SARBAZ+: Пилоттық жобаға қатысушылардың алғашқы легі әскери қызметін қарашада аяқтайды
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қорғаныс министрлігінің SARBAZ+ пилоттық жобасына қатысқан алғашқы сарбаздар биыл қарашада мерзімді әскери қызметін аяқтайды. Министрлік мәліметінше, олар жоба аясында әскери даярлықпен қатар ағылшын тілін, ақпараттық қауіпсіздікті, жасанды интеллект негіздерін және дрон басқаруды меңгеріп, алғашқы жетістіктеріне қол жеткізген.
SARBAZ+ - мерзімді әскери қызметті әскери даярлықпен, кәсіби біліммен, спортпен және заманауи технологияларды меңгерумен ұштастыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің пилоттық жобасы. Оның негізгі мақсаты - сарбаздардың жеке әлеуетін ашу, әскери қызмет сапасын арттыру және азаматтық өмірде сұранысқа ие болатын білім мен дағдыларды қалыптастыру.
Жоба 2025 жылдың соңында Алматы облысындағы Әуе қорғанысы күштерінің № 78460 әскери бөлімінде іске қосылды. Бастапқы кезеңде жүзге жуық әскерге шақырылушыны қамту жоспарланып, алғашқы қатысушылар әскери міндеттерін заманауи оқыту бағдарламаларымен қатар алып жүрді.
Жобаның алғашқы қатысушыларының мерзімі 2026 жылғы қараша айында аяқталады. Министрлік Sarbaz+ жобасына қатысу тек әскери машықтарды меңгеруге емес, сонымен қатар, болашақта сұранысқа ие болатын заманауи білім мен құзыреттерді игеруге мүмкіндік беретінін мәлімдеді.
SARBAZ+ аясында әскери қызметшілер ағылшын тілін, Cisco Networking Academy платформасындағы компьютерлік желілерді, ақпараттық қауіпсіздікті, Astana Hub бағдарламалары арқылы жасанды интеллект негіздерін және ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқаруды меңгереді. Оқытуға QLANG, Astana Hub және Ashyq Aspan Foundation сияқты ұйымдар қатысты. Жобаның ерекшелігі әскери даярлықты азаматтық кәсіпке қажетті құзыреттермен ұштастыру болды.
Сонымен қатар, жоба барысында тактикалық джиу-джитсу, жаттығу залындағы сабақтар мен электрондық тирдегі дайындық сарбаздардың төзімділігін, тәртібі мен өзіне деген сенімін арттыруға бағытталды.
Жоба қатысушыларының алғашқы жетістіктері де аз емес. 34 әскери қызметші ағылшын тілінің Starter және Elementary деңгейлері бойынша сертификат алды. Қатардағы жауынгер Аманнияз Оспанов Cisco платформасының жеті курсын меңгеріп, ағылшын тілі мен деректерді қорғау бойынша білімін толықтырды.
Спорт саласында да нәтижелер бар. Алматыда өткен халықаралық джиу-джитсу турнирінде әскери бөлім сарбаздары бес жүлделі орынға ие болды. Ернар Қызайбек пен Сейіл Бақберген өз салмақ дәрежелерінде жеңіске жетіп, ҚР спорт шеберлігіне үміткер разрядын алды. Ернар Қызайбек басқа да спорттық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, Nauryz Open турнирінің жеңімпазы атанды.
Жоба қатысушысы Максим Ноеренчук ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару бағытын таңдап, алған білімін болашақ мамандығымен байланыстырды. Бүгінде ол жаңа шақырылымдағы сарбаздарға дрондармен жұмыс істеуді үйретіп, өз тәжірибесін бөлісіп жүр.
Суреттер: Қорғаныс министрлігі
Ернар Қызайбек пен Данияр Ғалымов та әскери қызметті келісімшарт негізінде жалғастыруға шешім қабылдады. Данияр ағылшын тілі, Cisco желілік технологиялары және Astana Hub бағдарламалары бойынша сертификаттар иесі атанды.
SARBAZ+ жобасына қатысуға онлайн өтініш беруге болды. Ол үшін сайтқа кіріп, қызмет шарттарымен танысып, тиісті форманы толтыру жеткілікті. Одан кейін жүйе үміткерді барлық кезең бойынша автоматты түрде бағыттайды.
SARBAZ+ тәжірибесі мерзімді әскери қызметтің тек әскери міндетті орындаумен шектелмейтінін көрсетеді. Ол жастарға қабілеттерін ашуға, кәсіби бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Пилоттық кезеңнің оң нәтижелері жобаны Қазақстанның басқа да әскери бөлімдеріне кезең-кезеңімен енгізу мүмкіндігіне жол ашып отыр.
ҚР Қорғаныс министрлігі ұсынған материал
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:67
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2026 15:01 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















