Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

Иран армиясының қолбасшысы әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған АҚШ сарбазы үшін сыйақы жариялады

Подполковник 50 млн теңге алу үшін жалған неке қиып, алаяқтық жасаған

Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды

“Мұнысы масқара, айтарға сөз жоқ“. Маңғыстауда демалушылар көрікті жағажайды қоқыс полигонына айналдырды

Алимент төлеуден жалтарған Алматы тұрғыны көлік жүргізіп ұсталды

Құқық бұзушылықтардың фотосы мен видеосы үшін ақша оны Астана мен Алматыда қалай алуға болады

Жүргізушілерге жаппай айыппұл келіп жатыр: полиция түсініктеме берді

БЖБ және ТЖБ ны тоқтату 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушылар үшін не өзгереді

Пайымы биік преамбула

Higgsfield негізін қалаушы қазақстандықтар долларлық миллиардер атануы мүмкін

Күрес тәулік бойы жүріп жатыр: Қарағанды облысындағы өртке 200 ге жуық адам мен 60 техника жұмылдырылды

Аустралияның Мёрдок университеті Семейде филиалын ашуды жоспарлап отыр

Астана Қарағанды Алматы тас жолының тағы бір учаскесі жүргізушілер үшін жабылады

Аяғын шыны кесіп кеткен бала ауруханаға 12 минутта жеткізілді

Үлескерлердің төрт жылдық сергелдеңі

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

Кедергісіз келешек әлеуметтік теңдіктің өлшемі

Кедергісіз келешек әлеуметтік теңдіктің өлшемі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

Жоспарлы жұмыс, нақты нәтиже

Жайлы орта қалыптастыру мақ­сатында Қолжетімділіктің ин­терактивті картасына енгізілген
42 мыңнан астам нысанды бе­йімдеу көзделген. Игі іс кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, жыл сайын ны­сандардың кемінде 20%-ы аяқ­талуға тиіс. Осылайша, 2023 жылы Жол картасындағы нысан­дардың 20%-ы, 2024 жылы – 40%-ы, 2025 жылы – 60%-ы, 2026 жылы – 80%-ы, ал 2027 жылы 100%-ы­ толық жайлы ортаға сай болуы­ қажет.

Осы жылдың соңына дейін 34 318 нысанды бейімдеу жоспарланған. Бес айдың ішінде 30 571 нысан толық бейімделіп, көрсеткіштің 71%-ын құрады. Атап айтқанда, денсаулық сақтау ұйымдары – 5 020, білім ұйымдары – 9 574, мәдениет нысандары – 2 257, сауда және қызмет көрсету нысандары – 6 369, мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар –  4 222, өзге де нысандар саны – 3 129. Ең көп бейімделген нысандар Алматы қаласында (6 189), Түркістан (2 512), Қызылорда (1 887), Атырау (1 559) облыстарында, Шымкент (1 623), Астана (1 456) қалаларында орналасқан.

Мұның барлығы мүгедек­тігі бар адамдардың әлеуметтік ин­­фра­құрылым нысандары­­на ке­дергісіз қол жеткізуін қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тында жүзе­ге асы­­рылды. Ны­сандарды бейім­деу кезінде кіре­беріс­тің қол­жетімділігіне, санитар­­­­­­лық-гигиеналық бөлмелерге, нави­гация жүйесіне, сондай-ақ аза­маттардың барлық санатына қауіпсіз әрі дербес қозғалуына жағдай жасауға ерекше назар аударылады. Мүгедектігі бар аза­маттардың пікірінше, жүзеге асырылып жатқан шаралар олардың өмір сүру сапасын арттырып, қоғамдық өмірге белсенді араласуына жаңа мүмкіндіктер ашады.

«Жыл сайын кедергісіз орта аясы кеңейіп келеді. Бұл біздің өмір сапасына тікелей әсер етеді. Әсіресе қоғамның көз­қарасы өзгеріп жатқаны қуантады: кәсіпкерлер мен нысан иелері инклюзияның шынайы маңызын түсіне бастады. Өйт­кені қолжетімді орта – ең алдымен бізге қажет», дейді бірінші топтағы мүгедектігі бар Дастан Раушанбеков. 

Бақылау күшейеді, жауапкершілік артады

Қолжетімді орта қалыптасты­ру жұ­мыс­ы мемлекеттік инклю­зив­ті саясат аясында белгіленген жоспарларға сәйкес еліміздің барлық өңірінде жалғасады. Биыл 1 шілдеден бастап сапаны бақылау, қауіпсіздік пен нысандардың қол­жетім­ділігі саласында маңыз­ды өзгерістерді көз­дейтін жаңа Құрылыс кодексі күшіне енді. Мұндағы басты өзгерістің бірі – нысандардың сәйкестік декларациясына қол қою тәртібінің өзгеруі. Енді бұл үдеріске Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департамент­тері өкілдері де араласа алады. Нәтижесін­де, мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға қолжетім­ділік талап­та­рының сақталуын бақылау функциясы жергілікті атқарушы органдардан (ЖАО) аумақтық департаменттерге беріледі.

Бұл ретте ең әуелі қолжетімді әрі ке­дергісіз орта қалыптасты­руға бақылау кү­шей­тіледі. Нысан­дар­ды пайдалануға беру кезін­де бірқатар жайтқа ерекше назар ауда­рылады. Нақты айтқанда, орнатылған пандустардың сапалы болуына, кіреберіс топта­ры­ның қолжетімділігіне, сани­тар­лық бөлмелерге, лифттер мен қозғалыс жолдарына, так­тиль­ді көрсеткіштер мен на­ви­­га­цияға, азаматтардың жай­лы­­лығы мен қауіпсіздігін қамта­ма­сыз ететін басқа да эле­менттерге жа­уапкершілік күшей­ті­леді. Ны­сан­ның заңнама талаптарына, құ­рылыс нормалары мен жоба­лық құжаттамаға, соның ішін­де қолжетімділік талаптарына сәйкес келетінін растайтын ресми құжат – сәйкестік декларация­сы түзіледі. Бұл құрылыс үдерісі­не қатысатын барлық тараптар­дың жобалаудан бас­тап ны­санды пайдалануға беруге дейін­гі жауапкершілігін арттырады. Қолжетімді орта қалыптастыру тек заң талабы ғана емес, соны­мен қатар өмір сапасының, әлеумет­тік жауапкершілікті сезінуде әрбір адамға деген құрметтің көрсеткіші.

«Адам өмір сүретін орта, яғни өмірі мен қозғалысына қатысты барлық жағдай ыңғайлы әрі ке­дергісіз болуы керек. Жаңа қа­был­данған Құрылыс кодексінде бұл талаптар күшейтілді. Енді қол­же­тімді орта барлық кезеңде, яғни қаланы жоспарлау, жобалау, құрылыс барысында, нысан­ды пайдалануға беру кезінде қарастырылады. Осылайша, қол­­­жетімділік талаптары жобалау кезеңінен бастап ескеріліп, құрылыс кезінде міндетті түр­де сақталады», деп мәлім­деді Өнер­­кәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов.

Бұдан былай құрылысы аяқ­талған нысанды пайдалануға беру кезінде әлеуметтік қорғау органдары қатысып, оның мүгедек­тігі бар адамдарға қаншалықты ыңғайлы екенін тексереді. Сонымен қатар салалық нормативтік құжаттарға қосымша талаптар енгізілген. Айталық, тұрғын үйді қайта жоспарлау тәртібі жеңілдетілді. Жобалық құжаттамада қол­же­тім­ділік ар­найы бөлімге бө­лін­ді. Бюджет есебінен салынатын тұрғын үйлерде пәтерлердің кемінде 5%-ы мүгедектігі бар адам­дарға бейімделуге тиіс. 

Тұрғындар талабы – тұрақты назарда

Елімізде инклюзивті саясат тұжы­рымда­масын жүзеге асы­­ру аясында бір­қатар игі бас­­тама қолға алынды. Соның бірі – «Халықпен бірге» жобасы. Бұл бастама мүгедек­тігі бар адамдарды қолжетімді ортаны қалып­тас­тыру жұмысына тікелей тар­туға мүмкіндік береді. Жоба аясында азаматтар әлеуметтік инфрақұры­лым нысандарының қолжетімділігіне қоғамдық мониторинг жүргізіп, өз ұсыныста­ры мен ескертулерін айта алады. Жобаның басты тиімділігі – қолжетімділік мәселелерін мем­лекеттік органдардың ғана емес, тікелей пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан бағалау мүмкіндігі берілді. Бұл анықтал­ған кемшіліктерді жедел жоюға, сондай-ақ нысандарды бейімдеу сапасын арттыруға ықпал ете­ді. Нәтижесінде, қоғам мен мем­лекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл нығайып, мүге­дектігі бар адамдардың ұсыныс-тілегі орындалады.

«Қолжетімділіктің интерак­тив­ті картасына енгізілген нысандарды бейімдеу жұмыс­ының бәрі 2025–2030 жылдар­ға арналған инклюзивті саясат тұжырым­да­ма­сы мен 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылып жатыр. 2026 жылғы 15 мау­сымдағы есепте 30 571 нысан толық бейімделіп, межелі жоспардың 71%-ы орындалды. Биыл желтоқсан айының аяғына дейін бұл көрсеткішті 80%-ға жет­кізу жоспарланып отыр», дейді Халық­ты әлеуметтік қор­ғау саласындағы реттеу және бақы­лау комитетінің бас сарапшысы Мерей Қайратұлы.

Маманның сөзінше, тұр­ғын­дардан түсетін өтініштердің басым бөлігі денсаулық сақтау, білім беру нысандарына қатысты. Себе­бі бұл нысандарды мүгедектігі бар адамдар күнделікті пайда­ланады. Азаматтар емханалар мен ауру­ха­наларға, мектептерге, балабақша­лар­ға, колледждер мен жоғары оқу орындарына қолжетімділікті қамтамасыз етудегі түйткілді жиі көтереді. Сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталықтары, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық көлік инфрақұрылымы, спорт, мәдениет нысандары жөнінде де өтініштер түсіп жатады.

Жалпы, Қолжетімділіктің интерак­тивті картасына енгізілген нысан­дардың ішінде білім ұйымдары мен денсаулық сақтау нысандары басым. Бұл өз кезегінде халық сұранысының жоғары екенін көрсетеді. Сондықтан азаматтардың ұсыныстары мен өтініштері барлық өңірде жүр­гізіліп жатқан жұмысты жос­парлау кезінде міндетті түрде ес­керіледі.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:136
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Шілде 2026 21:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

16 Тамыз 2026 11:48see121

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

16 Тамыз 2026 13:08see119

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

16 Тамыз 2026 10:07see119

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

16 Тамыз 2026 17:15see115

Иран армиясының қолбасшысы әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған АҚШ сарбазы үшін сыйақы жариялады

17 Тамыз 2026 11:33see114

Подполковник 50 млн теңге алу үшін жалған неке қиып, алаяқтық жасаған

17 Тамыз 2026 14:08see113

Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды

17 Тамыз 2026 11:35see112

“Мұнысы масқара, айтарға сөз жоқ“. Маңғыстауда демалушылар көрікті жағажайды қоқыс полигонына айналдырды

17 Тамыз 2026 11:34see112

Алимент төлеуден жалтарған Алматы тұрғыны көлік жүргізіп ұсталды

17 Тамыз 2026 14:53see111

Құқық бұзушылықтардың фотосы мен видеосы үшін ақша оны Астана мен Алматыда қалай алуға болады

17 Тамыз 2026 12:08see110

Жүргізушілерге жаппай айыппұл келіп жатыр: полиция түсініктеме берді

17 Тамыз 2026 22:41see110

БЖБ және ТЖБ ны тоқтату 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушылар үшін не өзгереді

17 Тамыз 2026 15:56see110

Пайымы биік преамбула

18 Тамыз 2026 07:04see109

Higgsfield негізін қалаушы қазақстандықтар долларлық миллиардер атануы мүмкін

17 Тамыз 2026 15:20see109

Күрес тәулік бойы жүріп жатыр: Қарағанды облысындағы өртке 200 ге жуық адам мен 60 техника жұмылдырылды

17 Тамыз 2026 11:42see108

Аустралияның Мёрдок университеті Семейде филиалын ашуды жоспарлап отыр

17 Тамыз 2026 19:04see108

Астана Қарағанды Алматы тас жолының тағы бір учаскесі жүргізушілер үшін жабылады

17 Тамыз 2026 15:38see108

Аяғын шыны кесіп кеткен бала ауруханаға 12 минутта жеткізілді

16 Тамыз 2026 17:31see108

Үлескерлердің төрт жылдық сергелдеңі

18 Тамыз 2026 03:20see108

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

16 Тамыз 2026 09:40see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары