Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қазақстанда интернет казинолардағы 10 миллиард теңгенің төлемдері бұғатталды

Қазақстанда интернет казинолардағы 10 миллиард теңгенің төлемдері бұғатталды

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер құмар ойындарға қатысты сомасы 10 миллиард теңгеден асатын 402 мың төлем операциясын бұғаттады. Мұндай мәліметті премьер-министр Олжас Бектенов ойынға тәуелділікпен және заңсыз ойын бизнесімен күресу шаралары туралы депутаттық сауалға берген жауабында келтірді, деп хабарлайды TengriHealth тілшісі.

Бұғаттау, қылмыстық істер және ұстау

Олжас Бектеновтің айтуынша, жарты жыл ішінде - 2025 жылдың қазанынан 2026 жылдың наурызына дейін екінші деңгейлі банктер сомасы 10 миллиард теңгеден асатын 402 мың төлем операциясын бұғаттаған.

Сондай-ақ мемлекет шетелдік интернет-казино ұйымдастырушыларының тізімін жасады. Оған 110 танымал төлем провайдері енді, қазіргі уақытта олардың пайдасына жасалатын ақша аударымдары бұғатталып жатыр.

Премьер-министрдің сөзінше, 2026 жылдың басынан бері құқық қорғау органдары онлайн-казино ұйымдастырудың 40 фактісі бойынша 15 қылмыстық іс қозғады. Заңсыз казинолар жұмысына көмектескен қаржы ұйымдарының 11 басшысы мен қызметкері ұсталды.

Дропперлер пайдаланған 1 144 банк картасы бұғатталды. Қазіргі уақытта дропперлік фактілері бойынша Қылмыстық кодекстің 232-1-бабымен 10 сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Анықтама: Дропперлер (немесе дроптар) - ақшаны аудару және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін өздерінің банк карталарын, шоттарын немесе деректемелерін көбіне аздаған сыйақыға беретін адамдар. Бұл қаражат, әдетте, заңсыз әрекеттермен байланысты болады.

135 мыңнан астам адам бәс тігуден шеттетілді

Бектеновтің ақпараты бойынша, 2026 жылдың наурызында Қазақстанда Бәс тігу мен құмар ойындарды есепке алудың бірыңғай жүйесі іске қосылды. Ол адамның құмар ойындарға қатысуға құқығы бар-жоғын автоматты түрде тексереді және заңмен тыйым салынғандардың бәс тігуін бұғаттайды.

Сондай-ақ интернет-казиноларға мониторинг жүргізеді, жүйеге қосылмағаны үшін жауапкершілікті және букмекерлік кеңселердің жүйемен міндетті интеграциялануын қарастырады.

Қазіргі уақытта оған жұмыс істеп тұрған барлық бәс тігу операторы қосылған, дейді премьер-министр:

"2026 жылдың 27 наурызы мен 7 маусымы аралығында жүйе 433 мыңға жуық пайдаланушыны анықтады. Оның ішінде 135 мың адам бәс тіге алмады. Олардың көпшілігі - 116 мыңнан астам адам борышкерлер тізілімінде болған. Тағы 15 мыңнан астамы бұған дейін құмар ойындарға қолжетімділікті өз бетінше шектеген, ал 4 мыңнан астамы басқа да шектеулерге іліккен".

Қазақстандағы құмар ойынға тәуелділік ауқымы

Әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша, 500 мыңға жуық қазақстандық құмар ойынға үнемі қатысады, олардың 15 мыңы құмар ойынға тәуелділіктен зардап шегуі мүмкін.

Осыған байланысты 2025 жылдың наурызынан бастап құмар ойындарға патологиялық құштарлығы бар адамдарға мемлекеттік психикалық денсаулық орталықтарында консультациялық көмек көрсетіле бастады. Жүгіну құпия сақталады.

"Консультация алуға жүгінген азаматтар диспансерлік есепке алынбайды. Бұл олардың жұмысқа орналасу, оқуға түсу немесе жүргізуші куәлігін алу мүмкіндігінен айырылмайтынын білдіреді", - деп толықтырды Бектенов.

Мемлекет есебінен емдеуден және медициналық-әлеуметтік оңалтудан өткендер:

2024 жылы - 69 адам; 2025 жылы - 98 адам; 2026 жылдың бірінші тоқсанында - 13 адам. Қандай шектеу енгізілді?

Бектеновтің айтуынша, Үкімет ойын бизнесінің жұмысын ашық ету және құмар ойындардың халыққа әсерін төмендету үшін заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізді.

Негізгі шаралар қатарында:

букмекерлік кеңселер жарнамасына тыйым салу; 21 жасқа толмаған адамдардың құмар ойынға қатысуын шектеу; борышкерлер тізіліміне енгізілген адамдардың қатысуына тыйым салу; мемлекеттік қызметшілерге, әскери қызметшілерге және қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін сотталған адамдарға тыйым салу; Бәс тігу мен құмар ойындарды есепке алудың бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі үшін құқықтық негіз жасау.

"Мемлекет заңсыз интернет-казинолармен және букмекерлік сайттармен күресті жалғастырып жатыр. Егер 2024 жылы 20 мыңнан астам интернет-ресурс бұғатталса, 2025 жылы 75 мың. 2026 жылдың алғашқы бес айында тағы 62 мың сайтқа қолжетімділік шектелді, оның ішінде 34 мыңын Бірыңғай есепке алу жүйесі анықтады", - делінген хабарламада.

Сөз соңында Олжас Бектенов Үкімет депутаттармен бірлесіп ойынға тәуелділікпен және заңсыз ойын бизнесімен күресу шараларын жетілдіруді жалғастыратынын атап өтті.

Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаев бұған дейін құмар ойынға тәуелділіктен емделген адамдарды қолдау тетіктерін әзірлеуді ұсынған болатын. Соның ішінде банк қарыздары бойынша төлемді уақытша шегеру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Тағы оқыңыз: “Қиындықтарға тап болдым“: Қазақстаннан шыққан киберспорт жұлдызы лудоманияға шалдыққанын мойындады

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

ойын бизнесі

құмар ойын

лудомания

Үкімет

Олжас Бектенов

премьер-министр

тексеріс

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:86
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Шілде 2026 15:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары