Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Almaty SuperSki жобасының операторы курорт құрылысы аймағындағы Қызыл кітапқа енген өсімдіктерге қатысты мәлімдеме жасады

Almaty SuperSki жобасының операторы курорт құрылысы аймағындағы Қызыл кітапқа енген өсімдіктерге қатысты мәлімдеме жасады

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Көкжайлау алқабы мен оған іргелес аумақта анықталған Қызыл кітапқа енген өсімдіктер Almaty SuperSki тау курортының құрылысына бөлінген учаскелерден тыс жерде орналасқан. Бұл туралы Kazakh Tourism Development Ltd ЖК зерттеу нәтижелеріне сілтеме жасап мәлімдеді.

Жобаның кураторы саналатын компанияның ақпаратынша, ғалымдар өсімдік жамылғысын көктем, жаз және күз мезгілдерінде зерттеген. Мамандар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктердің алты түрін тапты.

"Біз егжей-тегжейлі далалық зерттеулер жүргіздік. Қызыл кітапқа енген өсімдіктердің алты түрін анықтадық. Олардың барлығы Almaty SuperSki негізгі құрылыс аймағынан тыс жерде орналасқанын атап өту маңызды", – деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ботаника және агроэкология кафедрасының профессоры Нұрсұлу Ахтаева.

Оның айтуынша, олардың арасындағы жалғыз ағаш түрі – Сиверс алмасы. Сондай-ақ Виттрок рауғашы, қызғылт сары қышабас, аралық сәлдегүл, Островский қызғалдағы және Альберт ирисі табылды.

Kazakh Tourism Development ЖК деректері бойынша, болашақ курортқа іргелес аумақта мамандар 13 Сиверс алмасын тапқан: оның оны төменгі жағында, үшеуі беткейдің жоғарғы бөлігінде өсіп тұр. Ағаштар тексеріліп, белгілер қойылды, олардың координаттары картаға түсірілді.


Нұрсұлу Ахтаева. Фотоны Kazakh Tourism Development Ltd ЖШК ұсынған

"Құрылыс бұл ағаштарға ешқандай әсер етпейді. Олар қайта отырғызылмайды да, кесілмейді де", – деді Kazakh Tourism Development Ltd ЖК бас атқарушы директоры Ержан Еркінбаев.

Сондай-ақ "Казгипролесхоз-KZ" ЖШС, ұлттық парк қызметкерлері және ҚазҰУ ғалымдары аумақты бір-бірінен тәуелсіз зерттегенін атап өтті. Нәтижелер Қызыл кітапқа енген ағаштар құрылыс аймағына да, жер жұмыстары жүретін учаскелерге де, аспалы жол желілерінің астына да түспейтінін көрсетті.

Ал ұлттық парк өкілдері құрылыс барысында басқа ағаштардың бір бөлігін алып тастау қажет болатынын нақтылады. Сөз осы аумақта бұрын отырғызылған шыршалар мен қарағайлар туралы болып отыр. Ағаштардың нақты саны тексеру жұмыстары аяқталып, рұқсат құжаттары рәсімделгеннен кейін анықталады.

Еркінбаевтың айтуынша, өтемі ретінде ағаш отырғызу жұмыстарын кем дегенде бірге бес, тіпті бірге он қатынасында жүргізу жоспарланған. Күзде екі мыңға жуық жас ағаш, соның ішінде Сиверс алмасы, кәдімгі өрік және Тянь-Шань шыршасын отырғызу көзделген.


Ержан Еркінбаев. Фотоны Kazakh Tourism Development Ltd ЖШК ұсынған

Компания басшылығының мәлімдеуі бойынша, курорттың коммерциялық бөлігін 20 гектардан аспайтын алқапқа орналастыру жоспарланған. Жобалаушылар ағаш кесу көлемін азайту үшін нысандардың орналасуын түзетуді жалғастырып жатыр.

Жобаның жалпы аумағы 1022 гектар. Құрылыс бастамашысының мәліметінше, бұл жер Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамынан шығарылмаған. Жер ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін сақтап қалады. Мұнда коттедж салуға тыйым салынған, ал жұмыстардың барысын ұлттық парк қызметкерлері қадағалайды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:67
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қыркүйек 2026 12:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары