Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

Ақмола облысында көлік өртенді

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

Көріпкел болып кетті : Ерболат Беделханның SuperStar KZ жобасындағы болжамы дәл келді

Ыстамбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісінде жаңа деректер белгілі болды

“Халықтық құрылыс“: Тоқаев жаңа инфрақұрылымдық жобаның атауын ұсынды

Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қақты: ауруханада тағы бір адам көз жұмды

Тоқаев 2027 жылдың соңына дейін жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды ұсынды

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

Алатауда инвестициялық сот құрылады Тоқаев

Сіздер не, тұтас бір қойды жеп қоясыздар ба? Бішкек мэрі шенеуніктің түскі асына аударылған ақшаға ашуланды

Тоқаев Түркияға келді: Ердоғанның құрметпен қарсы алуы

Шексіз жақсы көремін : Алтынай Жорабаева туған күнінде әсерлі жазба жариялады

Бұл абсурд : Тоқаев көлік жуу орындарында ауыз суды пайдалану туралы

Құрт қосылған шоколадтан консервіленген бешбармаққа дейін : Бейжіңде ұлттық өнімдер таныстырылды

Құрт қосылған шоколадтан консервіленген бешбармаққа дейін : Бейжіңде ұлттық өнімдер таныстырылды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бейжіңде Қазақстан Республикасының күніне орай ұйымдастырылған ресми қабылдау аясында отандық өнімдердің ауқымды таныстырылымы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның Экспорттық акселерация бағдарламасына қатысушы компаниялар қытайлық серіктестерге қазақстандық өндірушілердің экспорттық әлеуетін көрсететін түрлі тауарларды ұсынды. Көрмеге еліміздің танымал кәсіпорындары, дамып келе жатқан брендтері мен дизайнерлері қатысты.

Ұлттық дәстүрді заманауи өндіріс технологияларымен, ерекше қаптама түрлерімен және өнімді тұтынудың жаңа форматтарымен ұштастырған тауарларға айрықша назар аударылды. Кондитерлік өнімдер қатарында қазақстандық «Рахат» және «Баян Сұлу» брендтерімен бірге Mirissima және Ult Dami компанияларының авторлық шоколадтары ұсынылды. Әсіресе құрамына құрт, балқаймақ, жент және талқан қосылған шоколадтар қазақтың ұлттық дәмдерін таныстырудың ерекше үлгісі болды. Сондай-ақ Kondiz, SBK Company, Pladis Kazakhstan компаниялары мен «Тәп-Тәтті» бренді өздерінің тәтті өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.

Қонақтар дәстүрлі қазақ тағамдарының заманауи үлгілерімен де танысты. Baraka бренді құрт, Dala Dami талқан, ал Honey 100% және NurMak брендтері табиғи дала балы мен түрлі шөптерден жиналған бал түрлерін ұсынды. Ұлттық майлы дақылдарды өңдеушілер Ассоциациясы Қазақстанда өндірілген күнбағыс және зығыр майларын таныстырды. Күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдері де кеңінен ұсынылды. Daulet және Sultan брендтері макарон өнімдерін, ал Daulet, Eurazyia және «Керемет» брендтері бидай ұнын таныстырды. «Шин-Лайн» компаниясы балмұздақ түрлерін, «Агропродукт» кәсіпорны қоюландырылған сүтті қоса алғанда, түрлі сүт өнімдерін ұсынды.

Көрменің ерекше назар аудартқан бөлігі ұлттық тағамдардың тың форматта ұсынылуы болды. Elim Ai бренді қымызды заманауи қалбыр қаптамада таныстырса, Sydyk Қытай нарығына қазірдің өзінде жеткізіліп жатқан сублимацияланған түйе сүтін ұсынды. Ал Merke Et компаниясы ет өнімдерімен қатар консервіленген бешбармақты көрсетті. Мұндай шешімдер қазақтың дәстүрлі тағамдары мен сусындарын қазіргі тұтынушылардың сұранысына және шетелдік нарықтардың талаптарына бейімдеуге мүмкіндік береді. Қазақстандық өндірушілер еліміздің экспорттық әлеуеті тек азық-түлік саласымен шектелмейтінін де көрсетті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар қатарында Telli Ondiris косметикалық өнімдері, Kazyna Gold зергерлік бұйымдары, сондай-ақ ADILI брендінің ұлттық ою-өрнек элементтері қолданылған киімдері, сөмкелері, орамалдары мен аксессуарлары ұсынылды. Іс-шара аясында қазақстандық дизайнерлердің, зергерлер мен косметика брендтерінің уақытша сауда алаңы (pop-up store) жұмыс істеді. Мұнда қонақтар отандық өнімдермен танысып қана қоймай, ұнаған бұйымдарын сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Кештің жарқын сәттерінің бірі қазақстандық дизайнерлер мен сән брендтерінің топтамалар көрсетілімі болды. MEDINA SAKTAGANOVA Fashion House, Tatiana Yan, ADILI, BAIMAN, BAY және TAMYRÈ брендтері өз туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Ұлттық ою-өрнектер, дәстүрлі нақыштар мен заманауи сән үлгілері отандық сән индустриясының шығармашылық әлеуетін және қазақстандық брендтерді халықаралық нарықта ілгерілету мүмкіндіктерін көрсетті. «QazTrade» АҚ бас директорының орынбасары Айнұр Әмірбекова Қытай Қазақстанның шикізаттық емес экспортын кеңейтудегі басым бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті.

«Қытай Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі әрі отандық өнім экспортын кеңейтуге мүмкіндік беретін перспективалы нарық. Бүгінде қазақстандық кәсіпорындар жоғары сапаны, ұлттық ерекшелікті және заманауи өндірістік шешімдерді ұштастырған тауарлардың кең ассортиментін ұсынып отыр. Біздің міндетіміз – компаниялардың сыртқы нарықтарға шығуына қолдау көрсету, әлеуетті сатып алушылармен тікелей байланыс орнатуына көмектесу және ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашу», – деді Айнұр Әмірбекова.

Бейжіңдегі таныстырылым қытайлық тұтынушылар мен іскерлік ортаға қазақстандық өнімдердің алуан түрлілігін көрсетуге, отандық брендтердің танымалдылығын арттыруға және әлеуетті серіктестермен іскерлік байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік берді.

Экспорттық акселерация бағдарламасына қатысушы компаниялар үшін мұндай іс-шаралар өз өнімдерін шетелде ілгерілетудің және жаңа нарықтардың мүмкіндіктерін зерделеудің тиімді құралдарының бірі саналады.

«QazTrade» АҚ қазақстандық өнімдерді халықаралық нарықтарда ілгерілету, отандық өндірушілерге шетелдік серіктестер табуға жәрдемдесу және шикізаттық емес экспорт географиясын кеңейту бағытындағы жұмысын жалғастыруда.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:95
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2026 14:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

27 Қазан 2026 17:52see150

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

27 Қазан 2026 17:35see148

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

27 Қазан 2026 18:34see148

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

27 Қазан 2026 17:19see148

Ақмола облысында көлік өртенді

27 Қазан 2026 15:30see147

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

27 Қазан 2026 20:23see147

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

27 Қазан 2026 16:40see146

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

28 Қазан 2026 01:18see138

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

27 Қазан 2026 22:59see137

Көріпкел болып кетті : Ерболат Беделханның SuperStar KZ жобасындағы болжамы дәл келді

27 Қазан 2026 19:40see135

Ыстамбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісінде жаңа деректер белгілі болды

27 Қазан 2026 19:14see133

“Халықтық құрылыс“: Тоқаев жаңа инфрақұрылымдық жобаның атауын ұсынды

28 Қазан 2026 11:31see131

Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қақты: ауруханада тағы бір адам көз жұмды

28 Қазан 2026 17:56see129

Тоқаев 2027 жылдың соңына дейін жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды ұсынды

28 Қазан 2026 12:48see128

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

28 Қазан 2026 23:58see127

Алатауда инвестициялық сот құрылады Тоқаев

28 Қазан 2026 12:19see125

Сіздер не, тұтас бір қойды жеп қоясыздар ба? Бішкек мэрі шенеуніктің түскі асына аударылған ақшаға ашуланды

28 Қазан 2026 14:53see125

Тоқаев Түркияға келді: Ердоғанның құрметпен қарсы алуы

28 Қазан 2026 21:09see120

Шексіз жақсы көремін : Алтынай Жорабаева туған күнінде әсерлі жазба жариялады

28 Қазан 2026 22:43see115

Бұл абсурд : Тоқаев көлік жуу орындарында ауыз суды пайдалану туралы

28 Қазан 2026 12:13see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары