Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Драматургиядағы дара даңғыл

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Ұлттық ұланның ерлер хоры 10 жылдығына орай концерт берді

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

Еуразия сыйлығы: Әдеби Азия жобасы екінші орын алды

Шекарасыз кітапхана: Алматыда бес елдің сарапшылары инклюзивті кітапханаларды дамыту мәселелерін талқылады

Жергілікті биліктің жаңа философиясы

Жергілікті биліктің жаңа философиясы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Шын мәнінде, мемлекеттің қуаты Парламент қабылдаған заңдардың саны­мен ғана өл­шен­бейді. Ол заңдардың ауыл­дағы қарапайым адамның өмір­ін өзгерте алуымен өлшенеді. Азамат мемлекетпен алғаш рет министр арқылы емес, өз ауыл­ындағы әкім, өз өңіріндегі мәс­ли­хат депут­аты арқылы жүзде­седі. Сондықтан жергілікті бас­қарудың сапасы – мемле­кетке деген сенімнің сапасы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Күшті өңірлер – күшті ел» екенін үнемі баса айтып келеді. Бұл – жай ғана өңірлік саясат туралы пікір емес. Бұл – жаңа мемлекеттік басқару философиясы. Егер өңір қуатты болса, мемлекет қуатты. Егер жергілікті басқару тиімді болса, орталық билікке деген сенім де нығаяды. Прези­дент барлық деңгейдегі мәслихаттар деп­утат­тарының II республикалық фору­м­ында: «Мәслихаттар – жергілікті өзін-өзі басқару жүйе­сіндегі негізгі инсти­тут», – деді. Сондықтан Мемлекет бас­шы­сы қол қойған «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заң­на­малық акті­леріне мемлекеттік басқару және жергі­лікті өзін-өзі басқару мәселелері бойын­ша өзгерістер мен тол­ық­тырулар енгізу туралы» заңды ке­зек­ті құқықтық түзету ретінде қабыл­дауға бол­майды. Бұл – Прези­дент бастама­шы­лық еткен саяси жаңғырудың заңды жалғасы. Бұл – мәслихаттардың жаңа миссиясын айқындайтын заң.

Қазақ ешқашан кеңессіз ел басқарма­ған. Ұлы даладағы мемлекеттік дәстүрдің негізінде ақылдасу, кеңесу, мәмілеге келу мәдениеті жатты. Хан кеңес құрмай ше­шім қабылдамаған. Би жеке билік жүргіз­беген. Ел тағдыры құрылтайда талқылан­ған. «Кеңесіп пішкен тон келте бол­май­ды» деген сөздің астар­ында ғасырлар бойы қалыптас­қан мемлекеттік даналық жа­тыр. Сондықтан бүгінгі мә­с­лихат – сырттан келген институт емес. Ол – қазақтың сая­си мәдениетінің жаңа тарихи жағ­дайда жаңғырған көрінісі. Әлихан Бөкейхан жергілікті өзін-өзі басқаруды ұлттық мем­лекеттіліктің мектебі деп білді. Ол жергі­лікті басқару мәселе­сінде земство жүйесін енгізуді басты шешім деп санап, жергі­лікті халыққа өз жерін, шаруа­шылығы мен бюджетін өздері басқаруға құқық беруді талап еткені белгілі. Ал Ахмет Байтұр­сынұлы: «Ел ісіне халықтың өзі аралас­пай­ынша, ел ісі оңал­май­ды», – деп айт­қан. Ұлт ұстазы мемлекет пен қоғамның дамуы үшін әрбір азаматтың өз тағ­дырына, ортақ іске жауапкер­шілікпен қарауы керегін ерекше атап өткен. Ол адамдарды нем­құрайдылықтан арылып, өз құқықтары мен ұлттық мүдде­лері үшін белсенді күресуге шақырды. Ағартушы­ның басты идеясы: халық санасы оянбай және ортақ іске әркім өз үлесін қоспай­ынша, ұлттың болашағы жарқын бол­май­ды. Бұл ойлар Ұлттық ұстаздың мұра­сы туралы еңбек­терде терең зерттелген. Алаш қайраткер­лері ұсынған земство идеясының өзегінде де осы қағидат жатты – халық өз жерінің тағдырына өзі жауап беруі керек.

Тәуелсіз Қазақстан осы тарихи сабақ­тастықты жаңа мазмұнмен жалғастырып келеді.

Соңғы жылдары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас­тамасы­мен ауыл әкімдерін тікелей сайлау ен­гізілді. Кейін аудан әкімдерін сайлау қолға алынды. Конституциялық рефор­ма­лар жүзеге асты. Билік тармақтарының жауапкер­шілігі күшейтілді. Енді сол реформа­лардың заңды жалғасы ретінде мәслихат­тардың мәртебесі мен мүмкін­дігі жаңа деңгейге көтері­ліп отыр.

Бұл – ұзақ жылдық талдау мен жүйелі жұмыстың нәтижесі.

Сенат депутаты ретінде жер­гілікті мемлекеттік басқаруды жетілдіру мәселе­сі біздің заң шығару қызметіміздің негізгі бағыттарының бірі болды. Осы жылдар ішінде Үкіметке және уәкілетті мемле­кеттік орган­дарға мәслихаттардың өкіл­ет­тігін кеңейту, жергілікті өзін-өзі бас­қаруды дамыту, депутат­тардың бақы­лау функ­цияларын күшейту мәселелері бойынша бірнеше депутаттық сауал жолдадық.

Сонымен қатар Сенат жан­ын­дағы MIND жобалық кеңсе­сінде жүзеге асқан «Тиімді мәсли­хат» жобасының жұмыс тобына жетекшілік ету мүмкін­дігі туды. Бұл жоба заңға дейінгі ғылыми алаң болды. Біз халық­аралық тәжірибені сара­ладық, өңірлердегі нақты ахуалды зерт­тедік, барлық деңгейдегі мәсли­хат депутаттарының пікі­рін тыңдадық, мем­лекеттік орган­дармен, сарапшы­лармен және ғылыми қауымдастықпен ашық пікір алмастық. Осы жұмыс бары­сында Астана қаласының, Ақмола және Ақтөбе облыстары мәслихаттарының депутат­тары ерекше белсенділік танытты. Олар тәжірибеден туған нақты ұсыныста­рын ортаға салды. Президент жанындағы Мемле­кеттік басқару академиясының профессорлары мен магистрант­тары халықаралық тәжірибені зерттеп, ғылы­ми негіздемелер әзірледі. Бұл заңның әрбір ба­бын­да сол ортақ еңбектің ізі бар. Сон­дықтан бұл заң – бір адам­ның немесе бір мемлекеттік ор­ган­ның емес, қоғам­ның сұра­ны­сына жауап берген ортақ жұмыс­тың нәтижесі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауларында және Ұлттық Құрылтай отырыс­тарында мемлекетті жаңғырту тек орталық билікті реформа­лаумен шектелмейтінін бірнеше рет атап өтті. Оның айтуынша, «барлық рефор­маның түпкі мақсаты – азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту». Бұл қағида мемлекеттік басқарудың әрбір деңгейіне қатысты. Өмір сапасы заңмен емес, заң­ның орын­далуымен жақсарады. Ал заң­ның орындалуы ең алдымен өңірде көрін­­е­­ді. Сондықтан бүгінгі реформа мем­ле­кет­тік басқарудың құрылымын ғана өзгертіп отырған жоқ. Ол билік филосо­фиясын өзгертуде. Кеше мемле­кет халық­қа жоғарыдан қарайтын жүйе ретінде қабыл­данса, бүгін мемлекет халықпен қатар жүретін институтқа айна­­лып келеді. Бұл – Президент жария­лаған «Халық үніне құлақ асатын мемле­кет» тұжырымда­масының нақты жалға­сы. Осы жерде мәслихаттың тарихи рөлі айқындалады. Мәслихат – әкім­нің серіктесі ғана емес, халық­тың аманатын билікке жеткі­зетін конституциялық институт. Егер әкім атқа­рушы биліктің жауапкершілігін көтерсе, мәс­ли­хат қоғамдық сенімнің жауап­­кершілігін көтереді. Өйт­кені демокра­тияның таби­ға­ты – тек сайлау өткізуде емес. Демокра­тияның табиғаты – теңге­рімде. Прези­дент жүргізіп отырған рефор­малардың ерекшелігі де осында.

Кез келген заңның өз уақыты болады. 1993 жылы мәслихат­тардың құрылуы тәуелсіз мем­лекеттің қалыптасу кезеңінің талабы еді. 2000 жылдары эко­номикалық тұрақтылық басым­дық алды. 2010 жыл­дары мемле­кеттік қызметтерді цифрлан­дыру кезеңі басталды. Ал бүгінгі ке­зең­нің басты талабы – институт­тарды күшейту.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев реформаларының негізгі ерекшелігі де осы. Біз жеке тұл­ғалардың беделіне сүйенетін мемлекеттен институцио­налдық мемлекетке қарай бет бұрдық. Жаңа заңдағы мәслихат төраға­сының екі мер­зім­мен шектелуі, депутаттық сауал­дарға жауап мерзімінің қысқаруы, әкім­дер­дің халықпен кездесулерінде көтеріл­ген мәселелердің орын­далуын мәсли­хат­тың қарауы, бюджеттік комиссияларға қаты­суы, жергілікті қоғамдастық жинал­ыс­тарының өкілеттігінің кеңеюі — осы­ның барлығы бір ғана мақсатқа қызмет етеді. Яғни басқару институттарын күшейту екені айқын. 

Көпшілік «бұл заң мәслихат­тардың өкілеттігін кеңейтті» дейді. Мен басқаша айтар едім. Бұл заң мәслихаттың жауап­кер­шілігін кеңейтті. Ендігі жерде депут­ат тек шешім қабылдайтын адам емес. Ол қабылданған ше­шім­нің орындалуына да жауап­ты. Бұл – жаңа саяси мәдениет.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әділетті Қазақстанды бірге құрамыз» деген болатын. Бұл міндет мемлекеттік биліктің барлық тармағына ортақ жауап­кершілік жүктейді. Әділетті қоғам ең алдымен өңірлерде қал­ып­тасады. Ал өңір­лердің орнықты дамуы жергілікті өкіл­ді биліктің тиімділігіне, мәсли­хат­тардың жау­апкер­шілі­гіне және депутат­тардың халық аман­атына адалдығына тікелей байланысты.

Сондықтан бұл заңның басты нәти­жесі жаңа құқықтық нормалардың қа­был­дану­ында ғана емес. Оның ең үлкен нәти­жесі  мемлекет пен қоғам ара­сын­дағы сенімді нығайтуға, азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүм­кіндігін кеңейтуге және жергілікті мем­лекеттік басқарудың сапасын жаңа дең­гейге көтеруге бағытта­лу­ында екені анық.

Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ,

Парламент Сенатының VІІІ шақырылым депутаты

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:102
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Шілде 2026 07:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see140

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see134

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see132

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see131

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

16 Қазан 2026 23:08see131

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see129

Драматургиядағы дара даңғыл

17 Қазан 2026 07:02see129

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see129

Ұлттық ұланның ерлер хоры 10 жылдығына орай концерт берді

16 Қазан 2026 16:51see126

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

16 Қазан 2026 17:11see126

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

16 Қазан 2026 16:57see123

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

16 Қазан 2026 18:00see123

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

17 Қазан 2026 13:44see122

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

17 Қазан 2026 09:04see122

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

17 Қазан 2026 16:12see121

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

17 Қазан 2026 13:43see118

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

17 Қазан 2026 12:52see118

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

17 Қазан 2026 13:43see116

Еуразия сыйлығы: Әдеби Азия жобасы екінші орын алды

17 Қазан 2026 10:02see113

Шекарасыз кітапхана: Алматыда бес елдің сарапшылары инклюзивті кітапханаларды дамыту мәселелерін талқылады

16 Қазан 2026 21:39see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары