Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Алматыда Есімхан Қанағатов атындағы қалалық физика олимпиадасы өтті

Алматыда Есімхан Қанағатов атындағы қалалық физика олимпиадасы өтті

7kun.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Алматыдағы Ж.Жабаев атындағы №161 лицейде «Есімхан Қанағатов атындағы қалалық физика олимпиадасы» зияткерлік сайысының ашылу салтанаты мен олимпиаданың 1-кезеңі өтті.

Олимпиада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, физика-техникалық факультетінің мамандарының қолдауымен,  «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау»  орталығының  сүйемелдеуімен және Алматы қалалық  Білім басқармасының мақұлдауымен ұйымдастырылған.

Олимпиада Медеу аудандық педагогтер ардагерлер кеңесінің төрағасы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Әкімжан Сайлыбаев құттықтау сөзімен ашылды. Сондай-ақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті  физика-техникалық факультетінің теориялық және ядролық физика кафедрасының меңгерушісі,  профессор, физика–математика ғылымдарының докторы Медеу Абишев сөз алып, ғылым жолы білім жолы екендігін, ел болашағы терең білімде екенін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жамбыл Жабаев атындағы №161 лицейдің директоры Тұнық Сарыбаева «Білімді ұстаз, білікті көшбасшы» тақырыбында баяндама жасап, лицейдің негізін қалаған Есімхан Қанағатовтың еңбек жолы мен лицей тарихы туралы айтып берді.

Сонымен қатар Есімхан Қанағатовтың қызы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің деканы, физика-математика ғылымдарының кандидаты Мадина Мансурова ұйымдастырушыларға алғыс айтып, оқушыларға білім жолында сәттілік пен ізденіс тіледі. Есімхан  Қанағатовпен көп жылдар бірге қызмет еткен Тілеухан  Алғазиев  ұстаздың адамгершілік қасиеттері туралы естеліктерімен бөлісті.

Олимпидаға қала мектептерінің жаратылыстану, физика-математика  бағытындағы 9-11 сыныптарының 100-ге жуық оқушылары өтінім берген.  Бірінші турға олардың арасынан 70 оқушы қатысты. 1-тур теориялық бағытта болды.  Бұл тур бойынша 50 пайыздан жоғары ұпай жинаған оқушылар 2-турға жіберіледі.

Екінші эксперименталді  кезең 25 қазан күні  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, физика-техникалық факультетінің  зертханаларында өтеді. Олимпиаданың 2-кезеңі барысында профессор М.Абишев және  профессор О. Имамбек физика пәнінің мұғалімдерімен ғылыми-тәжірибелік семинар өткізеді.  Олимпиада соңында  қатысушылармен «Ашық есік» кәсіби бағдарлау жұмысы ұйымдастырылады.

 Олимпиаданың жабылу салтанаты мен марапаттау әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, физика-техникалық  факультетінде өткізіліп, жеңімпаздарына дипломдар және қаржылай сыйақылар табысталады.

Есімхан Баймұхамедұлы  Абай атындағы Қазақ педагогика институтының физика факультетінің 1969 жылғы түлегі. Өмірін білім саласына арналған ұстаз 1990 жылы №123 мектептің директоры, 1993-2010 жылдары Ж.Жабаев атындағы №161 лицей директоры қызметін атқарды. 1991-1993 жылдары Мәскеу қаласында «Вальдоров педагогикасы» бойынша 2 жылдық курсты бітіріп, қала мектептеріне шетелдік білім жүйесінің тәжірибесі бойынша дәріс оқыды. «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медалдарымен марапаттылған.  Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі,  «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://7kun.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Сәуір 2026 00:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see128

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see120

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары