Алматы хайуанаттар бағындағы қолтырауын 40 жасқа толды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Алматы хайуанаттар бағындағы қолтырауын 40 жасқа толды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Фидель есімді кубалық қолтырауын 1986 жылы дүниеге келген. 2001 жылы ол Рига хайуанаттар бағынан Алматыға жеткізілген. Қазір оның ұзындығы шамамен 4 метрге жетеді.
© Акимат АлматыАлматы хайуанаттар бағындағы қолтырауын

Алматы хайуанаттар бағындағы қолтырауын
Мерейтойына орай мамандар оның сүйікті асы – сиыр етінен арнайы мерекелік "торт" әзірледі.
"Фидельге аптасына бір рет азық беріледі. Себебі қолтырауынның ас қорыту процесі ұзақ уақытқа созылады. Әдетте оны әр сейсенбі күні сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін тамақтандырады. Осы уақытта келушілер оның қоректену сәтін тамашалай алады", – дейді зообақ мамандары.
Фидельдің денсаулығы жақсы. Ветеринар мамандар оны үнемі бақылауда ұстайды.
Айта кетері, кубалық қолтырауындар бірнеше ондаған жыл өмір сүре алады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:75
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Тамыз 2026 19:35 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















