Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Астана көші қон қызметінің бұрынғы басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК түсініктемесі

Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен Мемориалы өтеді

Құрылтайда фракцияның негізгі бағыттары талқыланды

Қазақстанда жұмыссыздарға төлем мерзімі қысқартылады: 1 қазаннан бастап не өзгереді

Halyk пен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі не туралы келісті?

Тбилиси Астана рейсінде британиялық жолаушы темекі шегіп, айыппұл арқалады

Қазақстандықтар Мысырда демалғысы келді, бірақ қиындықтарға тап болды

Қазақстандықтар Мысырда демалғысы келді, бірақ қиындықтарға тап болды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Адамдар демалысын жоспарлап, қонақүй брондап, билет сатып алған. Алайда бір бөлігі сапарға шыға алмай қалса, енді бірі қиындықтарға шетелде жүргенде тап болған. Қазір Қазақстанның түрлі қаласынан 30-ға жуық отбасы турға төлеген ақшасын қайтаруға және өздері сеніп артқан турагентке не болғанын анықтауға тырысып жатыр, деп хабарлайды Tengri Travel.

15 адамнан тұратын отбасының Мысырға сапары келеңсіздікпен аяқталды

Редакциямыздың WhatsApp нөміріне SuperTour (NS Travel ЖШС) агенттігінен туристік жолдама сатып алған қазақстандықтар хабарласты. Отбасылар бірінің айтуынша, мәселе сапар басталмай жатып туындаған.

Отбасы Мысырға 29 маусымда ұшуы керек еді. Сапарға аз уақыт қалғанда ұшақ билеттері жоқ екені анықталды. Клиенттерге басқа нұсқа - келесі күні Шымкенттен ұшу ұсынылған.

"2026 жылдың мамырында біз Supertour туристік агенттігінің өкілі Д.У.-дан 29 маусымда Мысырға ұшатын тур сатып алдық. Тура сапар алдында әуе билеттері жоқ екені белгілі болды. Бізге 30 маусымда Шымкент арқылы балама ұшу нұсқасы ұсынылды, біз келістік", - дейді тур сатып алушылардың бірі.

Алайда Мысырға ұшып барғаннан кейін туристер төленген қызметтердің бір бөлігі жоқ екенін байқаған.

"Мысырға барған соң, төленген қызметтер жоқ екені белгілі болды: трансфер, қонақүй және сақтандыру жасалмаған. Біз сапар барысында тұру ақысын өз бетімізше төлеп, орналасу және қайту билеттеріне қатысты мәселелерді өзіміз шешуге мәжбүр болдық", - деп бөлісті қазақстандықтар.

Оралғаннан кейін туристер бұл жағдайды турагентпен шешпек болған. Олардың айтуынша, Д. У. шығындарды өтеуге уәде берген көрінеді. Кейін тараптар ақшаны қайтару туралы келісімге қол қойған.

"7 шілдеде қайтып келгеннен кейін Д. шығындарымызды өтеуге уәде берді, бірақ ақша қайтарылмады. Кейін бізге оның заңгері хабарласып, қаражатты үш траншпен қайтару туралы ресми келісімге қол қойылды", - деп атап өтті олар.

3,5 миллион теңгенің туры өтпей қалды

Тағы бір зардап шегуші - алматылық Сатурин. Ол өз отбасының бірнеше мүшесіне Шарм-эль-Шейхке тур сатып алғанын айтты. Сапарға бес адам аттануы керек еді, жолдамалар құны шамамен 3,5 миллион теңге болды.

"Мен зардап шеккендердің бірімін. Бес адам - мен, әйелім, үлкен қызым мен күйеу балам баруымыз керек еді. Біз бірігіп, екі отбасына екі тур сатып алдық", - дейді ол.

Сатуриннің айтуынша, ұшу 9 тамызға жоспарланған, бірақ тур тоқтатылған.

"Ол соңғы сәтке дейін турмен айналысып жатқанын айтып, күтуімізді өтінді. Соңында сапар болған жоқ, ал ақшамыз әлі қайтарылмады", - деді ол.

Клиенттердің арасында бірден 15 адамға тур сатып алған үлкен отбасы да болған.

"Бізге дейін тағы бір отбасы - шамамен 15 адам болды. Олар да үлкен тур сатып алған", - деді Сатурин.

Зардап шеккендер турды да, өтемақыны да ала алмады. Алматылық тұрғынның айтуынша, бүкіл отбасы жоспарлаған сапар болмай қалды.

Қанша адам зардап шекті?

Ұқсас оқиғалар көбейген соң, тур сатып алушылар ортақ чат ашқан. Оған Қазақстанның әртүрлі қаласынан адамдар қосылды.

Сатуриннің айтуынша, қазір чатта 30-ға жуық отбасы бар. Олар турға ақша төлегендерін, бірақ сапар алдында немесе ақшаны қайтару кезінде қиындықтарға тап болғандарын айтады.

Мәселені өз бетінше шешу мүмкін еместігін түсінген қазақстандықтар құқық қорғау органдарына жүгіне бастады. Олар прокуратураға, сондай-ақ Алматы мен Есік полиция департаменттеріне арыз түсірді.

Есікте жүгіну себебі - қаражат Есікте тіркелген NS Travel ЖШС шотына аударылған.

Туризм индустриясы комитеті не дейді?

Біз Туризм индустриясы комитетіне сауал жолдадық. Онда NS Travel ЖШС қызметін 2025 жылдың шілдесінде бастағанын және турагенттер тізілімінде бар екенін хабарлады.

"Рұқсаттар мен хабарламалар мемлекеттік электрондық тізілімінің деректеріне сәйкес, NS Travel ЖШС 15.07.2025 жылы қызметтің басталғаны туралы хабарлама негізінде турагент ретінде тіркелген", - деп атап өтті комитет өкілдері.

Ведомство аталған турагенттің адал еместігі туралы шағымдар түскенін растады.

"Кейінгі уақытта комитетке аталған компанияға қатысты бірнеше шағым түсті. Алаяқтық белгілеріне қатысты хаттар түскен жағдайда, тиісті шаралар қабылдау үшін заңнамада белгіленген тәртіппен Ішкі істер министрлігіне жолданады", - деп хабарлады комитет.

"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" заңға сәйкес, туристік қызмет туралы заңнаманың сақталуын бақылау жергілікті атқарушы органдардың - бұл жағдайда Алматы туризм басқармасының құзыретіне кіреді.

"Комитеттің туристік қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізуге, соның ішінде кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізуге өкілеттігі жоқ. Осыған байланысты, комитет бұған дейін "NS Travel" ЖШС-нің қызметін қарастыру бойынша құзыретіне сәйкес жергілікті атқарушы органға – Алматының туризм басқармасына өтініш жолдады", - деп атап өтті ведомство.

Сонымен қатар азаматтардың шағымдарынан кейін комитет компания мен оның басшыларына қатысты шара қолдану үшін Ішкі істер министрлігіне ақпарат жіберді.

Туристерге ақшасы "Туристік Қамқор" арқылы қайтарыла ма?

Сондай-ақ біз Туризм комитетінен зардап шеккендер "Туристік Қамқор" шығу туризмі саласындағы азаматтардың құқықтарына кепілдік беру жүйесі көмегіне сүйене ала ма, жоқ па, соны білдік.

Ведомство "NS Travel" ЖШС расында шығу туризмі саласында турагент ретінде жұмыс істейтінін, бірақ "Туристік Қамқор" жүйесіне қатысушы емес екенін түсіндірді.

""NS Travel" ЖШС (...) шығу туризмі саласында турагент ретінде қызметін жүзеге асыратын субъектілерге жатады, бірақ заң талаптарына сәйкес шығу туризмі саласындағы Қазақстан азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесінің қатысушысы емес", - деп хабарлады ведомство.

Бұл ретте, комитет жүйе арқылы қорғау мүмкіндігі нақты туристік өнімге және туркодтың болуына байланысты екенін атап өтті.

"Туркодтың болуы әрбір нақты туристік өнімге қатысты анықталады және бұл Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау тетіктерін қолданудың бір шарты", - деп түсіндірді олар.

Сонымен қатар "Туристік Қамқор" жүйесі туристердің кез келген шығынын автоматты түрде өтеуге арналмаған. Комитет мәліметінше, осы іс бойынша туристерге қатысты қорғау шараларын қолдану туралы шешім әзірге қабылданған жоқ.

Полиция не деді?

Біз Алматы полиция департаментіне де сауал жолдадық. Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын, ал күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

"Бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады ("сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды" – ред. еск.). Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ПД өкілдері.

ПД қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шараларды жүргізіп жатқанын атап өтті.

Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Алматы прокуратурасы не деді?

Алматы прокуратурасы қылмыстық іс "Алаяқтық" бабы бойынша қозғалғанын нақтылады.

"Қала прокуратурасы Д.О.Өнербаеваға қатысты қылмыстық істің бар-жоғы туралы мәлімет беру жөніндегі сауалды қарады. Бостандық аудандық ПБ азаматтардың арызы бойынша алаяқтық дерегіне қатысты тергеу жүргізіп жатқаны анықталды", - деп хабарлады прокуратура.

Ведомство тергеу жалғасып жатқанын атап өтті. Істің мән-жайы әзірге жарияланбайды, себебі заң сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге тыйым салады.

Мұндай жағдайлар Қазақстанда бірінші рет болып отырған жоқ. Қазақстандықтар туристік жолдамаларды сатып алу кезінде жиі қиындықтарға тап болады - уәде етілген сапарлар өтпей қалады, ал ақшаны қайтару оңайға соқпайды.

Біз туристік агенттікке оқиғаға қатысты түсініктеме алу үшін хабарластық, бірақ материал жарияланған сәтте жауап ала алмадық.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:34
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қыркүйек 2026 15:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see166

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see164

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see164

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see162

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see157

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see151

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see147

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see145

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see144

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see143

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see137

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see136

Астана көші қон қызметінің бұрынғы басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК түсініктемесі

09 Қыркүйек 2026 12:35see131

Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

09 Қыркүйек 2026 11:44see130

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды

09 Қыркүйек 2026 23:44see126

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен Мемориалы өтеді

09 Қыркүйек 2026 23:06see122

Құрылтайда фракцияның негізгі бағыттары талқыланды

10 Қыркүйек 2026 04:11see119

Қазақстанда жұмыссыздарға төлем мерзімі қысқартылады: 1 қазаннан бастап не өзгереді

09 Қыркүйек 2026 12:41see115

Halyk пен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі не туралы келісті?

10 Қыркүйек 2026 09:33see111

Тбилиси Астана рейсінде британиялық жолаушы темекі шегіп, айыппұл арқалады

08 Қыркүйек 2026 16:49see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары