Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

Көріпкел болып кетті : Ерболат Беделханның SuperStar KZ жобасындағы болжамы дәл келді

Ыстамбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісінде жаңа деректер белгілі болды

“Халықтық құрылыс“: Тоқаев жаңа инфрақұрылымдық жобаның атауын ұсынды

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қақты: ауруханада тағы бір адам көз жұмды

Тоқаев 2027 жылдың соңына дейін жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды ұсынды

Алатауда инвестициялық сот құрылады Тоқаев

Сіздер не, тұтас бір қойды жеп қоясыздар ба? Бішкек мэрі шенеуніктің түскі асына аударылған ақшаға ашуланды

Тоқаев Түркияға келді: Ердоғанның құрметпен қарсы алуы

Атыраудағы жарылыс: тұрғын үйдің терезелері сынып, көліктер бүлінді

Шексіз жақсы көремін : Алтынай Жорабаева туған күнінде әсерлі жазба жариялады

Бұл абсурд : Тоқаев көлік жуу орындарында ауыз суды пайдалану туралы

Құрылтай делегациясы Орталық Азия мемлекеттерінің парламентаралық форумына қатысты

Құрылтай делегациясы Орталық Азия мемлекеттерінің парламентаралық форумына қатысты

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай бастаған делегация Душанбеде өткен Орталық Азия мемлекеттерінің IV Парламентаралық форумына қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Орталық Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік және өркендеу жолындағы бірлік» тақырыбына арналған жиында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан парламенттерінің өкілдері бас қосты.

Спикер жиын қатысушыларына арнаған сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер туралы баяндады. Ол жаңа Конституцияның қабылданғанына назар аударып, «Заң және Тәртіп» қағидатына, бірлік пен келісімге негізделген Әділетті, Прогрессивті және Қуатты Қазақстанды құрудың негізгі бағыттарын таныстырды. Соңғы жеті жылда Мемлекет басшысының реформаларының нәтижесінде ел экономикасы 30 пайызға өсіп, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 15 мың доллардан асты.

Сондай-ақ Президенттің кешегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауының маңыздылығын тілге тиек етті. Аталған құжатта еліміздің түрлі салаларында ауқымды құрылыс жұмыстарын жүргізу міндеті қойылған. Бұл бастамалар елді жаңғыртып, қазақстандықтар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Атап айтқанда, жаңа жолдар, әуежайлар, вокзалдар мен ауруханалар салу, ауыл шаруашылығы, көлік және су пайдалану салаларын цифрландыру, энергетика секторын түбегейлі жаңғырту көзделген.

Құрылтай Төрағасы атап өткендей, Мемлекет басшысының бұл бастамалары Қазақстанның дамуына тың серпін беріп қана қоймай, бүкіл Орталық Азия өңірінде экономикалық өсімге және ынтымақтастықты нығайтуға қосымша мүмкіндіктер ашады.

Кездесуде Айбек Дәдебай бұл форум өңірлік парламенттік ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашатынын айтты. Оның пайымдауынша, халықаралық жиын аймақтық тұрақтылықты нығайтуға, Орталық Азияны орнықты бейбітшілік пен ортақ даму кеңістігіне айналдыруға бағытталған.

– Бүгінде біз өңірлік, су және экологиялық қауіпсіздік, экономикалық интеграцияны тереңдету мәселелерін талқылап отырмыз. Айтылғандардың барлығы Орталық Азия өңірінің тұрақты дамуы үшін аса маңызды. Қазіргі сын-қатерлерге тек парламенттеріміздің күш-жігерін біріктіріп, заң шығару жұмысын үйлестіріп, ортақ ұстанымдар қалыптастыру арқылы жауап беруіміз керек деп есептеймін. Парламенттік дипломатия нақты нәтижеге бағытталуға тиіс, – деді Құрылтай Төрағасы.

Сонымен қатар ол мемлекет басшыларының бастамасымен XXI ғасырда Орталық Азияны дамытуға бағытталған достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартты ратификациялау процесі басталғанын айтты. Бұдан бөлек, Парламентаралық форум, Орталық Азия мен Әзербайжан елдері әйел көшбасшыларының диалогы, өңірлік қауіпсіздік пен ынтымақтастық диалогы сияқты алаңдар сәтті жұмыс істеп жатқанын баяндады.

Талқылау барысында Қазақстан делегациясы өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, тұрақты дамуды қолдауға бағытталған парламенттердің практикалық рөлін арттыру жөнінде бірқатар ұсыныс білдірді.

Атап айтқанда, Орталық Азияның ядролық қарудан азат аймақ мәртебесін сақтаудың маңыздылығы, сондай-ақ Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру бастамасының өзектілігі атап өтілді.

Бұдан бөлек, көші-қонды бақылау мәселесі сөз болып, Қазақстанның осы бағыттағы заңнаманы үнемі жетілдіріп келе жатқаны және өз тәжірибесін өңірдегі басқа елдермен бөлісуге дайын екені айтылды.

Экономикалық және цифрлық интеграция аясында электрондық сауда, кеден жұмысын электронды түрде басқару, инвестиция, көлік және өнеркәсіптік кооперация салаларында заңнамалық тәжірибе алмасу ұсынылды. Бұл бағыттағы құқықтық кедергілерді жою іскерлік ортаны дамытуға жол ашады. Құрылтай Төрағасының пікірінше, мұндай бірлескен қадамдар Қазақстан Президентінің өңірішілік сауда көлемін 20 миллиард долларға жеткізу жөніндегі бастамасын жүзеге асыруға қажетті жағдай қалыптастырады.

Форумның негізгі тақырыптарының бірі су және климат қауіпсіздігі болды. Құрылтай депутаттары әріптестерінің назарын Су пайдалану жөніндегі негіздемелік конвенцияны қабылдау жұмыстарын жеделдету қажеттігіне аударды.

Сондай-ақ Арал мәселесін шешу бағытындағы бірлескен жұмысты күшейту мәселесі көтерілді. Осыған байланысты Қазақстан делегациясы су және климат мәселелері бойынша сарапшылар мен Халықаралық Аралды құтқару қорының өкілдерін ұйыстыра отырып, тұрақты парламентаралық диалог орнатуды ұсынды.

Экологиялық тақырыпты жалғастырған Айбек Дәдебай өңірлік міндеттерді шешуге қоғамның қатысуын қамтамасыз ететін тиімді құрал ретінде волонтерлік қозғалысты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Ол волонтерлік бастамаларды парламент деңгейінде қолдауды және жыл сайын Орталық Азияның экологиялық жауапкершілік апталығын өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Сонымен қатар Құрылтай Төрағасы білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және өңір елдері арасындағы жаңа технологиялар бағытындағы байланыстарды нығайту перспективаларына тоқталды. Атап айтқанда, Қазақстан ұсынған Жасанды интеллект саласындағы Орталық Азия әріптестігі бағдарламасын әзірлеу бастамасын заңнамалық тұрғыдан қолдау мәселесі сөз болды.

Құрылтай Төрағасы Индустрия 4.0 саласындағы өңірлік ынтымақтастықты дамыту үшін өнеркәсіптік деректерді жинау бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды. Бұл ретте Қазақстанда әзірленіп жатқан Kazakhstan Physical AI Data Factory тұжырымдамасын негізге алу ұсынылды.

Орталық Азия елдерінің күш біріктіруі Physical AI технологияларына арналған өңірлік деректер хабын қалыптастыруға және жаңа технологиялық шешімдерді дамытуға мүмкіндік береді.

Пленарлық отырыстың қорытындысы бойынша форумға қатысушылар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі ортақ ұстанымдарды бекіткен Душанбе декларациясын қабылдады.

Сапар аясында Айбек Дәдебай Тәжікстан Республикасы Маджлиси Оли Маджлиси миллиінің Төрағасы Рустами Эмомалимен және Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаевамен екіжақты кездесулер өткізді. Келіссөздерде заң шығару тәжірибесімен алмасу жолдары талқыланды.

Форум барысында Құрылтай депутаттары өңірлік қауіпсіздік, парламенттік дипломатия, экономикалық интеграция және экология мәселелері қаралатын панельдік сессияларға да белсене қатысты. Шара соңында делегация басшылары Тәжікстанның ұлттық батыры Исмоил Сомонидің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:98
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2026 15:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

27 Қазан 2026 17:52see150

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

27 Қазан 2026 17:35see148

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

27 Қазан 2026 17:19see148

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

27 Қазан 2026 18:34see148

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

27 Қазан 2026 20:23see147

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

27 Қазан 2026 16:40see146

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

28 Қазан 2026 01:18see138

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

27 Қазан 2026 22:59see137

Көріпкел болып кетті : Ерболат Беделханның SuperStar KZ жобасындағы болжамы дәл келді

27 Қазан 2026 19:40see135

Ыстамбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісінде жаңа деректер белгілі болды

27 Қазан 2026 19:14see133

“Халықтық құрылыс“: Тоқаев жаңа инфрақұрылымдық жобаның атауын ұсынды

28 Қазан 2026 11:31see131

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

28 Қазан 2026 23:58see129

Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қақты: ауруханада тағы бір адам көз жұмды

28 Қазан 2026 17:56see129

Тоқаев 2027 жылдың соңына дейін жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды ұсынды

28 Қазан 2026 12:48see128

Алатауда инвестициялық сот құрылады Тоқаев

28 Қазан 2026 12:19see126

Сіздер не, тұтас бір қойды жеп қоясыздар ба? Бішкек мэрі шенеуніктің түскі асына аударылған ақшаға ашуланды

28 Қазан 2026 14:53see125

Тоқаев Түркияға келді: Ердоғанның құрметпен қарсы алуы

28 Қазан 2026 21:09see120

Атыраудағы жарылыс: тұрғын үйдің терезелері сынып, көліктер бүлінді

29 Қазан 2026 13:42see116

Шексіз жақсы көремін : Алтынай Жорабаева туған күнінде әсерлі жазба жариялады

28 Қазан 2026 22:43see115

Бұл абсурд : Тоқаев көлік жуу орындарында ауыз суды пайдалану туралы

28 Қазан 2026 12:13see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары