Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Бразилиялық шабуылшы Рикардиньо Қайраттан кетті

Көкшетаудағы жол апаты: куәлігі жоқ кісіге көлік берген ер адам да жауапқа тартылады

Қатар Премьер министрі Иранға үндеу жасады

BINOM мектебінің жаттықтырушысы олимпиадаға дайындалудың құпиясымен бөлісті

Көкшетаудағы адам өліміне әкелген жол апаты: көлік иесіне қандай жаза қаупі бар

eGov пен e Otinish қазақстандықтарға тіпті теңгерім нөлге тең болғанда да қолжетімді болады

Атырауда масаға қарсы дезинсекция дронмен жүргізілуде

Катар мен Түркия Ормуз бұғазына қатысты Иранға үндеу жасады

Астанадағы LRT желісінде 19 пойыз жүреді

Алматыда интернет дүкен арқылы есірткі тарату арнасы тоқтатылды

Тиімді басқару мен көшбасшылықты дамыту: AMANAT партиясының оқу семинары Сыр елінде жалғасты

30 минуттық қуат : BYD көліктерінің иелері неге дабыл қақты?

Bloomberg: Қазақстан КҚК жүйесі арқылы мұнай жеткізуді азайтады

Еңбекке жарамсыздық кезінде жұмыстан шығару заңсыз: Депутат Еңбек кодексіндегі жаңашылдықтарды түсіндірді

Атыраудағы жұмбақ өлім: марқұмдардың қызына қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды

Қасым Жомарт Тоқаев: Қожа Ахмет Ясауи күллі түркінің рухани темірқазығы

Қырғызстанда кондиционерді аз қолдану үшін қызметкерлердің киім үлгісі өзгертілді

Тоқаев Түркиямен тарихи құжатқа қол қою туралы айтты

Қазақстандағы проблемалық кредиттерді жеке компанияларға беру ұсынылды

Балалардың жазғы лагерьдегі қауіпсіздік талаптарын сақтамаса, оның иелері жауап беру керек Темір Қырықбаев

Алтай төріндегі мәдени серпіліс

Алтай төріндегі мәдени серпіліс

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Өңірде жүзеге асқан кең ауқымды мәдени бастамалар, мазмұны терең, ауқымы кең әрі халықаралық деңгейде танылған брендтік шараларымен есте қалды. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Конституцияның 30 жылдығы, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, Шоқан Уәлихановтың 190 жыл­ды­ғы, Нұрғиса Тілен­диев­тің 100 жылдығы сынды айтулы даталар облыста өткізілген мәде­ни іс-шаралардың идео­ло­гиялық өзегін құрады.

Жаңа мәдени ортаны қалып­тас­тыру жөніндегі міндеттерді іске асыруды 360 мәдени ұйымның желісі жүзеге асырады, оның ішінде 170 клубтық мекеме, 170 кітапхана, 6 мұражай, театр, концерттік ұйым, тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мекеме, сондай-ақ руха­ни-ағартушылық қызмет атқаратын өзге де мәдениет ошақтары кіреді. 

Мерейтойлық жыл аясында Шы­ғыс Қазақстанда бұрын-соңды қолға алынбаған, жаңа форматтағы бірегей брендтік жобалар жүзеге асырылды. Сол бастамалардың ішін­де табиғатпен үйлесім тапқан ең ауқымды шараның бірі ал­ғаш рет ұйымдастырылған «Бұқ­тырма балықшысы-2025» фестивалі бол­ды. Бұл ерекше мәдени жоба балық аулау дәстүрін ұлттық құн­ды­лық­тармен сабақтастырып қана қой­май, экологиялық туризм мен бел­сенді демалысты дамытудағы жар­қын үлгіге айналды. Фести­валь­ға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелден келген қатысушы­лардың көптеп жиналуы Күршім мен Самар аудандарының туристік әлеуетін жаңа деңгейге көтеріп, өңірдің табиғи тартымдылығы мен мәдени беделін кеңінен танытты.

Жылдың ең ірі әрі маңызы зор мәдени оқиғасы ретінде Қатон­қарағай ауданында өткен «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» ха­лықаралық музыкалық фестивалін ерекше атауға болады. Алтайдың асқақ төрінде өткен бұл ауқымды шара түркі халықтарының рухани тамырын тереңнен қозғап, ортақ тарихы мен мәдени бірлігін қайта жаңғыртты. Фестиваль Шығыс Қазақстанды түркі өркениетінің маңызды рухани-мәдени орта­лықтарының бір ретінде танытып, оның халықаралық беделін айқын көтерді.

Музыкалық қойылымдар, этно­ауылдар, ұлттық ойындар, ғылыми-мәдени кездесулер мен көрмелер фестиваль мазмұнын байытып, оны рухани мағынасы кең, мазмұны терең мәдени бренд деңгейіне жеткізді. Аталған фестиваль осыдан он екі жыл бұрын Қатонқарағай ауданының Берел ауылында бастау алған еді. Алғашқы кезеңдерінде археология мен тарихи мұраны насихаттауға басымдық берілсе, биыл шара түркітілдес елдердің рухани-мәдени бірлігіне, ұлттық өнері мен музыкасына, әдебиеті мен руханиятына жаңа серпін берді. Түркі халықтарының өнерпаздары мен мәдениет қайраткерлері Алтай құшағында бас қосып, ортақ мә­дениет пен тарихтың терең тамы­рына қайта жан бітірді. Шара аясында музыкалық қойылым­дар­мен қатар ұлттық салт-дәстүрлерді танытатын көрмелер, этноауылдар, ғылыми-мәдени кездесулер мен спорттық ойындар ұйымдасты­рылып, фестивальға кең тыныс, мазмұнды рухани сипат берді.

14 маусым күні Алтай төрінде «Алтайым – алтын бесігім» ха­лықаралық ақындар айтысы өтті. Сах­нада сөз сайысына түскен жүй­рік­тердің жыр додасы екі кезең бо­­йынша өрбіді. Ақтық сынға суы­рылып шыққан үздік жұптар кө­рерменнің ықыласына бөленіп, бас жүлдені Қарағандының намысын қорғаған айтыскер Дидар Қами иеленді. Айтыс үзілістері кезінде көрермендер «Назқоңыр», «Дара­боз» вокалдық топтарының, сон­дай-ақ мәдениет пен өнер саласы­ның танымал өкілдері қатысқан рухани мазмұны бай концерттік бағдарламаны тамашалады.

Төр Алтайдағы дүбірлі шара түркі халықтарының өнерін тоғыс­тырған салтанатты гала-концертпен жалғасын тапты. Гала сахнасына Қазақстанның белгілі әртістері – Ерлан Рысқали, Әмре, Қобыланды Болат, «Музарт» және Abyroy топ­тары, сондай-ақ Түркия, Татарстан, Өзбекстан, Саха, Қырғызстан, Алтай, Моңғолия, Түрікменстан, Әзербайжан және Тыва респуб­ликаларынан келген өнер жұлдыз­дары көтерілді. Бұл концерт Алтай даласын нағыз мәдениет пен өнер­дің ортақ үнін асқақтатқан бірегей алаңға айналдырды. Қорытынды есепке сәйкес, шараға қатысушы­лардың 80 пайыздан астамы өзге қалалар мен шетелдерден келген қонақтар болған. Бұл жайт аудан­ның қонақүй және туристік инфра­құрылымына айтарлықтай жүктеме түсіріп, өңір туризмінің жоғары сұ­ранысқа ие екенін айқын көрсетті.

Облыс көлемінде жүзеге асқан «Туған жер – алтын бесігім» жобасы әр ауданның мәдени ерекшелігін, тарихи болмысын және шығарма­шылық әлеуетін танытатын бренд­тік алаңға айналды. Үш айға со­­зылған бұл жоба жергілікті өнер ұжым­дарының дамуына серпін бе­ріп, өңір тұрғындарының туған жер­ге деген сүйіспеншілігін арттырды.

«Туған жер – алтын бесігім» жобасы – өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін кеңінен танытып, қала мен ауыл арасындағы байланысты нығайтатын маңызды жоба. Бұл жоба арқылы біз әр аудан мен қаланың мәдениет, спорт, білім, ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерін көрсетіп, озық тәжі­рибесімен алмасуға мүмкіндік жасап отырмыз.

Ауылдық мәдениет пен спортты дамыту – жастарды тәрбиелеудің, саламатты өмір салтын қалыптас­тырудың және елді мекендердің өмір сапасын арттырудың негізгі бағыты. Осы орайда жергілікті бас­тамаларға қолдау көрсету – басты міндет. Жоба аясында ауыл шаруа­шылығы саласындағы үздік жетіс­тіктер кеңінен насихатталып, жер­гілікті өнімдер қала тұрғындарына ұсынылуда. Бұл ауыл еңбеккер­лері­нің маңдай термен атқарған еңбегін дәріптеп қана қоймай, отандық өнімге деген сұранысты арттыруға мүмкіндік береді. Аталған бағыт Мемлекет басшысының отандық тауар өндірушілерді қолдау және еңбек адамын дәріптеу жөніндегі тапсырмаларымен толық үндес келеді. Сонымен қатар қолөнер шеберлері мен шығармашылық өкілдерінің көрмесі ұлттық мә­дениетімізді насихаттап, эсте­ти­калық талғамды қалыптастыруға зор үлес қосуда.

Жобаның рухани өзегіне айнал­ған өнерпаздар қауымына айрықша тоқталғым келеді. Әр жұма сайын сахна төрінде өнер көрсетіп, көрер­менге рухани байлық сыйлап жүр­ген әншілерге, күйшілерге, биші­лерге, шығармашылық ұжымдарға шынайы алғысымды білдіремін. Олардың еңбегі – ұлттық өнерді ұлық­тап, халықтың мәдени талға­мын арттыруға, жас ұрпақты рухани құндылықтарға баулуға бағытталған үлкен үлес. Өнерпаздардың шығар­машылығы бұл жобаның мазмұнын тереңдетіп, көрермен үшін тағы­лымды да әсерлі мәдени алаңға айналдыруда.

Биыл 19 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысында мәдени жо­баның қорытындысы ретінде сал­та­натты гала-концерт ұйым­дас­ты­рылды. Өңірдің түкпір-түк­пірінен келген өнер ұжымдары мен көрер­мендер бас қосқан бұл кеш халыққа әсерлі мәдени бағ­дарла­ма ұсынып, шығармашылық ең­бектің лайық­ты бағаланған сәтіне айналды.

Гала-концерт барысында об­лыстың аудан-қалалары арасында өткен мәдени жоба нәтижелері жарияланып, үздік деп танылған қа­тысушылар марапатталды. Қа­зылар алқасының шешімімен жоба­ның Бас жүлдесі Күршім ауданына табысталды. І орын Тар­бағатай ауда­нына, ІІ орын Ұлан ауданына, ал ІІІ орын Марқакөл ауданына берілді. Бұл нәтижелер әр өңірдің мәдени әлеуетін, шы­ғармашылық ізденісін және сах­налық мәдениетін айқын көрсетті. Сонымен қатар өнер саласындағы ерекше жетіс­тік­тері мен тың бас­тамалары үшін бір­қатар қатысушы арнайы номи­нациялар бойынша марапатталды. Бұл марапаттар әрбір ұжымның өзіндік ерекше­лігін, шығармашы­лық ізденісін және көрерменмен байланысын айшықтады. Гала-концерт мәдени жобаның логика­лық қорытындысы ғана емес, со­нымен қатар өңірдегі шығарма­шы­лық ұжымдарды ынта­ланды­ратын, өнерге деген қызығу­шы­лық­ты арттыратын маңызды мәдени оқиғаға айналды. Сондай-ақ атадан мирас болған құсбегілік өнерін ұлықтайтын «Шығыс Сал­бурыны» халықаралық фестивалі 5 жыл өз жалғасын табуда.

Биыл фестивальға Моң­ғолия, Ресей, Венгрия, Қыр­ғыз­стан, Ис­пания және басқа да елден қо­нақтар мен қатысушы­лар жиналды. Жыл­дан-жылға ау­қымы кеңейіп келе жатқан іс-ша­раның биыл­ғысына қатысушы ре­тінде 140-тан астам бүркітші қа­тысты. Этноалаңда 30-дан астам киіз үйден құралған этноауыл тігіл­ді. Мұнда шеберлік сабақтары, қолөнер көрмелері, сондай-ақ қазақтың салт-дәстүрлері көрсетілді: «Ашамайға мінгізу», «Беташар», «Тұсау кесу», «Қыр­қы­нан шығару», «Бесікке салу» және «Сырға салу».

Жыл соңында 19-20 желтоқсан күндері өткен «Аяз ата, Ақша­қар-2025» халықаралық фестивалі өңірдің қысқы туризмін дамытуға, мәдени бастамаларды қолдауға және тұрғындар мен қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлауға ба­ғытталды. Фестиваль Риддер қала­с­ын­да, «Алтай Альпілері» тау-шаңғы кешенінде, сонымен қатар Өскемен қаласында ұйымдас­ты­рылып, түрлі жас санатындағы кө­рерменді қамтыды. 

Фестиваль идеологиясы дәс­түрлі жаңа жылдық кейіпкерлер – Аяз ата мен Ақшақар бейнесін заманауи сахналық өнер түрле­рімен, интерактивті форматтармен және көрермендермен тікелей қарым-қатынаспен ұштастыруға негіз­делген. Фестиваль мейірім­ділік, мәдени әртүрлілік, шығарма­шылық еркіндік және ұрпақтар сабақ­тастығы сияқты құндылық­тарды дәріптей отырып, әртүрлі жас және әлеуметтік топтарға түсінікті әрі жақын заманауи жаңа жыл мәде­ниетін қалыптастырады.

Әдеби және мәдени байла­нысты арттыру мақсатында биыл ­об­лыстық драма және оперетта ­теат­рының орыс труппасы сәуір айын­да Өзбекстанның Самарқан қаласына, қазақ труппасы Қыр­ғызстанның Бішкек қаласына гас­троль­дік сапармен барып қайтты. Енді, шілде айында жастар труп­пасы Грузия еліне гастрольдік са­парға барып қайтты.

Ұжым Грузия мемлекеті, Озур­гети қаласында өткен V Халық­ара­лық Н.Думбадзе атындағы театр фестиваліне автордың «ИТ» дра­ма­сымен қатысып, «Үздік интерпре­тация» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Сонымен қатар қыркүйек айында Алматы қала­сында Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ұйым­дастырған Жас режиссерлер театр фестиваліне де «ИТ» спектаклімен қатысып, заманауи режиссура мен жаңа театр тілін ұсынды. Бұл фес­тивальда режиссер Абай Дәулетұлы «Ең үздік режиссер» атанып, 1.500.000 теңге көлеміндегі ақша­лай сыйлыққа ие болды.

23-27 қыркүйек аралығында Ақ­төбе қаласында Қазақстанның халық жазушысы Қ.Шаңғыт­баев­тың 100 жылдығына арналған VII Халықаралық BALAUSA экспери­менталдық спектакльдер фестива­лінде жас көрермен театрының ұжымы А.Чехов пен Л.Толстойдың шығармалары негізінде қойылған «Чехов. Толстой. Абай. Шие. Война и мир» трагикомедиясы «Үздік қо­йылым» номинациясына ие болып, бас жүлдені жеңіп алды. 

Облыстық филармонияның «Алтай» би ансамблі мен Тар­бағатай ауданының «Барқытбел» этно­фольк­лорлық ансамблі Қытай Халық Республикасының Шаньси провинциясы, Тайюань қаласында ұйымдастырылған халықаралық «Ганнат» өнер фестивалінде бас жүлдені иеленуі оң ықпал етіп, өңірдің мәдени құндылықтарын халықаралық деңгейде танытты.

Қорыта айтқанда, Шығыс Қа­зақстан облысында жүйелі түрде ұйым­дастырылып келе жатқан мә­дени іс-шаралар өңір тұрғында­ры­ның рухани байлығын арт­тыруға, білім көкжиегін кеңейтуге, ұлттық құндылықтарды сақтау мен дәріп­теуге және қоғамдағы әлеу­меттік байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосып отыр. Аталған баста­ма­лар халықтың мәдени өмірін жандандырып қана қоймай, өңірдің шығармашылық әлеуетін дамытуға, қоғамдық бірлікті кү­шей­туге бағыт­талған маңызды те­тікке айналды. Бұл бағыттағы ке­шенді жұмыс пен ауқымды мәдени жобалардың бар­лығы Шығыс Қазақстан облы­сының әкімі Н.Сақтағанов­тың ті­ке­лей қолдауы мен бастамасы нәти­жесінде табыс­ты жүзеге асырылуда.

Самат КАСЕНОВ,

Шығыс Қазақстан облысы

Мәдениет басқармасының басшысы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:133
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Желтоқсан 2025 07:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Бразилиялық шабуылшы Рикардиньо Қайраттан кетті

12 Мамыр 2026 22:12see116

Көкшетаудағы жол апаты: куәлігі жоқ кісіге көлік берген ер адам да жауапқа тартылады

13 Мамыр 2026 00:23see115

Қатар Премьер министрі Иранға үндеу жасады

13 Мамыр 2026 11:18see114

BINOM мектебінің жаттықтырушысы олимпиадаға дайындалудың құпиясымен бөлісті

13 Мамыр 2026 12:17see114

Көкшетаудағы адам өліміне әкелген жол апаты: көлік иесіне қандай жаза қаупі бар

13 Мамыр 2026 15:05see112

eGov пен e Otinish қазақстандықтарға тіпті теңгерім нөлге тең болғанда да қолжетімді болады

13 Мамыр 2026 14:25see112

Атырауда масаға қарсы дезинсекция дронмен жүргізілуде

13 Мамыр 2026 11:55see111

Катар мен Түркия Ормуз бұғазына қатысты Иранға үндеу жасады

13 Мамыр 2026 11:14see111

Астанадағы LRT желісінде 19 пойыз жүреді

13 Мамыр 2026 00:23see111

Алматыда интернет дүкен арқылы есірткі тарату арнасы тоқтатылды

13 Мамыр 2026 11:21see110

Тиімді басқару мен көшбасшылықты дамыту: AMANAT партиясының оқу семинары Сыр елінде жалғасты

13 Мамыр 2026 22:27see108

30 минуттық қуат : BYD көліктерінің иелері неге дабыл қақты?

14 Мамыр 2026 11:18see107

Bloomberg: Қазақстан КҚК жүйесі арқылы мұнай жеткізуді азайтады

14 Мамыр 2026 11:18see106

Еңбекке жарамсыздық кезінде жұмыстан шығару заңсыз: Депутат Еңбек кодексіндегі жаңашылдықтарды түсіндірді

14 Мамыр 2026 15:10see105

Атыраудағы жұмбақ өлім: марқұмдардың қызына қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды

13 Мамыр 2026 11:33see105

Қасым Жомарт Тоқаев: Қожа Ахмет Ясауи күллі түркінің рухани темірқазығы

14 Мамыр 2026 15:29see104

Қырғызстанда кондиционерді аз қолдану үшін қызметкерлердің киім үлгісі өзгертілді

14 Мамыр 2026 13:48see104

Тоқаев Түркиямен тарихи құжатқа қол қою туралы айтты

14 Мамыр 2026 17:47see104

Қазақстандағы проблемалық кредиттерді жеке компанияларға беру ұсынылды

13 Мамыр 2026 15:09see103

Балалардың жазғы лагерьдегі қауіпсіздік талаптарын сақтамаса, оның иелері жауап беру керек Темір Қырықбаев

13 Мамыр 2026 22:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары