Алматыда заңсыз 10 қоқыс орны жойылды
24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Алматыда тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын заңсыз төккен 10 орын анықталды. Олар спутник көмегімен ғарыштан бақылау жүргізу барысында табылған.
Қаладағы заңсыз қоқыс орындары Медеу, Түрксіб және Алатау аудандарында орналасқан. Барлығы жергілікті атқарушы органдардың күшімен жойылды. Алматы аумағында коммуналдық қатты қалдықтарды қабылдайтын полигондар жоқ болғанымен, қалада қоқыс шығару ешқашан кідірген емес. Қазір 20 ұйым осымен айналысады. Олар қоқысты Алматы облысындағы полигондар мен сұрыптау кешендеріне жеткізеді. Экология департаменті, талапты бұзғаны үшін 50-ден аса нысанға хаттама толтырып, 8,5 миллион теңге айыппұл салған.
Дінмұхаммед Лесбеков, Экология департаментінің басшысы:
- Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды Экология департаменті ғана емес, тағы да басқа мүдделі органдар бар. Ол Экология және қоршаған орта басқармасы бар. Табиғатты қорғау арнайы прокуратурасы бар. Барлығымыз жұмылып, мемлекеттік экологиялық саясаттың басымдықтрын іске асыруға жұмыс жасаймыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:34
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қаңтар 2026 22:41 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















