Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Анас Баққожаев: Заң жобасы жауапкершілікке негізделген

Анас Баққожаев: Заң жобасы жауапкершілікке негізделген

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Жуырда Мәжіліс «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарады. Себебі кейінгі жылдары елімізде қаңғыған жануар­лар мәселесі ушығып кетті. Шағым да азаймай тұр. Аталған заң жобасындағы негізгі өзгерістер мен толықтырулар туралы Мәжіліс депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Анас БАҚҚОЖАЕВ сұхбат барысында жан-жақты түсіндіріп берген еді.

– Анас Ахатұлы, 2021 жылы қабылданған заңға қайтадан түзетулер енгізу қажеттілігі не себепті туындады? Қолданыста болған «ұстау-стерилизация-вакци­нация-қайта жіберу» моделінің нақты қандай олқылықтары анық­талды? Жалпы, бұл мәселені қайта қарауға қандай статистикалық көрсеткіштер негіз болды?

– Жануарларға қатысты заңна­маны қайта қарауымызға бес жылдан бері қолданылып келе жатқан қазіргі заңдағы «ұстау-стерилизация-вакцинация-қайта жіберу» моделінің ел күткендегідей нәтиже бермеуі негізгі себеп болып отыр. Кейінгі жылдары қаңғыған иттердің саны мүлдем азайған жоқ. Онымен қоса адамдарға айбат шегіп, қабу фактілері көбейіп кетті. Әсіресе балалардың қауіпсіздігі өзекті бола түсіп, өткір мәселе ретінде көтеріле бастады. Сонымен қатар жергілікті жерлерде заңды іске асыру тетіктері біркелкі жұмыс істеген жоқ. Құзыретті органдардың мәліметіне сүйенсек, 2022 жылы 36,7 мың, ал былтыр 41 мыңнан аса адамды ит қапқан. Бұл сандар қауіпсіздік мәселесін бірінші орынға шығаруымызға мәжбүр етті.

– Қаңғыған жануарларға қатыс­­ты қайтадан ортаға жіберу тәсілінен қайтарымсыз аулауға көшу қаншалықты негізді шешім болды? Бұл қадамның халықаралық тәжірибе мен әлемдік стандарттармен сәйкестігі бар ма?

– Әрине, әлемдік стандарттармен ішінара сай келеді деп айта аламыз. Алайда жаңадан енгізіліп жатқан модель гуманистік және бақылаулы эвтаназия қағидаларымен бірге қолданылуға тиіс. Оны Үкімет қадағалайды деп үміттенемін. Жалпы, халықаралық тәжірибеде 3 тәсіл бар, яғни аулау, стерилизация, вакцинация және қайта жіберу моделі. Сосын панажайға орналастыру және асырап алуға беру. Үшіншісі – қауіпті немесе агрессивті жануарларды қайтарымсыз негізде оқшаулау, яки эвтаназия. Осы үшінші модель еліміздегі қоғамдық қауіпсіздік басымдығы негізінде енгізіліп отыр. Әсіресе агрессивті, топ болып шұбырып жүретін, адамға айбат шегетін қаупі бар иттерге қатысты халықаралық тәжірибеге қайшы емес.

– Заң жобасына енгізілген бұл өзгерістерді әзірлеу барысында қоғам пікірі қаншалықты еске­рілді? Тұрғындардың қауіпсіз­дікке қатысты шағымдары, зооқорғау­шылар­дың ұсыныстары және жергі­лікті атқарушы органдардың тәжірибесі қандай деңгейде назарға алынды?

– Қоғам пікірі бұл түзетулерде өте үлкен рөл атқарды. Барлық тарап жұмыс барысындағы әр жиналысқа еркін қатыса алды. Талқылау кезінде жаруарлар құқығын қорғаушылардың ұсыныстары ғана емес, тұрғындардың да қауіпсіздікке қатысты шағымдары, әкімдіктердің нақты тәжірибеде туындаған мәселелері, ветеринар мамандардың қорытындылары қаралды. Яғни түзетулер тек эмоциялық пікірге емес, нақты статистика мен өңірлік тәжірибеге, өмірден алынған жағдайларға сүйеніп әзірленді.

– Ал жануарларға қатыгездік танытатындарға және үй жануарларын көшеге тастап кететіндерге қатысты жауапкершілік қандай деңгейде күшейтіледі? Заң жобасында бұл бағытта қандай нақты тетіктер қарастырылған?

– Иә, түзетулердің маңыз­ды бағы­ты иелердің жеке жауапкер­шілігін күшейтуді көздейді. Заңның бұл жағын зооқорғаушылар айта бермейді. Себебі оларға заңның тиімсіз болып көрінуі қажет. Жасыратын несі бар, жануарлар құқығын қорғаушылар ит иелері жауапкершілігінің күшейгені туралы біліп отырса да, оны айтпайды. Олар Мәжіліс депутаттарын сүйкімсіз, қатыгез, тек біржақты көзқарас ұстанатын адамдар ретінде көрсеткісі келіп отыр. Ал негізі жауапкершілікті күшейту – заңның негізгі өзегі. Енгізіліп отырған шаралар жануарға қатыгездік көрсеткені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті нақтылау, жануарды көшеге тастап кеткені үшін айыппұл салу, міндетті тіркеу мен чиптеу талабын бұзғаны үшін жауапкершілікті енгізу, иттің қапқанынан болған залалды иесіне жүктеу сияқты нақты нормаларды қамтиды. Бұл нормалар «жануар тек меншік емес, иесі бар тіршілік иесі» деген қағиданы күшейтіп отыр.

– Осы тұста тағы бір маңызды мәселеге назар аударғымыз келеді. Мәселен, қаңғыған немесе иесіз иттің адамға шабуыл жасауы жағдайында жауапкершілік кімге жүктеледі? Ал егер жануардың иесі анықталса, заң бойынша қандай шаралар қолданылады?

– Өте орынды мәселені қозғап отырсыз. Мұнда жауапкершілік екі деңгейде қаралады. Егер ит иесіз болса, жауапкершілік жергілікті атқарушы органға және аулауды ұйымдастыратын коммуналдық қызметке жүктеледі. Олар уақытылы аулауға, қауіпті аумақтарды мониторингілеуге, тұрғындардың өтінішіне жедел әрекет етуге міндетті. Егер оны орындамай селқостық танытса, сол үшін жауапты болады. Екінші жағдайға келсек. Егер иесі анықталса, онда әкімшілік айыппұл салынады, келтірілген зиянды өтейді, ауыр зардап болса, қылмыстық жауапкершілікке дейін қаралады. Мысалы, 2024 жылы Маңғыстау облысында жергілікті кәсіпкердің «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы сатып алған 20 ешкісін бұралқы иттер талап, қан-жоса етіп қырып тастаған. Сол кезде заңда нақты жауапкершілік болмағандықтан мал иесі мемлекеттік мекемелерді сотқа бере алмады. Енді мұндай мүмкіндікке жол ашылады.

– Жаңа түзетулерге сәйкес ит иелеріне қандай нақты міндеттер жүктеледі? Міндетті тіркеу, чиптеу, вакцинация және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік талаптары қалай реттеледі?

– Жаңа түзетулерде міндетті чиптеу және тіркеу, вакцинация, қоғамдық орында қарғыбау, қажет болса тұмылдырық тағу, итті қараусыз жібермеу, агрессивті тұқымдарға арнайы бақылау, көбеюін бақылау (стерилизацияны ынталандыру), жануарды тастап кетпеу сияқты нақты жауапкершілік көзделген.

– Панажайлар мен уақытша ұстау орталықтарын дамыту, олар­ды қаржыландыру және асырап алуды ынталандыру бағытында қандай нақты шара қарастырылып отыр?

– Түзетулердің маңызды бағыты ретінде панажай желісін дамытуға мән берілді. Мысалы, мемлекеттік тапсырыс арқылы панажайларды қаржыландыру, мемлекеттік-жекешелік серіктестік, жануарларды уақытша ұстау орталықтарын кеңейту, асырап алуды ынталандыру бағдарламалары және тағы басқа. Қаржыландыру деңгейі әр өңірде әртүрлі. Бірақ мұнда бір айта кететін жайт бар. Мысалы, панажайға орналастырылған, бірақ иесі жоқ немесе қаңғыған иттерді ұстау мерзімі 5-ақ күн болып бекітілді. Яғни мұнда бюджет қаражатын иттерге жұмсай берудің қандай қажеттілігі бар, деген заңды да өзекті сұрақ туады. Ал мұның жауабын табу қиын емес. Тек ысырап. Бірақ осы 5 күнді жергілікті халық аздық қылса, онда панажайлар немесе итке жаны ашығандар мәслихатарға жүгініп оны созуға өтініш жасай алады.

– Міндетті чиптеу жүйесі нақты қалай жүзеге асады? Бұл тетік жануар иесін анықтау, адамға жүгіру фактілерін тіркеу және қаңғыған жануарлар мәселесінің алдын алу тұрғысынан қаншалықты тиімді болады?

– Чиптеу дегеніміз – жануарға тері астына салынатын микрочип орнату арқылы бірыңғай дерекқорға енгізу. Ветеринар клиникада чип салынады, кейін иесі чиптің жеке сәйкестік нөмірімен оны базаға тіркейді, сосын оған барлық вакцинация тарихы тіркеліп отырады. Ондай ит жоғалған жағдайда чип арқылы иесін анықтауға болады. Қабу немесе заңбұзушылық болса, иесі тез табылады. Бұл норма қаңғыған жануар мәселесін шешудегі ең маңызды алдын алу тетіктерінің бірі ретінде қарастырылып отыр.

– Заң жобасына енгізіліп отырған өзге қандай жаңа нормалар мен тетіктерді ерекше атап өте аласыз? Қоғамдық қауіпсіздік пен жануарларды қорғау арасындағы тепе-теңдік қалай сақталады?

– Заң жобасындағы негізгі қосымша жаңашылдықтар мынадай: қауіпті иттерге жеке талаптар қою, топтасқан иттерге жедел әрекет ету, эвтаназия рәсімін нақты регламенттеу, жануарларды тастау фактісін чип арқылы дәлелдеу, жануар иелерін сақтандыру мәселесін болашақта енгізу мүмкіндігі, қоғамдық орындардағы серуендеу ережелерін күшейту, балалар алаңдары, мектеп маңында арнайы шектеулер енгізу.

Жалпы, түзетулердің философиясына келсек, жануарларды қорғау мен азаматтардың қауіпсіздігі арасындағы тепе-теңдікті табуға негізделді. Бірін қорғаса, екіншісі зардап шекпеуі керек.

Әңгімелескен­­ –

Жасұлан СЕЙІЛХАН,

«Egemen Qazaqstan» 

Соңғы жаңалықтар

Несие – несібе емес

Несие • Бүгін, 08:10

Жолаушы қауіпсіздігі – жауапты міндет

Қоғам • Бүгін, 08:05

Анас Баққожаев: Заң жобасы жауапкершілікке негізделген

Сұхбат • Бүгін, 08:00

Қаржы ұйымымен келелі келіссөз

Саясат • Бүгін, 07:55

Бейбітшілікке үндеген жаһандық саммит

Саясат • Бүгін, 07:50

Кекілбаев тұлғасына арналған кітап

Қоғам • Бүгін, 07:48

Халықаралық шарт пен келісім мақұлданды

Саясат • Бүгін, 07:45

Штутгарттағы сәтті старт: Елена Рыбакина келесі кезеңге өтті

Теннис • Кеше

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе

Аймақтар • Кеше

Бір кәуап – 950 мың теңге: Бразилияда туристерді алдаған топ ұсталды

Әлем • Кеше

Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды

Қоғам • Кеше

Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды

Спорт • Кеше

«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды

Саясат • Кеше

Президент «Ялла» ансамблінің көркемдік жетекшісі Фаррух Закировке құттықтау жеделхатын жолдады

Президент • Кеше

Бибісара Асаубаева көш басына шықты

Шахмат • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:121
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Сәуір 2026 08:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see141

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see140

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see134

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see134

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see132

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see130

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see127

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see123

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see122

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see111

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see110

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see110

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see109

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see109

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see108

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see108

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see106

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары