Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Бес жылдағы мәдени серпіліс: Қазақстан Орталық Азиядағы мәдени көшбасшыға айналды

Бес жылдағы мәдени серпіліс: Қазақстан Орталық Азиядағы мәдени көшбасшыға айналды

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдени бірегейлікті нығайту, креативті индустрияларды дамыту және ұлттық өнерді халықаралық деңгейде таныту бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп келеді. Бұл кезеңде өнер саласында ауқымды өзгерістер орын алды. Аты аңызға айналған ұжымдар қайта жаңғырып, Қазақстанның Орталық Азиядағы мәдени орталық ретінде беделі артты. 

Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылғы елдің жетекші мәдени ұйымдарының мәртебесін көтеру туралы шешім жаңа кезеңнің басталуына негіз болды. Бес негізгі ұжымға, Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестріне, М.Әуезов және Абай атындағы театрға, М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры мен Ұлттық кітапханаға «Ұлттық» мәртебесі берілді. Осы кезеңде Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры республикалық меншікке өтті. Бұл қадам театрдың даму мүмкіндіктерін кеңейтті.

Фото: Ақорда

Кейін де мәдени бастамалар көтеріліп, ел үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. 2022 жылы материалдық емес мәдени мұраның екеуі — «Ортеке» қуыршақ би өнері мен Қожанасыр туралы аңыз ЮНЕСКО-ның репрезентативті тізіміне енді.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан эстрадасының символы саналатын «Гүлдер» ансамблі қайта құрылды. Роза Бағланова, Мұхтар Әуезов және Ахмет Байтұрсыновтың мерейтойларына орай 2 500-ден астам іс-шара өтті, олардың көпшілігі халықаралық деңгейде ұйымдастырылды.

2023 жылдың соңғы кезеңі стратегиялық жоспарлау кезеңіне айналды. Атап айтсақ, Үкіметтің шешімімен Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған мәдени саясат тұжырымдамасы бекітілді. Бұл құжат ұзақ мерзімді бағыттарды анықтап, халықаралық ынтымақтастыққа жаңа серпін берді. Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойы аясында 660 іс-шара ұйымдасьырылды.

Соңғы жылдары Қазақстан мәдениеті күндері бірқатар елдерде (Әзербайжан, Армения, Түркменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Мысыр, Ресей және басқа елдерде) ұйымдастырылды. Қазақстан өнерпаздары қатысқан гала-концерттер, театр қойылымдары, қолданбалы және көркемөнер көрмелері, ұлттық фильмдердің көрсетілімі және этно топтардың музыкалық кештері өтті.

Фото: Бекбау Тайманов/Kazinform

Қазақстан делегациясы Каир қаласындағы жаңадан қалыпқа келтірілген Сұлтан әз-Заһир Бейбарыс мешітінің салтанатты ашылу рәсіміне және халықтық қолөнер мен өнер көрмесіне қатысты. Ташкент пен Самарқанд қалаларында «Абай» операсының тұсаукесері мен «Қазақконцерт» ұжымының концерті өтті.

Фото: Kazinform

Сонымен қатар Қазақстан Тәжікстан, Әзербайжан және Саха Республикасының (РФ) мәдениет күндерін ұйымдастырды.

Қазақстан мәдениетін әлемдік деңгейде танытуда 2024 жыл маңызды кезеңге айналды. Қазақстан алғаш рет әлемдегі жетекші өнер көрмесі — Венеция өнер биенналесінде өзінің Ұлттық павильонын таныстырды.

Осы жылы Париждегі Гиме Азия өнері музейінде және Қытай Халық Республикасындағы Тяньцзинь музейінде («Алтын адам және Ұлы дала» көрмесі) Қазақстан өнерінің көрмелері өтті. Астана Ұлттық музейінде Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» картинасы таныстырылды. Елдің мәдени ұйымдарын бірегей виртуалды интернет кеңістігінде біріктіретін Qazaq Culture ақпараттық-ағартушылық платформасы іске қосылды. Мемлекеттік классикалық гитаристер квинтетімен «Бірлік» ансамблі атты екі жаңамузыкалық ұжым құрылды.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

2024 жыл V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарымен есте қалды, оның ашылу және жабылу салтанатына Димаш Құдайберген қатысты. Ашхабадта Құрманғазы мен Абайдың ескерткіштері, Душанбе мен Қазан қалаларында Абайдың бюстері орнатылды.

2025 жылы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық нығайып, бірқатар халықаралық келісімдер жасалды.

«Мерке әулиесі» атты жаңа номинация бойынша жұмыс басталды. «Беташар» ұлттық рәсімі адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енді. Сонымен қатар, Өзбекстанмен бірлесіп «Кесте–сюзанне» бойынша ортақ номинациялық құжат жолданды.

Фото: ehistory.kz

Бейжің қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет орталығының құрылуы осы жылдың маңызды оқиғаларының бірі болды. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қытай Халық Республикасының Мәдениет және туризм министрі Сунь Ели, қос елдің дипломатиялық өкілдері мен шығармашылық қауым өкілдері қатысты.

Орталықтың ашылуы — ұзақмерзімді дипломатиялық ынтымақтастық пен келісімнің жемісті нәтижесі. 2022 жылы Қытай Халық Республикасы Төрағасының Астанаға мемлекеттік сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин Қытай мен Қазақстанда тең негізде мәдени орталықтар құру жөнінде келісімге келген болатын.

Фото: Ақорда

Биыл Ақтау қаласына «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесі берілді. Бішкек қаласында Мұхтар Әуезов пен Шыңғыс Айтматовқа арналған «Достықтың алтын көпірі» ескерткішінің ашылуы өтті. Сонымен қатар, Түркістан қаласының рухани, тарихи-мәдени және туристік орталық ретіндегі мәртебесін айқындайтын «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң қабылданды.

Фото: TURKSOY

Қазіргі технологиялар мәдени дамудың ажырамас бөлігіне айналды. 275 музей, 65 мыңнан астам экспонат және 200-ден аса 3D форматтағы артефакт туралы мәліметтерді қамтитын E-Museum виртуалды музейлер желісі жұмыс істейді. Ұлттық маңызы бар ескерткіштерді сақтау және бақылау мақсатында цифрлық жүйелер мен жасанды интеллект элементтері енгізілуде.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бес жылдық жүйелі қызметі нәтижесінде отандық өнерпаздар, шығармашылық ұжымдар мен музей мекемелерінің халықаралық деңгейде өнер көрсетіп, қазақ мәдениетін әлемге паш етті. Осылайша, Қазақстан Орталық Азиядағы мәдени көшбасшыға айналып, заманауи мен ұлттық құндылықтарды ұштастыра білген мемлекет ретінде танылды.

Айта кетейік, Қазақстанда мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысы үш жылда екі есе өсті.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:223
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2025 15:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары