Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Алматыға емделуге келген шетелдік пациенттер қандай мамандарға жүгінеді

Алматыға емделуге келген шетелдік пациенттер қандай мамандарға жүгінеді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Жыл сайын мегаполис клиникаларында 15 мыңнан астам шетел азаматы ем қабылдайды. Ең көп сұранысқа ие бағыттар қатарында кардиохирургия, ортопедия, онкология, репродуктивті және эстетикалық медицина бар, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов мегаполистегі медициналық туризмнің даму келешегі мен бәсекелестікке бейімделу қадамдары туралы ақпарат берді.
Қаланың бас дәрігері Алматыда медициналық туризмді дамытуға зор мүмкіндік бар екендігін баяндай отырып, көп деңгейлі медициналық ұйымдарда заманауи технологиялар қолданылатындығын, жоғары сапа стандарттары сақталатындығына атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстанда емделу арзан ғана емес, ТМД елдерінің азаматтары үшін тілдік кедергі жоқ.
«Алматы қазірдің өзінде көршілес елдерден келетін науқастар үшін тартымды бағытқа айналып отыр. Әсіресе Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстаннан келетін пациенттердің саны тұрақты өсіп келеді», деді Марат Пашимов.
Медициналық туризмді дамыту мақсатында қалада ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, сақтандыру, ассистэнс сияқты компанияларымен әріптестік нығайып келеді, онлайн-консультациялар ұйымдастырылып, шетелдік науқастарды қабылдау жүйесі жолға қойылған.
Қазіргі таңда мегаполистегі 25 медициналық ұйым онкология, хирургия, акушерлік және психоневрология сияқты түрлі бағыттар бойынша жоғары технологиялық көмек көрсетеді.
Мысалы, 2025 жылдың тек алғашқы жартыжылдығында Алматы стационарларында 178 шетелдік пациент емделді. Олардың ішінде 81 адам – Ресейден, 25 адам – Өзбекстаннан, 24 адам – Қырғызстаннан келген.
Шетелдік пациенттер көбінесе акушерлік пен босандыру ісі, онкология, хирургия, терапия, урология мен психиатрия салаларының мамандарына жүгінеді.
Сондай-ақ, Қазақстан заңнамасына сәйкес, қандастар, босқындар, шетелдіктер мен басқа елде тұрақты тұрып жатқан азаматтығы жоқ тұлғалар да отандастарымызбен тең дәрежеде медициналық көмек алуға құқылы. Бұл көмек кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (КТМКК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында көрсетіледі.
«Медициналық туризмді дамыту – тек қосымша табыс көзі ғана емес, сонымен бірге медициналық көмектің сапасын арттырып, Алматының денсаулық пен инновациялар саласындағы халықаралық беделін нығайтуға мүмкіндік береді», дейді Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:199
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 14:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары