Алматы онкология орталығында дәрілерді дайындайтын роботтандырылған жүйе іске қосылды
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Алматы онкология орталығында роботтандырылған дәріхана кешені мен дәрілік препараттарды жабық герметикалық жағдайда сұйылтатын жүйе енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жаңа технология дәрі-дәрмекті қабылдау мен сақтаудан бастап, оны қажетті мөлшерде дайындап, пациентке беруге дейінгі негізгі процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Әр препаратқа код арқылы жеке цифрлық сәйкестендіру беріледі. Дәрімен жасалған әрбір әрекет жүйеде тіркелетіндіктен, мамандар оның дәріханаға түскен сәтінен пациентке берілгенге дейінгі бүкіл қозғалысын қадағалай алады.
Мұндай бақылау онкологиялық қызметте ерекше маңызды. Жүйе препараттың қажетті дозасын дәл сақтауға, дәріні дайындау кезінде қателесу қаупін азайтуға және бүкіл процесті бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.
Қазір Алматы онкология орталығында 38 мыңнан астам пациент диспансерлік есепте тұр. Жыл сайын мұнда 27 мыңнан астам адам медициналық көмек алады. Соңғы сегіз жылда көрсетілген емдеу қызметтерінің көлемі 2,5 есеге артқан.
Сонымен қатар бес жылдық өмір сүру көрсеткіші 46%-дан 75%-ға дейін өскен.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:59
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қыркүйек 2026 19:33 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















