Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

Мектептерде күзгі демалыс басталды

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

Ақмола облысында көлік өртенді

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

Пациенттер “жасырын“ емделуге көшті. Неге Қазақстанға есірткіге тәуелділікті емдеу тәсілін өзгерту қажет?

Пациенттер “жасырын“ емделуге көшті. Неге Қазақстанға есірткіге тәуелділікті емдеу тәсілін өзгерту қажет?

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Есірткі адамзатпен мыңдаған жылдар бойы қатар келеді, бірақ тәуелділік сипаты мен оның таралу жолдары қарқынды өзгеріп жатыр. Неге бұрынғы күрес әдістері тиімсіз болып қалды және әлемде қандай тәсілдер нәтиже көрсетіп отыр - бұл туралы TengriHealth авторлық бағанында дәрігер әрі денсаулық сақтау менеджері Эрик Байжүнісов тарқатып айтады. Ол басқаратын орталықтың сарапшылары Қазақстандағы жағдайды талдап, проблемалардың қай жерде екенін және оларды қалай шешуге болатынын зерделеді.

Есірткі адамзатпен мыңдаған жылдар бойы қатар келеді, бірақ тәуелділік сипаты мен оның таралу жолдары қарқынды өзгеріп жатыр. Неге бұрынғы күрес әдістері тиімсіз болып қалды және әлемде қандай тәсілдер нәтиже көрсетіп отыр - бұл туралы TengriHealth авторлық бағанында дәрігер әрі денсаулық сақтау менеджері Эрик Байжүнісов тарқатып айтады. Ол басқаратын орталықтың сарапшылары Қазақстандағы жағдайды талдап, проблемалардың қай жерде екенін және оларды қалай шешуге болатынын зерделеді.

Мыңжылдық мәселе: адамзат неге әлі күнге дейін есірткіні жеңе алмай келеді?

Есірткі туралы алғашқы деректер шумерлер дәуіріне қатысты аталады, бұл - біздің заманымызға дейінгі бесінші мыңжылдық. Қызығы, олар есірткіні "я", яғни "қуаныш" деп атаған. Апиын, гашиш, темекі қоспалары және басқа да есеңгірететін заттар барлық дерлік өркениеттің тұрмысына енген. Тіпті сақтардың өзі қарасора тұқымын пайдаланған.

Адам табиғатынан ләззат алуға бейім, қоғамның бір бөлігі неге санасын түрлі жолмен өшіруді жөн көретіні әлі күнге дейін жұмбақ болып қалды.

Есірткімен күрес тек XIX-XX ғасырлардың тоғысында, көптеген зерттеу бұл әдеттің зиян екенін дәлелдеген кезде ғана басталғанын түсіну керек. Бұл күрес бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді.

Көптеген жыл бойы біз бұл мәселеге көз жұмып, мүлдем жоқ екенін мәлімдеп келдік. КСРО кезінде де солай болды. Біз сандарды жасырдық, заңдарды қатаңдаттық, нашақорларды жеткізушілермен бірге түрмеге жаптық. Бұл ретте жастарды өз қатарына жасырын түрде тартып жатқан басқа қылмыстық әлем өмір сүрді.

Өткен ғасырдың 80-жылдарының ортасында нашақорлықты дәріптеу (романтизация) белең алды, өмірдің орнына инені таңдаған "бақытсыз, қоғам түсінбеген" адамдар туралы фильмдер түсіріле бастады. Бұл есірткінің, әсіресе ауыр опиоидтардың таралу ауқымын кеңейтуде өз рөлін атқарды.

Сол жылдары менің кейбір курстастарым мен таныстарым есірткіге "отырып" қалды және олардың бәрі 30-ға жетпей қайтыс болды. Олар өте жақсы әрі талантты жігіттер еді. Бұл тәуелділіктің қасіреті де осында - ол дәл жастардың түбіне жетеді.

Әлемдегі есірткі тұтынушының "портреті"...

Бүгінде әлемде және біздегі жағдай қандай?

Апиын, героин, марихуана сияқты "классикалық" есірткілер дәуірі келмеске кетіп барады. Оларға тәуелділік айлап қалыптасатын және ауыр "абстиненттік синдроммен", яғни "ломкамен" сипатталатын, салдарынан олар біздің наркоорталықтарға түсіп, есепке алынатын. Олармен жұмыс істеу оңайырақ болды және біз бұған үйреніп қалдық.

Есірткі - бұл аса табысты бизнес, ол мемлекеттің онымен күресу мүмкіндіктерінен озып, белсенді дамып барады. Наркобизнеске тұрақты клиенттер қажет, сондықтан оларды тәуелді ету тәсілдері үнемі жетілдіріліп отырады - жаңадан синтетикалық есірткілер пайда болып жатыр.

Бүгінгі мефедрон, альфа-PVP және басқалары бұрынғыдай ауыр "ломка" тудырмайды, алайда бір жылдың ішінде психиканың толықтай бұзылуына (паранойя, психоздар) әкеп соғады. Бұл ретте тәуелділік дофамин рецепторларының "сарқылуы" есебінен бірден қалыптасады.

Әлемдік медицинаның проблемасы - ДДСҰ мәліметтеріне сәйкес, нақты нашақорлық белгілері бар клиникалық топ пациенттердің небәрі 10 пайызын ғана болады. Мемлекеттің емдеуге бөлген барлық қаражатының 95 пайызын дәл осылар тұтынады.

Есірткіні "кейде, көңіл-күй үшін" пайдаланатын тұлғалар 25 пайызға дейін жетеді. Бұл құбылыс "химиялық балдақ" деп аталады, мұнда адам күйзеліс кезінде есірткі қабылдау арқылы тығырықтан шығудың жолын іздейді. Бұл болашақта наркобизнестің тұрақты "клиенттік" базасын құрайтын топ.

Дегенмен, күйзеліспен басқа жолдармен күресетін "шартты түрде сау" халықтың үлкен тобы бар. Мысалы, алкогольдің және кейде есірткінің көмегімен. Бұл топ шамамен 70 пайыз болады және есірткі саудагерлері оларды өз торына түсіруге белсенді әрекет етіп жатыр.

Мәселе мынада: екінші және үшінші топтағы адамдарды қиын сәтте мамандардың көмегіне жүгінуге мәжбүрлеу өте қиын. Оларға сол баяғы "химиялық балдақты" табу оңайырақ.

... және Қазақстанда

Біздің елде де жағдай осындай. Нашақорлықтың "классикалық" схемасымен азды-көпті күресіп келген жүйе жаңа жағдайларда іркіліс бере бастады.

БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (UNODC) 2024 жылы жүргізген зерттеулерге сәйкес, еліміздегі психоактивті заттарды тұтынушылардың болжамды саны шамамен 112 мың адам болады, ал біздің наркоорталықтарда небәрі 17 мың 669 пациент қана есепте тұр.

Дәйексөз авторын қосу

Сурет қосу

Эрик Байжүнісов

Дәрігер, денсаулық сақтау менеджері

Ал түрлі стимуляторларды тұтынудың эпидемиялық өсімі 2015 жылмен салыстырғанда қазіргі уақытта шамамен 2500 пайыз болып отыр.

Есірткі тұтынушыларды анықтаудың, кейіннен есепке алудың және құқық қорғау органдары тарапынан бақылаудың репрессивті әдісі пациенттердің жеке орталықтардан көмек іздеп, "көлеңкеге кетуіне" әкеп соқты. Ондай орталықтардың саны күрт артып, біздің бағалауымызша, бүгінде ел бойынша 154-ке жетті.

Олардың кейбірі тиісті құжаттарсыз, тіпті қажетті құзыреттіліксіз жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі олардың қызметіне тексеру жүргізіп жатқанын атап өткен жөн. Осыдан кейін бұл салада қалай тәртіп орнату керек екенін шешу қажет болады. Бәрін өз ағымына жіберуге болмайды.

Жағдайдың ушығуына тағы бір себеп - мұндай адамдардың әлеуметтік портретінің өзгеруі. Дәстүрлі түрде біз жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алумен айналысатынбыз. Қазір олардың үлесі бір пайыздан да аспайды.

Бүгінгі есірткі тұтынушы - орташа жасы 36-дағы, экономикалық тұрғыдан белсенді, орта немесе жоғары білімі бар, тұрақты жұмысы мен баспанасы бар жас адам. Яғни, "эпидемияның" таралу фокусы айтарлықтай өзгерді.

Әлеуметтік желілер мен байланыс арналарының болуы қажетті есірткі заттарын іздеуді айтарлықтай жеңілдетті. Интернетте бәрі бар және бәрі сатылады. Наркоесеп прогрестен қалыс қалмай, кейде тіпті көш ілгері жүреді.

Олардың құрығына, негізінен, сессия тапсыру кезіндегі студенттер, жұмыста қажыған менеджерлер, депрессиядағы аналар, дағдарысқа ұшыраған бизнесмендер және тағы басқалар ілігеді.

Нашақорлықты емдеу тәсілдерін қалай өзгертуге болады?

Не істеу керек? Күрес парадигмасын өзгерту қажет. Ең алдымен, есірткі тұтынушы - ол науқас адам екенін және оны емдеу керек екенін мойындау лазым.

Оларды ауыспалы мағынада жазалауға болады, десе де кейбір елдерде бұл жүзеге асырылады. Бірақ талдау көрсеткендей, бұдан тәуелді адамдардың саны азаймайды. Мысалы, Иранда опиаттарды тұтыну деңгейі 8–12 пайыз болады, бұл - әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Сонымен қатар, мұнда есірткі өндіру, сақтау және тарату үшін өлім жазасы қарастырылған.

Немесе кейде Еуропаның бірқатар елдеріндегідей есірткінің кейбір түрлерін заңдастыру ұсынылады. Біреулер: "Егер халқымыздың бір бөлігі марихуана шегетін болса, неге рұқсат бермеске?" деп есептейді. Алайда бұл - өте даулы шешім. Деректер де бұл елдердің ауыр тәуелділікпен күрестегі жетістіктері өте күмәнді екенін көрсетеді.

Әдеттегідей, ақиқат ортада. Жапония, Чехия, Түркия және басқа да елдер өмірінің белгілі бір кезеңінде қиындыққа тап болған адамдарға көмек көрсетудің медициналық моделін қабылдады.

Психологиялық көмекті дамыту, қоғамдағы стигматизацияны жою, ерте араласу, тәуекел топтарымен тұрақты жұмыс істеу, мысалы, Жапонияға тұтыну көрсеткішін небәрі 0,9 пайыз деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Түркияда құқық қорғау органдарының назарына алғаш рет түскен есірткі тұтынушыларды бірден түрмеге жаппауға тырысады, керісінше оларға емделуді ұсынады. Заң оңалтудан өту және қадағалау органдарының талаптарын орындау шартымен қылмыстық қудалауды бес жылға шегеруге мүмкіндік береді. Егер адам жаңа құқық бұзушылық жасамай, бағдарламаны орындаса, қылмыстық іс жабылуы мүмкін.

Өкілеттіктерді бөлу және тәсілді өзгерту

Яғни, нұсқалар жеткілікті, бірақ ең тиімді модельдердің ортақ тұсы - құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау саласы арасындағы құзыреттерді нақты бөлу.

Және пациенттерді алаяқтық әдістермен емес, тек халықаралық дәлелді базасы бар әдістермен емдеу қажет. Бұл тұрғыда, жоғарыда жазғанымдай, бізде де, өкінішке қарай, мәселелер бар.

Бұл ретте, әрине, тұтынушыларды анықтау процесі қарапайым әрі қолжетімді болуы тиіс. Біздің жағдайымызда азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қаупімен тікелей байланысты бірқатар мамандық (қару асынумен байланысты, жолаушылар көлігінің жүргізушілері және т.б.) үшін қатаң бақылау қажет деп санаймын - оларды есірткі тұтынуға тестілеу міндетті, жүйелі және тұрақты болуы тиіс.

Мұндағы қауіп туындайтын қолайсыздықтардан әлдеқайда жоғары. Мысалы, әуежайлардағы тексеру жүйесі ешкімнің наразылығын тудырмайды, десе де жолаушылардың басым көпшілігі заңға бағынатын адамдар.

Ең бастысы, бұл әлеуметтік дерт екенін және тек медицинаның немесе ІІМ-нің күшімен жеңу мүмкін емес екенін есте сақтау керек. Нашақорлықтың жауы - қоғамның бұл құбылысты қабылдамауы. Ал бұл әрқайсымыздың атсалысуымызды талап етеді.

Сонда ғана біз түрлі себептермен қиын өмірлік жағдайға тап болған және қолдауға мұқтаж жандардың медицинаға деген сенімін қайтара аламыз.

Редакцияның көзқарасы автордың пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін 

Автор туралы: Эрик Байжүнісов - хирург-дәрігер, Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басқарма төрағасы, денсаулық сақтау менеджері.

Аударған: Дина Шәріпхан

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Есірткі

нашақорлық

Қазақстан

емдеу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Маусым 2026 09:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

26 Қазан 2026 14:59see149

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

26 Қазан 2026 14:52see146

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

26 Қазан 2026 20:30see145

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

26 Қазан 2026 18:37see144

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

26 Қазан 2026 21:17see143

Мектептерде күзгі демалыс басталды

26 Қазан 2026 18:37see135

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

27 Қазан 2026 17:52see134

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

26 Қазан 2026 20:18see133

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

27 Қазан 2026 18:34see133

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

26 Қазан 2026 19:04see131

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

27 Қазан 2026 20:23see131

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

27 Қазан 2026 17:19see131

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

27 Қазан 2026 17:35see130

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

27 Қазан 2026 14:44see129

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

27 Қазан 2026 16:40see129

Ақмола облысында көлік өртенді

27 Қазан 2026 15:30see129

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

27 Қазан 2026 14:43see128

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

26 Қазан 2026 20:18see128

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

28 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

27 Қазан 2026 22:59see123
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары