Прокуратура органдарының 35 жылдығы қарсаңында Тараз қаласында “Болашақ прокурор кеңістігі“ ашылды
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
"Заң мен тәртіп" идеологиясын жүзеге асыру аясында Бас прокуратураның тапсырмасымен Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылғанына 35 жылдық мерейтойы қарсаңында Жамбыл облысы прокуратурасының бастамасымен Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде ақпараттық-танымдық "Болашақ прокурор кеңістігі" ашылды.
Жаңа алаңның негізгі мақсаты – жастардың құқық қорғау саласына қызығушылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру және болашақ мамандарға кәсіби бағыт-бағдар беру.
Салтанатты іс-шараға Жамбыл облысы прокурорының міндетін атқарушы Азамат Күреңкей, университет ректоры Махметғали Сарыбеков, прокуратура органдарының ардагерлері, қызметкерлері, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Іс-шара барысында облыс прокуроры жастарға заң үстемдігін қамтамасыз етудің, азаматтардың құқықтарын қорғаудың және қоғамда әділдік қағидаттарын орнықтырудың маңыздылығын атап өтті.
Азамат Күреңкей студенттерге прокурор болудың абыройлы әрі жауапты міндет екенін айтып, заңға адал болуға және кәсіби білімдерін жетілдіруге шақырды.
Кездесу барысында прокуратура органдарының ардагерлері мен жас қызметкерлері кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, студенттерге құқық қорғау саласындағы қызметтің ерекшеліктері туралы айтып берді.
Сонымен қатар, прокуратура органдарына қызметке орналасу тәртібі туралы арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Суреттер: Жамбыл облысы әкімдігі
Іс-шара аясында облыс прокуратурасы мен университет арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Облыс прокуратурасы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және болашақ құқық қорғау мамандарын кәсіби бағдарлау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
Жамбыл облысы әкімдігі ұсынған материал
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:50
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2026 14:51 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















