, кәсіпте, мәдениетте — адалдықпен, сапамен, жауапкершілікпен еңбек етсе, бұл да ұлтқа қызмет.

Алаш көсемі үшін ұлтшылдық — құр айқай, эмоция емес, білім мен кәсібилікке негізделген іс. Ол өзі ғылыми дәлелдермен қазақ жерінің тұтастығын қорғап сөйледі, автономия мәселесінде құқықтық аргумент ұсынып, бүгінгі тәуелсіздігіміздің берік іргесін қалады. Демек, ұлтқа қызмет ету — ең алдымен өз ісіңді жетік білу.

Мінез ұғымы, ұлт көсемінің ойынша, табандылық пен ұстанымда жатыр. Ол сөйтіп принциптен таймауды, жеке бас пайдасынан ұлттық мүддені жоғары қоюды түсінді және түсіндірді. Қазіргі қоғамда бұл ұстаным әсіресе маңызды. Өйткені ақпарат тасқыны, әлеуметтік желі дауы, популизм көбейген заманда әлихандық мінез айнымас адалдық пен тапжылмас тұрақтылықтың тірегіне айналып отыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Наурыз 2026 10:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see144

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see143

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see141

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see139

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see138

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see136

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see136

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see134

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see133

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see131

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see126

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see122

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see119

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see118

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары