Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Amanat көппәтерлі тұрғын үйлер мәселесін шешуге бағытталған жобаны іске қосты

Amanat көппәтерлі тұрғын үйлер мәселесін шешуге бағытталған жобаны іске қосты

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қала тұрғындарының жайлылығы, ең алдымен өз үйінің ауласынан басталады. Азаматтардың тұрғылықты жерін көркейту ісіне белсене қатысуы үшін Amanat партиясы еліміз бойынша TURGYNDAR AMANATY жобасын іске қосуда. Бұл бастама қазақстандықтарға қолайлы әрі қауіпсіз ортаны бірлесе қалыптастыруға мүмкіндік береді.

TURGYNDAR AMANATY жобасы қаланың тыныс-тіршілік ортасын заманауи, қауіпсіз әрі жайлы етуге бағытталған. Мұнда тұрғындар өз ауласын көркейту ісіне тікелей атсалыса алады. Жоба маңызды мақсатқа негізделген – тұрғындар мен Мүлік иелері бірлестігіне (МИБ) үй мен аула мәселелерін шешуде қолдау көрсету. Яғни инженерлік желілерді жаңарту, қызмет көрсету мен басқару сапасын арттыру, ортақ мүлікті жөндеу, шешімдер мен төлемдердің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ меншік иелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру сынды тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруіне бағытталған шараларды жүзеге асыру – жобаның басты назарында.

Былтыр Астанада TURGYNDAR AMANATY жобасы пилоттық режимде іске қосылды. Жоба аясында 707 МИБ және ПИК төрағалары "OSIskills" семинарлары шеңберінде практикалық оқудан өтті. Оған коммуналдық қызметтер өкілдері қатысып, қолданыстағы заңнама бойынша түсіндірме берді. Қатысушылар ортақ мүлікті ашық әрі тиімді басқаруға қажетті дағдыларды меңгеріп, басқарушылық құзыреттерін арттырды.

Сонымен қатар көппәтерлі тұрғын үйлердің ауласында сенбіліктер ұйымдастырылып, ағаштар отырғызылды. Бұдан бөлек балаларға арналған ойын және спорт алаңдары пайдалануға беріліп, онда спорттық іс-шаралар өткізілді. Сондай-ақ бір мандатты округтерден сайланған мәслихат депутаттарының тұрғындармен есептік кездесулері ұйымдастырылды.

Жобаны іске асыру арқылы елордада тұрғындар, МИБ пен ПИК, депутаттар және қалалық қызметтер арасында кешенді әрі тиімді өзара іс-қимыл моделі қалыптасты. Атқарылған жұмыстар тұрғындардың белсенділігін арттырып, қала тіршілігінде нақты өзгерістерге жол ашты, сондай-ақ басқару жүйесіне деген сенімді күшейтті. Бұл нәтижелер жобаның практикалық тиімділігін дәлелдеп, оны өңірлерге кезең-кезеңімен енгізу қажеттігін айқындады. Осылайша бастама Қарағанды облысында өз жалғасын тапты.

Бүгін Қарағандыда TURGYNDAR AMANATY партиялық жобасы аясында алғашқы форум-семинар өтті. Іс-шараға Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Amanat партиясының Хатшысы Александр Данилов, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Amanat партиясы фракциясының мүшелері Бауржан Смағұлов пен Құдайберген Бексултанов, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері, Мүлік иелері бірлестіктері (МИБ) және өзге де азаматтар қатысты.

Жиында сөз сөйлеген Amanat партиясының Хатшысы Александр Данилов тұрғындар мен жауапты құрылымдар арасында тиімді диалог орната отырып, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне нақты жағдай жасау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы бастамаларын қолдау жобаның негізгі мақсаты екенін атап өтті.

"TURGYNDAR AMANATY жобасы тұрғындардың күнделікті өмірінде көрініс табатын нақты нәтижелерге бағытталған. Атап айтқанда, ауладағы тазалық пен тәртіп, жауапты органдармен ашық әрі түсінікті диалог, тұрғын үй мәселелерін оңтайлы шешуге жұмыстану, сондай-ақ тұрғындардың аула инфрақұрылымын жақсарту бойынша бастамаларын қолдау. Мұндай жобалар қала қолайлығын қамтамасыз етуге бағытталған тұрақты механизм ретінде маңызды. Олар әлеуметтік шиеленісті азайтып, адамдарға нақты шешім алуға көмектеседі", – деді ол.

Amanat партиясы TURGYNDAR AMANATY жобасын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты қоғамның жоғары сұранысын ескере отырып жүзеге асыруда. Партияның қоғамдық қабылдауларында азаматтар МИБ жұмысы, аулаларды абаттандыру, коммуналдық қызметтердің сапасы және үйлерді басқару мәселелері бойынша жиі өтініш-тілектерін білдіреді. Осы орайда партия заңнаманы түсіндіру, Мүлік иелері бірлестіктері төрағаларын және белсенді тұрғындарды оқыту мен қолдау ісін жүйелі түрде жүргізуде.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару мәселесі азаматтардың тұрмысын қолайлы етуге тікелей ықпал ететінін атап өтіп, бұл ретте билік пен меншік иелері арасында тұрақты диалог орнату қажет екенін мәлімдеді.

"Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару – ең алдымен тұрғындардың күнделікті жайлылығы мен тұрмыс сапасына қатысты мәселе. Біз тұрғындардың түсінікті ережелерге, ашық шешімдерге және өз ойларын жеткізу мүмкіндігіне деген сұранысын көріп отырмыз. Биліктің міндеті – осындай жүйенің тұрақты әрі меншік иелерінің мүддесіне сай қызмет етуін қамтамасыз ету. Облыс әкімдігі бұл бағытта жүйелі түрде жұмыс істеп, тұрғындармен диалог құрып, тиімді басқару форматына өтуге көмек көрсетуде", – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Суреттер: Amanat партиясының баспасөз қызметі

Іс-шара барысында Қарағанды облысындағы энергия үнемдеу мәселесі және оның қазіргі ахуалы мен даму перспективасы, сондай-ақ "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға енгізілген негізгі өзгерістер талқыланды. Сондай-ақ МИБ-тің өзін-өзі басқару ісіндегі тиімділігіне, оның практикалық мүмкіндіктеріне және қолданыстағы цифрлық кедергілерге ерекше назар аударылды.

Бұл бастама – Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасындағы міндеттемелерді іске асыру аясындағы жүйелі жұмыстың логикалық жалғасы. Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша заңға қол қойды. Құжатты Мәжілістегі Amanat партиясы фракциясының мүшелері әзірледі. Бұл заң МИБ төрағаларын, ТКШ саласының қызметкерлерін және көппәтерлі үйлердің тұрғындарын қолдау үшін қажетті нормативтік-құқықтық базаны қалыптастырды.

TURGYNDAR AMANATY жобасын еліміздің барлық өңірінде кезең-кезеңімен іске қосу жоспарлануда. Жоба – көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ісінде жауапкершілік мәдениетін дамытудың және азаматтардың тұрмысын жақсартудың негізгі құралы. Оның ауқымын кеңейту аясында тұрғындармен кері байланысты күшейту, цифрлық шешімдерді енгізу, МИБ және ПИК төрағаларының мәртебесін арттыру, сондай-ақ өңірлерде тиімді тәжірибелерді енгізу мақсатында пилоттық режимде аудандық форумдарды өткізу көзделіп отыр.

Amanat партиясы ұсынған материал

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:115
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 15:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары