Алматыда бұрын сотталған екі ағайындыдан 113 келіден астам есірткі тәркіленді
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Алматыда Жамбыл облысынан есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді. Арнайы операция барысында бұған дейін есірткі қылмысы үшін сотталған екі ағайынды ұсталды.
Полицияның мәліметінше, күдіктілердің екеуі де Жамбыл облысының тұрғындары.
"Полиция екі қорап пен үш пакет есірткі затын, сондай-ақ каннабис тобына жататын 26 түп өсімдікті тәркіледі. Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген заттардың арасында 100 келіден астам кептірілген марихуана мен 13 келіден астам гашиш бар", – деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Қарағанды облысында 900 келіден астам есірткі тәркіленді
08 Қараша 2025 03:56
Алматыда есірткі саудасының жолы кесілді: күдіктіден 1,5 келіден астам зат тәркіленді
07 Қыркүйек 2026 10:24
ШҚО да бір жылда 600 келіден астам есірткі тәркіленді
01 Ақпан 2026 12:44
Қостанай облысында ер адамнан 200 келіден астам есірткі тәркіленді
10 Наурыз 2026 18:10
Астанада есірткіге қарсы күрес нәтижесінде 400 келіден астам есірткі тәркіленді
07 Қараша 2025 14:57
Көрілімдер:74
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2026 09:20 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















