Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жангелдин ісі: Сәрсемалиев әкесі сөйлегенде жылап жіберді, ал анасы бекем болуға шақырды

Қазақстан мен Ресей Қытайға мұнай жеткізуді арттыруға келісті

Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды

Алматы әуежайында мысық чемодандармен бірге берілді полиция тексерісті бастады

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

​Депутаттар Атыраудың өзі қаржыдан тарығып отырғанын мәлімдеді

LRT ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Қазақстанда жаңа туған сәбилерге негізгі жауапкершілік педиатрларға қайта жүктеледі

ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды

Көкшетауда пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен бала құтқарылды

Трамп жаңа мәлімдеме жасады: Иран ядролық қарудан бас тартуы мүмкін

Украиналық дрон ЗАЭС тің ғимаратына соғылды

Лондондағы Мисс Кәусар

Цифрлық трансформация Еуразиялық ықпалдастықтың басым бағыты

Ресейден ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты алып кірмек болған

Қашағанда маусымға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары кейінге қалдырылды БАҚ

Қызыл кітапқа енген керқұландар табиғатқа жіберілді

Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты

Путин: Ресей Украина бойынша келіссөзден ешқашан бас тартқан емес

Білікке негізделген жаңарудың өлшемі

Білікке негізделген жаңарудың өлшемі

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жаңа жыл – жаңа мүмкіндік пен бастамалардың уақыты. Осы тұрғыдан алғанда Мемлекет басшысының «Turkistan» газетіне берген сұхбаты – елдің саяси-әлеуметтік және экономикалық күн тәртібін айқындап беретін бағдарлы әңгіме. Сұхбаттың өзегінде бір ой айқын: Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне аяқ басты, ендігі міндет – реформаны нәтиже өлшемімен дәлелдеу.

Сурет: gov.kz

Президент «Заң және тәртіп» қағидатын мемлекеттік басқарудың темірқазығына айналдыру қажеттігін нақтылады. Бұл – тек құқық қорғау жүйесі­нің міндеті емес, мемлекеттік аппараттың барлық буынына қатысты басқарушылық талап. Заң үстемдігі орнықпайынша, әділетті бәсеке қалыптаспайды; әділетті бәсеке болмайынша, экономика өнімді болмайды; ал өнімді экономика болмаса, әлеуметтік міндеттемелердің де сапасы төмендейді. Сондықтан «заң» мен «тәртіп» – мемлекет тұрақтылығының синонимі.

Сұхбаттағы түйінді тұс­тар­дың бірі – 2026 жылды «Цифр­ландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялау. Бұл бастамаға формальды ұран ретінде қарауға болмайды. Пре­зиденттің пайымы бойынша цифрлық шешімдер басқару­дағы дәлелді саясатты күшейтуге тиіс, дерекке сүйенген шешім қабылдау мәдениеті мемлекеттік жүйенің табиғи дағдысына айналуы қажет. Демек, цифрландыру – жауапкершілікті күшейтетін басқару құралы.

Еліміздің «цифрлық держава» болу талабы да дәл осы логи­ка­дан туындайды. Цифрлық егемендік – технология сатып алу ғана емес, мемлекет пен қоғам­ның бәсекеге қабілеттілігін сақтап қалу шарты. Жасанды интеллекті мен деректер экономикасы қалыптасқан дәуірде «ертеңге үлгеру» мәселесі әр ел үшін стра­те­гиялық тәуекел­ге айналды. Президенттің «болашақтың кемесіне мінген елдер мен ескі заманда қалған елдердің арасы алшақтай бастады» деген тұжы­рымы – геосаяси шындық.

Бұл ой білім саласына тікелей қатысты. Өйткені кез келген жаңғыру ең алдымен адам капиталы арқылы жүзе­ге асады. Мектеп – қоғамның ертеңгі кәсіби құрылымын қалыптас­тыратын орта. Мұғалім – сол құры­лымды ұстап тұрған негізгі тұлға. Сондықтан жасанды интеллектіні білім жүйе­сі­не енгізу мәселесін педагоги­ка­ның мазмұнын жаңар­­татын мүмкіндік ретінде қарас­тыру қажет.

Жасанды интеллект мұғалімді алмастырмайды. Керісінше, ұстаз­дың уақытын артық есеп-қисап пен қайталанатын рәсім­дер­ден босатып, оқу үдерісін жеке­лен­діруге, оқушының оқу траек­т­ориясын нақтылауға, бағалаудың әділдігін арт­тыруға мүмкіндік береді. Егер біз оқушыны «орташа деңгейге» теңестіре берсек, дарынды да, қолдауды қажет ететін де баланы жоғалтамыз. ЖИ құралдары – дәл осы олқылықтың орнын толтыратын әлеует.

Сұхбатта айтылғандай, цифрландыру бойынша Қазақстанның бастапқы мүм­кіндіктері жаман емес. Алайда мүмкіндікті сапалы нәтиже ету үшін екі шарт қажет: біріншісі – кадрлық әлеует, екіншісі – ашық әрі әділ ереже. Осы орайда «AI-Sana» сияқты бастамалардың кеңеюі маңызды. Жүздеген мың студенттің жасанды интеллект негіздерін меңгеруі – елдің болашақ еңбек нарығына жасалған инвестиция. Дегенмен көлемнің өзі жеткіліксіз: бізге мазмұн сапасы, қолданбалы жобалар, ғылыми зерттеу мен өндірістің байланысы және нақты құзыреттердің еңбек нарығында бағалануы керек.

Өңірлер үшін бұл міндеттің салмағы тіпті жоғары. Себебі цифрлық теңсіздік – әлеуметтік теңсіздіктің жаңа формасына айналуы мүмкін. Егер ауыл мектебі сапалы интернетсіз, заманауи құрылғысыз қалса, онда ол жердегі бала «кінәсіз түрде» бәсе­кеден тыс қалады. Сондықтан цифрландыруды енгізу – ең алдымен тең мүмкіндік саясаты. Мұнда «бірдей мүмкіндік» деген сөз – әр баланың сапалы білімге қол жеткізу жолын нақты қамтамасыз ету дегенді білдіреді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне келгенде Прези­дент ұстанымы – анық әрі кесім­ді: бұл күрес барлық деңгейде жүруге тиіс және ешбір сала «ерекше режім» сұрай алмайды. Жемқорлық – экономиканы да, моральдық кеңістікті де бүлдіретін құбылыс. Оның алдын алудың бір жолы – жазалау ғана емес, төзбеу мәдениетін қалыптастыру. Мектептің бұл үдеріс­тегі рөлі бөлек: адалдықты ұран­мен емес, күнделікті тәжіри­бемен үйрету қажет. Бала заңды қағаз жүзінде емес, өмірлік норма ретінде қабылдағанда ғана нәтижеге жетеміз.

Қазақстанның әлеуметтік мемлекет ретіндегі міндеттеме­лері туралы ой да сұхбатта кең қамтыл­ған. Әлеуметтік саясат­тың өлшемі – оның әділдігі мен ныс­аналығы. Әсіресе білім сала­сындағы қаржыландыру тетік­тері қоғамда әрдайым сезім­тал тақырып. Мемлекеттік қолдау бар жерде міндетті түрде ашықтық, есептілік және тең талап болуға тиіс. Мемлекет басшысы да осы бағытты нақтылап, аза­маттардың құқығы тең, еш­кімге артықшылық берілмеуі керек деген қағидатты айрықша атады. Бұл қағидат бюджет қара­жатын бөлу мен бақылау жүйе­сінде – бірінші кезекте – нақты ереже, толық цифрлық із және қоғамға түсінікті есеп түрінде көрініс табуға тиіс.

Отаншылдық туралы ай­тылған ойлар – бүгінгі қоғам үшін ерекше өзекті. Президенттің «Отаншылдық жылтырақ сөзбен бағаланбайды», деген түйіні – әсіре әрекет пен жасанды пафостан арылуға шақыру. Нағыз патриотизм – тәртіп, еңбек, жауапкершілік, табиғатты аялау, қоғам игілігі үшін нақты іс. «Таза Қазақстан» бастамасы да дәл осыны көздейді: тазалықты бір күндік сенбілікке емес, ұлт мәдениетінің өзегіне айналдыру. 2026 жылдың халықара­лық еріктілер жылы ретінде жария­лануы – осы идеологиямен үндесетін жаһандық бағдардың бір дәлелі.

Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысының сұхбаты бір мезетте үш міндетті айқындап берді: заң үстемдігін күшейту, цифрлық жаңғыруды нақты іске айналдыру және қоғам­дағы жауапкершілік мәдениетін орнықтыру. Енді біз бұл бағыт­тарды құжаттың саны ар­қылы емес, азаматтың күн­делікті өміріндегі әділдік пен сапа­ның артуы арқылы өлшеуге үйренуі­міз керек.

Түркістан облысының білім саласы үшін бұл сұхбаттың мәні бөлек. Себебі жаңа кезеңнің не­гізгі «сынағы» – мектеп пен мұға­лім­нің кәсіби деңгейі арқылы өтеді. Біз ұстаз беделін жүйелі қорғауға, оқушының болашағын сапалы біліммен қамтамасыз етуге міндеттіміз. Жаңғырудың жаңа кезеңі білік арқылы шынайы мазмұнға ие болады.

Ғалымжан ОРЫНОВ,

Түркістан облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 7,3 млн теңгенің жерін алаяқтықпен сатқан экс-директор сотталды

Заң • Бүгін, 00:19

ҚМДБ: фолловер санын бот арқылы көбейтуге тыйым салынады

Қоғам • Кеше

Алматыда құны 300 млн теңгеден асатын институт мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматы • Кеше

ЕАЭО-да шетелдік маркетплейстерден сатып алынатын тауар бажсыз жеткізіле береді

Сауда • Кеше

Тілсіз жау бір отбасын ойрандап кетті

Төтенше жағдай • Кеше

Жалған нөмірмен жүрген көліктер анықталды

Заң • Кеше

Yenlik Colors ән жобасына қатысатын алғашқы қазақстандық әнші болды

Жасанды интеллект • Кеше

TikTok-та қазақ ұлтына тіл тигізген Қостанай тұрғыны 2 жылға сотталды

Қоғам • Кеше

Иран келіссөз жүргізуді ұсынды, бірақ АҚШ диалогқа дейін әрекет етуі мүмкін

Әлем • Кеше

Қонаевтың рухына тағзым етті

Тұлға • Кеше

Биыл Павлодарда 10 балабақша мен 13 мектеп жөндеуден өтеді

Құрылыс • Кеше

Атырау облысында жоғалып кеткен отбасы: марқұм әйелдің соңғы аудиожазбасына қатысты жаңа дерек шықты

Қылмыс • Кеше

Ұлттық ұланның «BURKIT TEAM» командасы AMMA Азия чемпионатында жүлдегер атанды

Әскер • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады

Президент • Кеше

Депутат өңдеу өнеркәсібінің проблемаларымен танысты

Экономика • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:90
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 08:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жангелдин ісі: Сәрсемалиев әкесі сөйлегенде жылап жіберді, ал анасы бекем болуға шақырды

29 Мамыр 2026 20:39see113

Қазақстан мен Ресей Қытайға мұнай жеткізуді арттыруға келісті

29 Мамыр 2026 20:39see113

Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды

30 Мамыр 2026 15:58see112

Алматы әуежайында мысық чемодандармен бірге берілді полиция тексерісті бастады

29 Мамыр 2026 19:42see110

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

30 Мамыр 2026 12:16see108

​Депутаттар Атыраудың өзі қаржыдан тарығып отырғанын мәлімдеді

29 Мамыр 2026 20:38see108

LRT ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

31 Мамыр 2026 13:16see108

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

31 Мамыр 2026 10:39see107

Қазақстанда жаңа туған сәбилерге негізгі жауапкершілік педиатрларға қайта жүктеледі

30 Мамыр 2026 13:30see107

ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды

31 Мамыр 2026 13:03see106

Көкшетауда пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен бала құтқарылды

30 Мамыр 2026 09:44see105

Трамп жаңа мәлімдеме жасады: Иран ядролық қарудан бас тартуы мүмкін

31 Мамыр 2026 11:28see103

Украиналық дрон ЗАЭС тің ғимаратына соғылды

31 Мамыр 2026 12:20see103

Лондондағы Мисс Кәусар

30 Мамыр 2026 13:48see103

Цифрлық трансформация Еуразиялық ықпалдастықтың басым бағыты

30 Мамыр 2026 13:45see103

Ресейден ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты алып кірмек болған

30 Мамыр 2026 12:00see103

Қашағанда маусымға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары кейінге қалдырылды БАҚ

30 Мамыр 2026 20:32see102

Қызыл кітапқа енген керқұландар табиғатқа жіберілді

30 Мамыр 2026 16:57see102

Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты

29 Мамыр 2026 23:12see101

Путин: Ресей Украина бойынша келіссөзден ешқашан бас тартқан емес

30 Мамыр 2026 21:48see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары