Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Анамды емдеу үшін ғылыми зерттеуіме қант диабеті тақырыбын таңдадым эндокринолог Құралай Атагелдиева

Анамды емдеу үшін ғылыми зерттеуіме қант диабеті тақырыбын таңдадым эндокринолог Құралай Атагелдиева

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

– Сіздің қант диабетіне қатысты зерттеумен айналысып жатқаныңыздан хабардармыз. Зерттеуіңіздің негізгі жаңалығы мен басты тұжырымдары қандай?

– Қант диабетін емдеуде бір ғана тәсіл барлық адамға бірдей тиімді бола бермейді, яғни әр науқасқа жеке емдеу тәсілі қажет. Біздің ғылыми зерттеулер диабеттің бірнеше субтипі немесе кластері бар екенін көрсетеді. Олардың әрқайсысы осы дерттің асқыну түрлеріне байланысты болуы мүмкін. Мысалы, жүрек-қан тамыр ауруларымен қатар жүретін диабет түрі бар. Кейбірі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне әкелуі ықтимал. Егер диабетті диагноз қойылған сәттен бастап осындай субтиптерге бөліп анықтай алсақ, науқасқа дәл әрі жеке емдеу жоспарын ұсынуға мүмкіндік туады. Бұл асқынудың алдын алуға және пациенттің өмір сапасын жақсартуға көмектеседі. Мен бірнеше жылдан бері қант диабетімен ауыратын адамдарға кеңес беріп, ғылыми ізденіс жүргізіп келемін.

– Қазіргі кезде қант диабетінің, әсіресе екінші типінің таралуы артып келеді. Бұл аурудың алдын алуда қандай негізгі факторларға назар аудару қажет?

– Диабет негізінен екі типке бөлінеді. Екінші типтегі диабет көбіне генетикалық бейімділікке байланысты. Егер отбасыңызда, мысалы анаңызда немесе әжеңізде диабет болса, сізде де бұл аурудың даму қаупі жоғары болуы мүмкін. Алдын алу үшін ең алдымен өмір салтына назар аудару қажет. Артық салмақ қоспау, шамадан тыс тамақтанбау, тазартылған көмірсуларды аз тұтыну маңызды. Тазартылған көмірсулар – ағзаға өте тез сіңетін көмірсулар. Оларға құрамында қант пен глюкоза бар өнімдер, ұннан жасалған тағамдар, картоптан дайындалған ас түрлері жатады. Бұл өнімдер – күнделікті рациондағы жылдам көмірсулардың негізгі көздері. Сондықтан мұндай тағамдарды шектеп, белсенді өмір салтын ұстанып, спортпен айналысқан жөн. Сонымен қатар ұйқы режимін сақтау да маңызды. Кешкі сағат 10 шамасында ұйықтап, түнде толыққанды демалу ағзаның саулығына әсер етеді.

Фото: freepik.com

– Неліктен ғылыми зерттеуіңізге дәл қант диабеті тақырыбын таңдадыңыз?

– Шынын айтсам, бұл таңдауыма жеке өмірлік жағдай да әсер етті. Менің анам қант диабетімен ауырады. Сонымен қатар анамның да, әкемнің де туыстары арасында бұл дертке шалдыққандар бар. Сондықтан бұл мәселе мен үшін тек ғылыми тақырып қана емес, өмірлік маңызы бар бағыт.

– Сізді медициналық ғылыммен айналысуға не шабыттандырды?

– Бала кезімде журналист болуды армандадым. Мектеп бітірер кезде журналистика мен медицинаның арасында таңдау жасауға тура келді. Сол кезде атам «медицинаға бар, бұл – өте мәртебелі әрі игілікті мамандық» деп кеңес берді. Анам да медицина саласында жұмыс істейді. Сондықтан медицина жолын таңдадым. Қазір сол шешіміме еш өкінбеймін, керісінше күн сайын өз жұмысымнан үлкен қуаныш аламын. Медицина – ғылыммен тығыз байланысты өте қызықты сала. Күн сайын жаңа зерттеулер жарияланып, түрлі гипотезалар мен теориялар дәлелденіп немесе қайта қаралып жатады. Ғылыми ізденістер арқылы біз емдеу тәсілдерін жетілдіріп, пациенттердің өмір сапасын жақсартуға және олардың ұзақ өмір сүруіне ықпал ете аламыз.

– Мектептен кейін білім жолыңыз қай оқу орнында жалғасты?

– Мектепті аяқтағаннан кейін Алматы қаласындағы С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Емдеу ісі» факультетіне оқуға түстім. Біз бірінші топта оқыдық. Әзілдеп оны «білімқұмар студенттердің тобы» деп атайтынбыз. Бір-бірімізбен жарысып оқыдық. Сол орта менің бойымда бәсекелестік рухты қалыптастырды. Медициналық университетті GPA 3.6 көрсеткішімен аяқтадым. Бұл – жоғары нәтиже.

– Университеттен кейінгі кәсіби жолыңыз қалай өрбіді?

– Университетті бітірген соң бірден эндокринология мамандығы бойынша резидентураға түстім. Оны Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында өттім. Ғылыми байланыстардың арқасында Жапонияда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алдым. Асахикава медициналық университетінде PhD докторантурасына түсіп, төрт жыл бойы ғылыми зерттеу жүргіздім. Менің зерттеуім қант диабетін емдеуде қолданылатын жаңа дәрілік препаратқа қатысты болды. Қазір бұл препарат кеңінен қолданылып жүр. 2016 жылы диссертациямды қорғап, Қазақстанға оралдым. Кейін Назарбаев университетінің Медицина мектебіне жұмысқа шақырылдым. Қазір сол жерде еңбек етіп жүрмін.

– Медицина мен ғылым жолын таңдаған жастарға қандай кеңес берер едіңіз?

– Мен студенттеріме үнемі бір нәрсені айтып жүремін: егер сіз бала кезіңізден дәрігер болуды армандасаңыз, бұл жай кездейсоқ таңдау емес. Сол арманыңызды ешқашан ұмытпаңыз. Сізді медицина университетіне алып келген басты мақсат – адамдарға көмектесу. Бұл – жүректің шақыруы. Әрине, жолда түрлі қиындықтар кездеседі. Бірақ бастапқы мақсатыңызды ұмытпасаңыз, ол сізге бағыт көрсететін жұлдыздай болады.

Фото: Құралай Атагелдиеваның жеке мұрағатынан

– Ғылым мен медицинада жұмыс істеудің ең қиын тұсы қандай?

– Әйел адам үшін ең үлкен қиындықтардың бірі – жұмысты, отбасын және жеке өмірді қатар алып жүру. Кейде мұны «екінші ауысым» деп те атайды. Жұмыста еңбек етіп, үйге келген соң да түрлі міндеттер жалғасады. Ең қиын тұсы осы. Бірақ қолдау болса, бәрі жақсы болады.

– Қазіргі кезде сіз бірнеше бағытта қатар жұмыс істейсіз бе?

– Иә, менің өмірімде үш негізгі рөл бар. Біріншісі – дәрігер-эндокринолог. Мен пациенттерді Республикалық диагностикалық орталықта қабылдаймын. Екіншісі – оқытушы. Назарбаев университетінің Медицина мектебінде ішкі аурулар тәжірибесі курсының директоры әрі эндокринология курсының жетекшісімін. Үшіншісі – ғалым. Қант диабеті және жүктіліктің қайталама үзілуі тақырыптарында зерттеу жүргіземін. Шынымды айтсам, осындай әртүрлі бағыттардың болуы кәсіби тұрғыда қажып кетудің алдын алуға көмектеседі.

– Алдағы ғылыми және кәсіби жоспарларыңыз қандай? Диабетке қатысты қандай жаңа бастамаларды жүзеге асырғыңыз келеді?

– Менің үлкен мақсатым – Diabetes Research and Training Center of Excellence атты орталық ашу. Бұл диабет бойынша зерттеу мен оқытуды біріктіретін ғылыми-білім беру орталығы болады. Қазірдің өзінде Назарбаев университетінде осы бағытта жұмыс істейтін ғылыми команда бар. Ал болашақта эндокринолог дәрігерлерге арналған кәсіби тренингтер өткізу, пациенттер мен олардың туыстарына арналған оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру, бірінші типтегі диабет пен инсулиндік помпаларды қолдану бойынша курстарды дамыту жоспарланып отыр. Біздің мақсатымыз – Қазақстанда ғана емес, жалпы Орталық Азияда диабетті ерте анықтау мен емдеу сапасын арттыруға үлес қосу.

– Сұқбатыңызға рақмет!

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Наурыз 2026 19:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары