Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

1,9 миллиард теңгенің лотерея билеті өз иесін іздеуде

1,9 миллиард теңгенің лотерея билеті өз иесін іздеуде

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Лотерея ұтып алып, бірақ жүлдесін алуға келмеген жағдайда не болады? Ирландияда 3,6 миллион еуро көлеміндегі джекпот иесін іздеп жатыр, жолы болғыш азамат әлі күнге дейін ақшасын алмаған. Қазақстанда да мұндай ұтыстар иесіз қалуы мүмкін. Tengri Life жеңімпаздың ақшаны алуға қанша уақыты бар екенін, бұл мерзімнен кейін қаржының қайда кететінін және ұтыстың қанша пайызы салыққа ұсталатынын анықтап көрді.

Ирландияда 1,9 миллиард теңге джекпот ұтып алған жеңімпазды іздеп жатыр

The Irish Sun басылымы мәліметінше, Ирландияда 3 641 884 еуро (шамамен 1,9 миллиард теңге) ұтып алған адам әлі табылған жоқ.

Корк графтығының тұрғыны бақытты билетті 1 қыркүйек күні онлайн сатып алған. Ол барлық алты ұтыс нөмірін дұрыс тапқан: 02, 13, 37, 38, 41 және 46. Бонустық нөмірі - 18.

Ұлттық лотерея жеңімпазға жеке аккаунтын тексеруді сұрап хат жолдаған. Шамасы, лотерея иесі әлі күнге дейін ұтыс туралы білмейтін көрінеді.

Егер ол байланысқа шықса, жүлделерді рәсімдеу бөліміне хабарласып, Дублиндегі лотереяның штаб-пәтеріне бару уақытын келісуі керек.

Ақшаны алу үшін тираж ойнатылған күннен бастап 90 күн беріледі. Егер жеңімпаз осы мерзім ішінде өз құқықтарын растамаса, ұтыс талап етілмеген деп есептеледі.

Адамдардың қомақты қаржы ұтып алып, оны алуға асықпаған оқиғалары бұрын да болған. Мысалы, 2019 жылы қазақстандық Dubai Duty Free лотереясынан миллион доллар ұтып алған. Ұйымдастырушылар онымен бірден байланыса алмаған, тіпті жеңімпаз ұтысты ойнату кезінде болмаған да.

Қазақстанда ұтыс жүйесі қалай жұмыс істейді?

Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті елімізде лотереялар "Лотереялар және лотерея қызметі туралы" заңмен реттелетінін түсіндірді.

Егер билет ұтысты болса, ақша тираждан кейін 30 күннен кешіктірілмей төлене бастайды. Бұл ретте жеңімпаздың өз ұтысын алып кетуіне кемінде алты ай уақыты бар.

"Заңның 11-бабы 6-тармағына сәйкес, ұтыстарды төлеу тиісті тираж өткізілгеннен кейін отыз күндік мерзімнен кешіктірілмей басталады және осы тираждың нәтижелері (жүлде қорының ойнатылуы) жарияланған сәттен бастап кемінде алты ай бойы жалғасады", - деп хабарлады комитет.

Төлем жасау тәсілі соманың көлеміне байланысты:

6 АЕК-ке дейін (25 950 теңге) - сату нүктелерінде қолма-қол ақшамен, банк картасына немесе төлем жүйелері арқылы; 6 АЕК-тен жоғары - тікелей лотерея операторынан.

Төлемді рәсімдеу және алу үшін лотерея жеңімпазы келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

жеке басын куәландыратын құжат; ұтыс шыққан лотерея билеті. Қанша салық төлеу керек?

Көпшілік ұтыс ақшасын "таза" күйінде аламын деп ойлайды, бірақ Салық кодексіне сәйкес кез келген ұтыс табыс деп танылып, 10 пайыз мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) салынады.

"Кодекстің 436-бабы 12-тармағында ұтыс түріндегі салық салынатын табысты айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшеріне тең сомаға түзету (азайту) қарастырылған. Бұл дегеніміз, ұтыстың осы сома шегіндегі бөлігіне ЖТС салынбайды - салық тек асып кеткен сомадан ғана ұсталады", - деп түсіндірді комитет өкілдері.

Дегенмен, 6 АЕК-ке (25 950 теңге) дейінгі шағын сомалардан салық алынбайды.

Ешкім келмесе ақша қайда кетеді?

Кейде адамдар билеттерін тексеруді ұмытып кетеді немесе жоғалтып алады. Бірақ мұндай жағдайда да ақша бірден жойылып кетпейді: заң бойынша оператор талап етілмеген жүлделерді тура 3 жыл бойы сақтайды.

"Заңның 11-бабы 7-тармағына сәйкес, лотерея өткізу шарттарында белгіленген мерзімде талап етілмеген ұтыстарды лотерея операторы тиісті тираждың (жүлде қорының ойнатылуы) нәтижелері жарияланған сәттен бастап үш жыл бойы сақтайды, содан кейін олар мемлекет бюджетінің кірісіне салықтық емес төлем ретінде аударылады", - дейді комитеттегілер.

Егер үш жыл ішінде жеңімпаз табылмаса, бүкіл сома тікелей мемлекет бюджетіне жіберіледі. "Сәтті Жұлдыз" АҚ операторы мәліметінше, 2018-2023 жылдар аралығында қазақстандықтар мемлекетке 242 миллион теңге "қалдырған":

2018 жыл - 73,6 миллион теңге; 2019 жыл - 58,1 миллион теңге; 2020 жыл - 3,3 миллион теңге; 2022 жыл - 57,4 миллион теңге; 2023 жыл - 49,4 миллион теңге.

Комитеттегілер 2024 және 2025 жылдары мемлекетке өткізілген ақшаның нақты сомасы әлі белгісіз екенін, себебі олардың үш жылдық сақтау мерзімі әлі аяқталмағанын түсіндірді.

Қандай сомалар жиі ұмытылады?

Сондай-ақ комитет қазақстандықтардың көбіне қандай мөлшердегі ұтыс билеттерін қалдырып кететінін айтты:

52 пайызы - 5 000 теңгеге дейінгі ұсақ ұтыстар (адамдар оны алуға көбіне ерінеді); 11 пайызы - 5 000-нан 1 миллион теңгеге дейінгі сомалар; 37 пайызы - 1 миллион теңгеден асатын ірі сомалар.

Тағы оқыңыз: Чехия тұрғыны лотереядан 120 миллион еуро ұтып алды

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:60
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қыркүйек 2026 16:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see142

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see137

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see135

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see134

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see134

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see128

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see127

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see125

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see124

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see123

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see123

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see123

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see123

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see118

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see118

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see116

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

25 Қазан 2026 14:39see115

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

25 Қазан 2026 14:10see114

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see114

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары