Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Елдік жаңарудың жасампаз философиясы

Елдік жаңарудың жасампаз философиясы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ел халқы өткен аптаның аяғында жаңа Конституцияның жобасымен танысты. Алғашқы жолдарынан-ақ оның жатық тілі алдағы маңызды конституциялық өзгерістерді жұртшылықтың бірден түсініп қабылдауына септігін тигізеді. Азаматтардың қызу талқылап, БАҚ-та жан-жақты пікірталас өрбіп жатқаны еліміздің негізгі құжатын қабылдау ісіне жұртшылықтың белсене араласуға ниетті екенін айқын көрсетіп отыр.

Сурет: elordainfo.kz

Сондай-ақ кейінгі күндері ел азаматтары жаңа Конституция жобасы қалай талқыланғанын, оның көпшіліктің алдында жария түрде ашық өткенін көрді. Сол арқылы еліміздің әр азаматы аталған ұлы тарихи үде­ріске өзінің де қатысы барын, мемлекет тағдыры – халықтың қолында екенін айқын сезіне алды. Әр норма төңірегіндегі қызу пікірталас, жобаның әр бөлшегіне қоғамның ерекше қызығушылық танытуы бекер емес. Өйткені бұл – уақыт талабы.

Президенттің «халықпен бірге­міз» деген ұстанымы жұрт­шылықтың белсенділігін арттырып, әр азаматтың мемлекет тағ­дырын қалыптастырудағы өзіндік рөлін ұғындыра түсті. Баршаға өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік берілді.

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия ауқымы жа­ғынан теңдессіз жұмыс атқарды. Ұсынылған әр бастамаға үн қатып, мыңдаған ұсынысты жүйеледі. Қазіргі сын-қатерлер жаңа ережелер мен жаңа стандарттарға деген сұранысты туындатып отыр. Отыз жылдан астам уақыт елі­міз өз дамуында үлкен жолдан өтті. Біз көп жұмыс атқарып, сан сынақты еңсердік.

Жаһандағы алмағайып жағ­дай мен әлемдік саясаттың мың құбылуы, қоғам санасының түбі­рімен жаңаруы, әділеттілік пен өзгеріске деген сұраныстың артуы – қазіргі заманның нақты талабы. Осының бәрі мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қаты­насында түбегейлі трансфор­мация мен өзгерісті, жаңаша қо­ғам­дық келісімді, жаңа мән-мағы­наны талап етті.

Бұл орайда Мемлекет басшысы эволюция жолын таңдап, ауқымды әрі дәйекті саяси өзге­рістерді бастап берді. Жаңа Конс­титуция жобасы осы үздіксіз үдерістің шарықтау шыңына ай­налды. Бұл – мүлде жаңа концеп­туалды құжат. Ол осыған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңе­сі, Ұлттық құрылтай мен Қа­зақ­­стан халқы Ассамблеясы оты­рыс­­­­тарында қоғам мен мемлекет ара­сында өткен жан-жақты тал­­­қы­лаулардың нәтижелерін қам­ты­ды.

Жаңа Ата заңның жобасын күллі халқымыздың ой-пікірі, мұң-мұқтажы, арман-аң­сары көрініс тапқан «Халық Конс­титуциясы» деп атауға толық негіз бар. Қасым-Жомарт Тоқаев көпшіліктің талап-тілегін терең түсіне отырып, Әділетті Қа­зақ­стан құруды Конституцияда ең жоғары мақсат ретінде шегелей бекітуді тікелей ұсынды.

Осы ретте кейінгі жылдары әр отандасымыздың көңіліне ұялап, жанына жақын бола түскен «Заң мен тәртіп», «Адал Азамат», «Таза Қазақстан» сияқты құндылықтар жаңа Конституция жобасының преамбуласы негізіне айналды. Олар Конституцияның бар­лық нормасының өзегін құрап, болашақ ел дамуының берік моральдық-құқықтық іргетасын қалады.

Бұл басты қағидаттар еліміз үшін бетбұрысты кезеңде ұлты­мызды ұйыстырып, мемлекеттік шешімдердің әділдігіне деген сенімді нығайтып, әрі қарай орнықты дамуымызға бағдар бергенін атап өткен абзал. Олар­дың конституциялық деңгей­де бекітілуі – жұртшылықтың көп­тен күткен үмітінің үде­сінен шыққан шынайы жауап
болмақ.

Негізгі заңның жобасында еліміздің болашақ заң шығарушы органы – Құрылтайдың жаңа архитектурасы ұсынылған. Бір палаталы жаңа Парламентке айтарлықтай пәрменді функциялар беріледі. Олар биліктің түрлі тармақтары арасындағы тежемелер мен тепе-теңдік жүйесін толығымен жаңартады.

Құрылтайдың тек партиялық тізім арқылы жасақталуы халық­тың барлық топтарының мүд­десін мейлінше кең әрі жүйелі қамта­масыз етеді. Белсенді аза­мат­тық ұстанымы бар отандастар да сая­си партияларға мүше болу арқы­лы жаңадан құрылатын заң шы­ғарушы органға өте алады. Бұл қадам партиялардың қыз­ме­тін жандандырып, мықты сая­­си ойын­шылардың пайда болуы­на, жаңа саяси мәдениеттің қалып­тасуына жол ашады.

Құрылтайда партиялардың өкілдік етуі жұртшылықтың өз мүддесін заңнама деңгейінде тікелей әрі тұрақты арналар арқылы жеткізуіне мүмкіндік береді. Саяси партиялардың түр­лі идеологиялық платформа­лары Парламенттегі пікірта­ластардың мазмұны мен мәнін, қабылданатын заңдардың сапасын арттыра түседі. Түптеп кел­генде, бұл Мемлекет басшы­сы­ның «Күшті Президент – ықпал­ды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын барынша орнықтырады.

Осы жылдары біз халықпен тікелей диалог орнату – Мемлекет басшысы саясатының бұлжы­мас бағдары екеніне куә болып келеміз. Қасым-Жомарт Тоқаев осы қағидатты ұстана отырып, Халық кеңесін құру бастамасын көтерді.

Заңнамаға бастамашылық ету құқығы бар бұл жаңа конс­ти­туциялық институт мем­ле­кеттік биліктің жаңа құрылы­мымен ұтымды үйлесім тап­пақ. Ол біз­дің көпқырлы қоға­м­ы­мыз­дың – этностардың, конфес­сия­лар­дың, өңірлердің барлық аспек­тісі ескерілетін, жете ой­лас­тырыл­ған мемлекеттік шешім­дер қа­былдауға мүмкін­дік бе­ре­ді. Бұл – мемлекет тұрақ­тылы­ғының, оның үйлесімді да­муы мен «Бірлігіміз – әралуан­дықта» қағидатының институ­ционал­дануының кепілі.

Ендігі кезекте Негізгі заңға тек азаматтардың жалпыхалық­тық референдум арқылы ғана өзгеріс­тер енгізе алатыны жаңа Конституция нормаларының орнықтылығын көрсетеді.

Жаңа Конституцияда Прези­денттің елдегі жоғары саяси билік­тің кепілдендірілген алма­сым­дылығы туралы бағыты жал­ға­­сын тапты. Іс басындағы Пре­зидент өз лауазымынан мерзі­мінен бұрын босаған жағдайда екі ай ішінде міндетті президент сайлауы өткізілетіні туралы норма енгізіледі.

Мемлекеттік билік тармақ­тарының тұрақтылығы мен бол­жамдылығын қамтамасыз ету үшін жаңадан Вице-президент лауазымын енгізу көзделіп отыр. Негізгі заң жобасында Қазақ­стан­ның табысты дамуы­ның кепі­лі ретінде президенттік бас­­қару формасы сақталып қалмақ.

Жалпы, ұсынылған Конс­ти­туция жобасы – ел дамуының жаңа да жасампаз философиясы. Онда адам құқығы мен еркіндігі мыз­ғы­мас әрі негізгі басымдық ретінде бе­­кітіледі және солай болып қа­лады.

Бұдан бөлек, мемлекет Ата заң деңгейінде адам капиталын, білімді, ғылым мен инновация­ны дамытуға кепілдік береді. Енді адамның жеке басының білік­тілігі, жақсы білімі, интеллектісі, адал еңбегі алдыңғы қатарға шыға­рылады. Олар елдің табиғи бай­лықтарынан әлдеқайда баға­лы бола түсіп, негізгі құнды­лықтарымызға айналады. Осы­лай­ша, жаңа Конституция жобасында адамның ең басты орында тұруына терең мән беріліп
отыр.

Жаңа Ата заңды қабылдай отырып, біз күллі әлем қоғамдас­тығына Қазақстанның Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз және Таза Қазақстан құрып жатқанын паш етеміз. Онда әр азаматтың дамуына, өмірден өз орнын табуына тең және әділ мүмкіндіктер беріледі. Ал ел шекарасы мен аумақтық тұтастығының бекемдігі туралы нор­малардың бекітілуі сыртқы ықтимал сын-қатерлерге нақты жауап болмақ.

Жалпы, жаңа Конституция жобасы – жарқын болашаққа бастайтын батыл қадам. Прези­дент айтқандай, ол әлемде қалып­тасқан қазіргі күрделі кезеңде біртұтас Қазақстан халқына бағыт сілтей­тін маңызды құжатқа айналады.

Ерлан ҚОШАНОВ,

Мәжіліс төрағасы

Соңғы жаңалықтар

Серік Сәпиев министрдің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 12:58

Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер рейтингінде үздік ондыққа кірді

Спорт • Бүгін, 12:43

Қазақстан мен Вьетнам өзара тауар айналымын екі есе арттыруға ниетті

Экономика • Бүгін, 12:33

Астанада TikTok желісіндегі жалған «емшіге» сот үкімі шықты

Қоғам • Бүгін, 12:23

Мұнай қоры бойынша ТОП-15 ел: Қазақстан қатарда бар ма?

Қазақстан • Бүгін, 12:19

Трамп: Үндістан Ресей мұнайынан бас тартты

Әлем • Бүгін, 12:09

FlyArystan тегін қол жүгінің салмағын арттырады

Қоғам • Бүгін, 11:57

Жемқорлықпен күрес: Бюджетке 100 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:40

«Қорғас» кеден бекеті екі аптаға жабылады

Қоғам • Бүгін, 11:28

Алматыда гимнастикадан ел чемпиондары анықталды

Спорт • Бүгін, 11:17

Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен кетті

Қоғам • Бүгін, 11:07

Голан жоталарында Қазақстанның қанша бітімгері қызмет етеді?

Әскер • Бүгін, 10:57

Олимпиада-2026: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарады

Қоғам • Бүгін, 10:38

ЖИ жыл құстарын зерттеудің жаңа дәуірін ашты

Технология • Бүгін, 10:28

Сенсациялық нәтиже: Бибісара Асаубаева супертурнирде үздік бестікке енді

Спорт • Бүгін, 10:17

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:133
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Ақпан 2026 13:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары