Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Үкімет үйіндегі қарбалас: Кеңейтілген отырыстың объективке іліккен сәттері

Белгілі кәсіпкердің өлімі: Басты күдіктіге сот үкімі шықты

14 жастағы Ахмади Маханов мансабындағы алғашқы ITF Juniors титулын жеңіп алды

Жаңа Конституция жобасы қоғам мен билік арасындағы диалогты нығайтады Нұралы Әбішев

Жаңа Конституцияда өтпелі кезеңнің барлық рәсімдері, мерзімдері мен регламенттері нақты жазылады

Қарағанды облысында мұз жарылып, отбасылы жұп көлігімен бірге өзенге батқан

Халықаралық сарапшы Қазақстанның отын энергетика кешенін цифрландыруға көмектеседі

Чесноков Шотландияның Хартс сапында алғаш рет негізгі құрамда өнер көрсетті

Жаңа Конституция жобасының әр бабына шамамен 52 ұсыныстан түсті Серік Егізбаев

Олимпиада 2026: Қазақстан спортшысы шаңғы қоссайысынан өз нәтижесін жақсартты

Шымкентте полиция 1,2 млн теңгенің ұрлығын әшкереледі

Итальян спортшысы алты қысқы Олимпиадада қатарынан алтын алған алғашқы әйел атанды

Президент: Тозығы жеткен теміржол инфрақұрылымы әлі де көп

Киберполицейлер бірнеше алаяқтық схемаға қатысы бар дропперді ұстады

Денис Никиша келесі кезеңге өте алмады

Маңғыстауда қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз

Президент: Біз адам құқығының қорғалуына кепілдік беретін біртұтас жүйе қалыптастырамыз

Тимур Сүлейменов: БЖЗҚ дан қаражат алу шегінің тәсілдерін қатаңдату қажет

AMANAT : Ақмола облысының белсенді әйелдері мемлекет дамуына қатысты бастаманы талқылады

Қазіргі Конституциямыздың мән маңызын ешкім жоққа шығармайды Тоқаев

Партиялық тізімге негізделген сайлау жүйесі

Партиялық тізімге негізделген сайлау жүйесі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Кейінгі жылдары еліміз өзінің саяси жүйесінің құрылымын жүйелі түрде қайта ой елегінен өткізіп келеді. Бұл үрдіс жекелеген институттарды формальды өзгертуге емес, мемлекеттік биліктің мазмұнын, оның қоғам алдындағы жауапкершілігін және тиімділігін арттыруға бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда, Президент ұсынған Парламентті бірпалаталы жүйеге көшіру бастамасы мемлекеттік басқару жүйесінің болашағына тікелей әсер ететін маңызды саяси реформа ретінде қарастырылуға тиіс.

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Нақ­тырақ айтсақ, бірпалаталы Пар­ла­ментке көшу заң шы­ға­рушы билік­тің жауап­кер­шілік деңгейін арттыруды, шешім қа­был­дау үдерісінің айқындығы мен жеделдігін қамтамасыз етуді көздейді. Яғни заң­дар­дың сапасы, олардың қоғамдық сұранысқа сәйкестігі және іске асырылу тиімділігі үшін жауапкершілік толықтай бір органның мойнына жүктеледі. Осы тұрғыдан алғанда, депутаттарды қандай қағидат бойынша сайлау қажет деген сұрақ, шын мәнінде, қандай Пар­ла­мент қажет деген сұрақпен тікелей байланысты. Сондықтан бірпалаталы Парламент жағдайында депутаттарды тек партиялық тізім бойынша сайлау туралы ұстаным эмоциялық немесе саяси ұрандарға емес, құқықтық негіздерге, халықаралық тәжірибеге және институционалдық тиімділік қағи­дат­тарына сүйенуге тиіс.

Бірпалаталы модельдің құрамы сөзсіз жүйелі, болжамды әрі кәсіби болуы қажет. Мұндай сапаға кездейсоқ не тек жергілікті дең­гей­де танымал тұлғалар арқылы емес, ортақ саяси бағдарлама мен ұжымдық жауапкершілікке негізделген өкілдік арқылы қол жеткізуге болады. Дәл осы жерде партиялық тізім бойынша сайлау қағидаты алдыңғы қатарға шы­ғады. Өйткені партия сайлауға нақты бағдарлама ұсынады, ал сол партия атынан сайланған депутаттар бұл бағдарламаны іске асыруға саяси әрі моральдық жауапкершілік алады. Нәтижесінде, сайлаушы дауыс берген шешімнің кім және қалай орындалатынын көре алады. Ал сайлау жүйесі әлсіз немесе фрагменттелген жағдайда Парламентте ортақ бағыттың болмауы, шешімдердің жүйесіз қабылдануы, тіпті жауапкершіліктің әр тарапқа ыдырауы секілді құбылыстар орын алуы бек мүмкін. Мұндай жағдай заң шығару сапасына ғана емес, жалпы мемлекеттік басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.

Бірпалаталы Парламентті қалыптас­ты­руда партиялық тізімге негізделген сайлау моделін таңдаудың орынды екенін халықаралық тәжірибе де растайды. Әлемдік саяси тәжірибе көрсетіп отырғандай, ең тұрақты әрі тиімді демократиялық мемлекеттердің басым бөлігі заң шығарушы органды пропорцио­налды сайлау жүйесі, яғни пар­тия­лық тізім арқылы қалыптас­ты­ра­ды.

Скандинавия елдері, Батыс және Орта­лық Еуропаның көптеген мемлекеті, сондай-ақ Латын Америкасындағы бір­қатар демократиялық құндылықты негізге алған елдер ондаған жыл бойы осы модельді қолданып келеді. Олардың тәжірибесі пропорционалды жүйе саяси тұрақсыздықтың көзі емес, керісінше құрылымдық орнықтылықтың маңызды факторы екенін айғақтайды. Мұндай мемлекеттерде саяси үдерістер болжамды сипат алады, ал билік институттары қоғам алдында жүйелі түрде есеп береді.

Бұл тұжырымды халықаралық сарапшылар да қолдайды. Мәселен, Венеция комиссиясы өз қорытындыларында пропорционалды өкілдік жағдайында оппозициялық күштердің Парламентте анағұрлым кең ұсынылатынын, ал мұн­дай жүйе саяси партиялардың дамуына және олардың қоғамдық-саяси ықпалының артуына әсер ететінін бірнеше рет атап өткен. Бұл өз кезегінде саяси плюрализмнің сақталуына және билікке қоғамдық бақылаудың күшеюіне жағдай жасайды.

Дамыған демократиялардың тәжіри­бесі тағы бір маңызды жайтты көрсетеді: коалициялық үкіметтер жиі құрылатын елдердің өзінде пропорционалды сайлау жүйесі мемлекеттік басқаруды әл­сірет­пейді. Керісінше, құқықтық кепіл­діктер мен саяси мәдениет қалып­тасқан жағдайда мұндай модель билік тармақтарының теңгерімін сақтауға, шешім қабылдаудағы жауапкершілікті нақтылауға мүмкіндік береді. Осылайша, пропорционалды сайлау жүйесіне қатысты «тұрақсыздық тудырады» деген пікір ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан негізсіз екені байқалады.

Сайлау жүйелері арасындағы айыр­ма­шылықты тек формальды рәсімдер арқылы емес, олар қалыптас­тыратын саяси институттардың сапасы арқылы бағалау маңызды. Мажоритарлық жүйе, әдетте, жеке кандидаттың танымалдығына немесе жергілікті деңгейдегі ықпалына сүйенеді. Мұндай жағдайда депутат көбіне белгілі бір аумақтың немесе тар шеңбердегі сайлаушылардың мүддесін алдыңғы орынға қояды. Бұл тәсіл кейбір жағдайларда жергілікті мәселелерді кө­теруге мүмкіндік бергенімен, ұлт­тық деңгейде ортақ саяси бағыт пен бағдарламалық бірізділіктің әлсіреуіне алып келуі мүмкін. Ал пропорционалды сайлау жүйесі саяси бәсекені жеке тұлғалар арасында емес, партиялық бағдарламалар мен идеялар арасында қалыптастырады. Мұнда негізгі рөлді сая­си партиялар атқарады, ал олар қоғамға белгілі бір даму бағытын ұсынады. Нәтижесінде, Парламенттегі пікірталас жекелеген мәселелердің төңірегінде ғана емес, мемлекеттік саясаттың тұтас бағыты аясында жүргізіледі.

Партиялық тізімге негізделген сайлау жүйесінің түпкі мәні – сайлаушының жеке кандидатқа емес, нақты саяси бағдарламаға дауыс беруінде. Елдегі партиялар өз саяси платформаларында әлеуметтік саясат, экономикалық даму, өңірлерді қолдау, білім мен денсаулық сақтау, кәсіпкерлікті ынталандыру сияқты нақты басымдықтарды айқындап келеді. Мәселен, Парламент алаңында жұмыс істеп жатқан «Ақ жол» демократиялық партиясы экономикалық еркіндік, кәсіпкерлікті қорғау мен жүйелік реформалар мәселелеріне басымдық береді. «Қазақстанның Халық партиясы» әлеуметтік әділеттілік пен еңбек қатынастары саласындағы бас­тамаларды күн тәртібіне шығарады, «Ауыл» партиясы өңірлік және аграрлық даму мәселелерін жүйелі түрде көтеріп отыр. Ал «Amanat» партиясының бағдарламалық міндеттері кейінгі жылдары бірқатар нақты жоба арқылы жүзеге асырылды. Ашып айтқанда, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында былтыр 100 мыңдаған адамға қаржылық кеңес беру, құқықтық сүйемелдеу, борыштарды қайта құрылымдау мәселелері жөнінен нақты көмек көрсетілді. «Жастарға – жұмыс» жобасы аясында партия Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе өңірлерде бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұйым­дастырып, өткен жылы 150 мың жас азамат еңбек нарығындағы мүмкіндіктерге қол жеткізді.

Бағдарламалық жауапкершілік пар­тия­ның заң шығарушылық қыз­метін­де де көрініс тапты. 2025 жылы Мәжі­ліс­тегі «Amanat» фракциясының бас­тамасымен шамамен 90 бастамашыл заң жобасы әзірленіп, парламенттік талқылауға ұсынылды. Бұл заң жобалары әлеуметтік саясат, еңбек қатынастары, экономикалық реттеу және мемлекеттік басқару салаларын қамтыды. Осындай бағдарламалық құрылым партиялық тізім жүйесінің басты артықшылығын айқын етеді: партия сайлауда қандай уәде, қандай басымдықпен шықса, сол үшін саяси жауап береді. Ал партия атынан сайланған депутаттар осы бағдарламаны іске асырушы өкілдік институт ретінде әрекет етеді. Мұндай тетік партияларды өз бағдарламаларын қағаз жүзінде қалдырмай, заңнамалық бастамалар мен нақты шешімдер арқылы іске асыруға ынталандырады. Бір жағынан Парламент жұмысының ішкі тәртібіне де оң әсер етеді. Депутаттар жеке бастамалардан гөрі партиялық бағдарламаға сүйеніп әрекет етеді. Сонымен қатар бағдарламалық саясат қоғамдық пікірталастың сапасын арттырады.  Яғни талқылау нақты ұсыныстар мен даму жолдары төңірегінде өрбиді. Бұл демократиялық саяси мәдениеттің қалыптасуына және азаматтардың сайлауға саналы қатысуына ықпал етеді.

Партиялық тізімге негізделген сайлау жүйесіне қатысты талқылауларда бірмандаттық округтерді қолдаушылар көбіне депутат пен сайлаушы арасындағы «тікелей байланысты» бас­ты артықшылық ретінде алға тартады. Шынында да, мұндай модельде депутат белгілі бір аумақтың өкілі ретінде әрекет етеді. Алайда тәжірибе көрсеткендей, бұл байланыс әрдайым нақты саяси жауапкершілікке ұласа бермейді.

Құқықтық тұрғыдан алғанда, бірман­даттық жүйенің негізгі кемшілігі – ұжымдық саяси жауапкершіліктің болмауы. Мұндай жағдайда депутат нақты партиялық бағдарламаға немесе ортақ саяси міндеттерге байланбайды. Демек ол өз ұстанымын саяси конъюнктураға қарай өзгерте алады. Бірпалаталы Пар­ламент жағдайында бұл мәселе одан әрі ушыға түседі. Егер заң шығару билігі бір ғана органның шеңберінде шоғырланса, онда сол органның ішкі тәртібі, жауапкершілік жүйесі және шешім қабылдау логикасы айқын әрі тұрақты болуы қажет.

Сонымен қатар мажоритарлық жүйе әкімшілік ресурстың ықпалына көбірек ұшы­райтыны да жиі атап өтіледі. Мұндай жағдайда ұйымдастырушылық немесе жергілікті факторлар әсер ету қаупі артады. Партиялық тізім жүйесінде бұл тәуекелдер едәуір төмендейді. Себебі сайлау бәсекесі жеке округтерде емес, ел көлеміндегі бағдарламалар мен сая­си ұстанымдар деңгейінде өтеді. Бұл әкімшілік ықпалдың шектен тыс әсерін азайтып, сайлау нәтижелерінің әділдігі мен ашықтығын күшейтеді.

Партиялық тізім бойынша сайлауға қатысты жиі айтылатын уәждердің бірі – өңірлік өкілдіктің әлсіреуі туралы. Бұл алаңдаушылық былай қарағанда қисынды көрінуі мүмкін. Алайда мәселені құқықтық және институционалдық тұр­ғыдан қарастырсақ, мұндай тұжы­рым­ның негізсіз екені аңғарылады.

Қазіргі заманғы саяси партиялардың барлық өңірді қамтитын, тұрақты жұмыс істейтін филиалдық желіге сүйенетін ұйымдары бар. Еліміздің «Саяси партиялар туралы» заңында партиялардың барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда бөлімшелері болуы міндеттелген. Бұл талап партияларды өңірлермен жүйелі түрде жұмыс істеуге және жергілікті мәселелерді сая­си күн тәртібіне енгізуге мәжбүр етеді. Партиялық тізімдерді қалыптастыру кезінде өңірлік теңгерім, кәсіби әртүрлілік және әлеуметтік өкілдік ескеріледі. Бұл тәсіл белгілі бір аумақтың ғана емес, барлық өңірдің мүддесін кешенді түрде қамтуға мүмкіндік береді. Өңірлік бөлімшелер арқылы жергілікті мәселелер жиналып, талданып, партиялық фракция­лар арқылы заңнамалық бастамаларға айналуы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, партиялық тізім жүйесі өңірлік өкілдікті әлсіретпейді, керісінше оны жүйелі, ашық және жауапты форматқа көшіреді.

Маңыздысы – партиялық тізім жүйесі партиялардың өз ішіндегі кәсіби іріктеу тетіктерін дамытуға ықпал етеді. Кандидаттар тізімін қалыптастыру кезін­де партиялар заң шығару жұмысына қабілетті, сараптамалық әлеуеті бар тұлғаларды іріктеуге мүдделі болады. Бұл Парламенттің жалпы кәсіби деңгейін арттыруға әсер етеді.

Осылайша, Қазақстандағы саяси партиялардың қазіргі институционалдық дамуы партиялық тізімге негізделген сайлау жүйесін енгізуге объективті алғышарттар қалыптастырып отыр. Сондай-ақ бұл жүйе шешім қабылдау логикасын айқындайды. Саяси тізбек анық қалыптасады: партия – бағдарлама – заң шығару – сайлаушы бағасы. Мұндай айқындық бірпалаталы Парламенттің тиімді жұмыс істеуінің негізі болады.

Бірмандаттық округтер жергілікті өзін-өзі басқару деңгейінде өз орнын табуы мүмкін. Алайда Парламент – бүкіл елдің тағдырына жауапты орган. Сондықтан оның құрамы айқын саяси ұстанымдарға, ұжымдық жауап­кер­шілікке және институцио­налдық тәртіпке сүйене отырып қалыптасуға тиіс.

Халықаралық тәжірибе, құқықтық сараптама және Қазақстандағы партия­лық жүйенің қазіргі даму деңгейі партиялық тізімге негізделген сайлау жүйесінің қисынды әрі уақыт талабына сай екенін көрсетіп отыр. Егер еліміз Парламенттің рөлін күшейтуді, мемлекеттік шешімдердің сапасын арттыруды және орнықты партиялық жүйе қалыптастыруды мақсат етсе, депутаттарды тек партиялық тізім бойынша сайлау – саяси тұрғыдан да, құқықтық тұрғыдан да негізделген таңдау. Бұл – реформаның сыртқы формасы емес, оның ішкі мазмұнын айқындайтын шешім.

Берік БЕКЖАНОВ,

Президент Іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институты директорының орынбасары 

Соңғы жаңалықтар

Әділеттілік пен тұрақтылықты айқындайды

Пікір • Бүгін, 09:05

Партиялық тізімге негізделген сайлау жүйесі

Реформа • Бүгін, 09:00

«Ақылды» транзиттің мүмкіндігі

Экономика • Бүгін, 08:55

Тұрғын үй ережесі түбегейлі өзгерді

Қоғам • Бүгін, 08:50

Құрылтай депутаттары қалай сайланады?

Сайлау • Бүгін, 08:49

Түйе сүті шетел нарығына шығады

Экспорт • Бүгін, 08:48

Әбіш әлемімен танысқан оқушылар

Байқау • Бүгін, 08:45

Иманқара үңгірінің құпиясы

Таным • Бүгін, 08:43

Қос нысанның қадасы қағылды

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Тау тұлғалы азамат

Тұлға • Бүгін, 08:38

Алты балуан жеңіс тұғырына көтерілді

Күрес • Бүгін, 08:35

Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі қанша жыл?

Саясат • Бүгін, 08:34

Ахмет Байтұрсынұлы Астраханға барған ба?

Тарих • Бүгін, 08:33

Жаңару бастамасы және өнеркәсіп мүддесі

Экономика • Бүгін, 08:30

14 жасында чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:28

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:40
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Ақпан 2026 09:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Үкімет үйіндегі қарбалас: Кеңейтілген отырыстың объективке іліккен сәттері

10 Ақпан 2026 20:23see120

Белгілі кәсіпкердің өлімі: Басты күдіктіге сот үкімі шықты

10 Ақпан 2026 21:17see117

14 жастағы Ахмади Маханов мансабындағы алғашқы ITF Juniors титулын жеңіп алды

10 Ақпан 2026 22:42see117

Жаңа Конституция жобасы қоғам мен билік арасындағы диалогты нығайтады Нұралы Әбішев

10 Ақпан 2026 17:49see116

Жаңа Конституцияда өтпелі кезеңнің барлық рәсімдері, мерзімдері мен регламенттері нақты жазылады

10 Ақпан 2026 16:59see115

Қарағанды облысында мұз жарылып, отбасылы жұп көлігімен бірге өзенге батқан

11 Ақпан 2026 22:51see113

Халықаралық сарапшы Қазақстанның отын энергетика кешенін цифрландыруға көмектеседі

10 Ақпан 2026 19:06see112

Чесноков Шотландияның Хартс сапында алғаш рет негізгі құрамда өнер көрсетті

11 Ақпан 2026 10:46see111

Жаңа Конституция жобасының әр бабына шамамен 52 ұсыныстан түсті Серік Егізбаев

10 Ақпан 2026 17:50see110

Олимпиада 2026: Қазақстан спортшысы шаңғы қоссайысынан өз нәтижесін жақсартты

11 Ақпан 2026 19:08see110

Шымкентте полиция 1,2 млн теңгенің ұрлығын әшкереледі

11 Ақпан 2026 09:11see110

Итальян спортшысы алты қысқы Олимпиадада қатарынан алтын алған алғашқы әйел атанды

11 Ақпан 2026 11:44see110

Президент: Тозығы жеткен теміржол инфрақұрылымы әлі де көп

10 Ақпан 2026 15:46see110

Киберполицейлер бірнеше алаяқтық схемаға қатысы бар дропперді ұстады

10 Ақпан 2026 18:12see109

Денис Никиша келесі кезеңге өте алмады

10 Ақпан 2026 16:49see109

Маңғыстауда қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз

11 Ақпан 2026 16:56see109

Президент: Біз адам құқығының қорғалуына кепілдік беретін біртұтас жүйе қалыптастырамыз

10 Ақпан 2026 12:25see108

Тимур Сүлейменов: БЖЗҚ дан қаражат алу шегінің тәсілдерін қатаңдату қажет

10 Ақпан 2026 14:02see108

AMANAT : Ақмола облысының белсенді әйелдері мемлекет дамуына қатысты бастаманы талқылады

10 Ақпан 2026 18:10see108

Қазіргі Конституциямыздың мән маңызын ешкім жоққа шығармайды Тоқаев

10 Ақпан 2026 12:01see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары