Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Алматы Бас жоспарына түзетулер 2026: бекітудің жаңа мерзімдері мен тыңдаулар

Алматы Бас жоспарына түзетулер 2026: бекітудің жаңа мерзімдері мен тыңдаулар

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

2025 жылдың соңында Алматыда қаланың Бас жоспарына түзетулер енгізу бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті. Сол кезде қаланың кейбір аудандарында үйлерді бұзу жұмыстары жалғасып, олардың орнына көпқабатты үйлер, жолдар салынатыны, саябақтар бой көтеретіні белгілі болған еді. Шенеуніктер мегаполистің басты құжатын шамамен 2026 жылдың мамыр айына қарай бекітуді жоспарлаған болатын, алайда бұл жүзеге аспады. TengriHome Алматының Бас жоспарына түзетулер енгізу жұмыстары қазір қай кезеңде екенін, қоғамдық тыңдаулардың тағы өткізілетін-өткізілмейтінін, сондай-ақ құжатты қарау және қабылдау мерзімдерін анықтады.

Поделиться

Бас жоспарға қандай түзетулер енгізіледі?

Бас жоспарға сәйкес, 2040 жылға қарай Алматыда 3,6 миллион адам тұратын болады. Сондықтан билік "резервтік аумақтар" деп аталатын жерлерді игеруді жоспарлап отыр. Мысалы, қаланың Түрксіб (Маяк шағын ауданы мен "Авиатор" бау-бақша серіктестігі) және Жетісу аудандарында үйлерді бұзу қарастырылған.

"Өнеркәсіптік аймақтар мен ескі тұрғын үй қорының орнына көшелер желісі тығызырақ, гүлзарлары бар, бірінші қабаттары шағын бизнеске арналған жаңа үлгідегі кварталдық құрылыстар пайда болады", - делінген Бас жоспарға енгізілген түзетулерде.

Билік мыналарды жоспарлап отыр:

тозығы жеткен тұрғын үй қоры бар жеке құрылыс аудандарын реконструкциялау, оның ішінде 1,82 миллион шаршы метр тозығы жеткен тұрғын үй қорын бұзу; бос жатқан шеткі және реконструкцияланатын қалалық аумақтарда тұрғын үй кешендерін салу, бұл ретте 16,05 миллион шаршы метр жаңа тұрғын үй қорын пайдалануға беру; тарихи-мәдени құндылығы бар, XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы, сондай-ақ XX ғасырдың 20-50-ші жылдарындағы қала құрылысының үлгісі болған тұрғын үй орамдары мен кешендерін реставрациялау, реконструкциялау және абаттандыру; тұрғын үй аумақтарын сақтау, Алматының орталық өзегіндегі тұрғын үй ортасын оңалту және жабдықтау; 60-80-ші жылдардағы және одан кейінгі кезеңдердегі жаппай салынған шағын аудандарда кезең-кезеңімен реконструкциялау, кешенді абаттандыру, сәулеттік-кеңістіктік аяқтау және қоғамдық аймақтар мен орталықтар жүйесін қалыптастыру.

Алматының тұрғын үй қорының көлемі 2041 жылдың 1 қаңтарына қарай 95,33 миллион шаршы метрге жетуі тиіс.

Бұл жоспарлардың тек аз ғана бөлігі. Құжат өте ауқымды. Қорытындылар алынғанға дейін алдыңғы жобамен осы жерден танысуға болады.

Алматының Бас жоспарын бекіту мерзімдері: қазір не белгілі?

2025 жылдың 24-26 желтоқсаны аралығында өткен қоғамдық тыңдаулардан кейін жоба стратегиялық экологиялық бағалауға (СЭБ) жіберілді.

"2026 жылғы 24 сәуірде СЭБ бойынша оң қорытынды алынды, стратегиялық экологиялық бағалау туралы есеп қанағаттанарлық деп танылды. СЭБ бойынша қорытынды Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының порталында ашық қолжетімді жерде орналасқан", - делінген "Алматыбасжоспар" мекемесінің редакция сауалына берген жауабында.

"Алматыбасжоспар ҒЗИ" ЖШС түсіндіргендей, түзетулерді шамамен 2026 жылдың екінші жартысында бекіту, ал құжаттың өзін 2026 жылдың IV тоқсанында қабылдау жоспарланған.

Қоғамдық тыңдаулар өте ме?

"Алматыбасжоспар" өкілдері СЭБ есебі қанағаттанарлық деп танылғаннан кейін, сәулет және қала құрылысы басқармасы құжат жобасын қоғамдық тыңдауға шығаруы тиіс екенін айтты.

"Қоғамдық тыңдаулар туралы ақпаратты орналастыру үшін Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының ресми интернет-ресурсында арнайы "Қоғамдық тыңдаулар" айдары құрылады". Қоғамдық тыңдауларды өткізу 2026 жылдың маусым айына жоспарланған", - деп жауап берді "Алматыбасжоспар" өкілдері.

Алматы сәулет және қала құрылысы басқармасының сайтында қаланың Бас жоспарын түзетудің СЭБ аясындағы тыңдауларды өткізу туралы хабарландыру жарияланды. Анонсқа сәйкес, тыңдаулар 2026 жылғы 30 маусымда сағат 9:00-де Алматы қаласы, Абай даңғылы, 90 мекенжайындағы мәжіліс залында өтеді.

Алматы Бас жоспарының жобасы: жаңартылған құжат қашан және қайда жарияланады?

"Алматы қаласының Бас жоспарын түзету жобасы қазіргі уақытта кешенді қала құрылысы сараптамасын өткізу мақсатында құжаттаманы толықтығына тексеру үшін жүктеуге дайындау сатысында", - деп нақтылады "Алматыбасжоспар" мекемесі.

Жаңартылған Бас жоспар туралы ақпаратты Алматы сәулет және қала құрылысы басқармасының сайтында жариялауға уәде берілді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Алматы тұрғындар қалалар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:111
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Маусым 2026 15:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары