Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Тең мүмкіндік: кедергісіз келешекке қадам

Тең мүмкіндік: кедергісіз келешекке қадам

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Ақтөбе облысында да бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүзеге асырылып келеді. Өңірде мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау, техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету және жұмыспен қамту шараларын кеңейтуге басымдық берілген. Ресми мәліметтерге сәйкес, облыста 31-ден астам мүгедектігі  бар  адам тұрады, оның  5 834-сі – 16 жас­қа дейінгі мүгедек балалар. Қазір олар медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшелеріне бармай-ақ, мүгедектікті сырттай, проактивті форматта белгілей алады. Сонымен қатар аталған формат азаматтардың уақытын үнемдеп, құжат жинау машақатын азайтып, ашықтықты қамтамасыз етеді. Бұл мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізу, Digital Qazaqstan жалпыұлттық стра­тегиясын жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі екені сөзсіз.

Мәселен, ресми ақпарат бойынша, Ақтөбе облысында 2020 жылы әлеуметтік қызметтер порталында мүге­дектігі бар адамдар қызметтің 55 түрін алған болса, 2025 жылы 28 133 адамды қамту жоспарланып, оның 27 517 адамы (98%) техникалық оңалту құралдарымен және санаторлы-курорттық сауықтырумен қамтамасыз етілді. Жергілікті бюджет есебінен 2 082 мүгедектігі бар адамдарға «Инватакси» қызметтері көрсетіліп,12 әлеуметтік көмек бөлімдері арқылы 310 мүгедек балаларға және 1 784 жалғызілікті және мүгедектерге үйде күтім жасау жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетілген. Мүгедектігі  бар адамдардың  әлеуметтік инфрақұрылымдар  нысан­дарына кедергісіз кіруі үшін 2025 жылы 896 нысан бейімдеуден өткен. Облыста стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін  4 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді.

Ресми деректерге сүйенсек, бүгінде аймақ бойынша 1 899 мүгедектігі бар адам спортпен тұрақты түрде айналысады. Бұл көрсеткіш медициналық қарсы көр­сетілімі жоқ азаматтардың 12,7 па­йы­зын құрайды. Сондай-ақ облыста «Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт клубы» мүмкіндігі шектеулі азаматтардың спортпен жүйелі түрде айналысуына барлық жағдайды жасап отыр. Мұнда мүгедектігі бар адамдарға бейімделген спорттың 20 түрі дамып келеді. Олардың басым бөлігі – Паралим­пиада және Сурдлимпиада ойындары, Пара Азия ойындары мен Special Olympics бағдарламасына енген спорт түрлері. Еліміздің ұлттық құрама командаларына кіретін ақтөбелік 73 спортшы мен 18 жат­тықтырушы облыс әкімінің ай сай­ын­ғы арнайы төлемақысын алады. Бұл қолдау олардың ынтасын арттырып, жоғары деңгейде дайындалуына серпін беретін маңызды тетік саналады.

Ал ақтөбелік пара және сурдо спорт­шыларының соңғы жылдардағы халық­аралық ареналардағы жетістігі туралы айтар болсақ, 2025 жылы облыс спортшы­лары еліміздің чемпионаттары мен спартакиадаларында барлығы 225 медаль (113 алтын, 65 күміс, 47 қола) жеңіп алса, халықаралық ареналарда 14 медальға (4 алтын, 4 күміс, 6 қола) қол жеткізді.

Өңірде инклюзивті спортты дамытуға бағытталған жаңа жобалар да іске асыры­луда. Биыл Ақтөбе қаласында мүгедектігі бар жандарға арналған «Қуат» инклюзивті спорт кешені ашылды. Жаңа нысан Мем­ле­кет басшысының тапсырмасы бойынша салынды және инклюзивті саясатты іске асыру мен барлық азаматқа тең мүмкіндіктер қалыптастыруға арналған зор мүмкіндіктер қатарынан саналып отыр.  Кешеннің жалпы аума­ғы – 4 855 шаршы метр. Ашық алаңдар­дағы жаттығуларды қоса есептегенде, күніне 500 адамға дейін қабылдауға қауқарлы. Мұнда халықаралық стандарттарға сай толық қолжетімді орта қалыптастырылған. Кешенде жүзу бассейні, әмбебап спорт залы, күрес залы, жаттығу жабдықтары бар бөлмелер, үстел теннисі залы және ашық спорт алаңдары бар. Көрер­мен­дерге арналған 200 орын қарастырылған. Кешен базасында спорттың 20-дан астам түрі дамытылады деп жоспарлан­ған. Сондай-ақ паралимпиадалық бағыттар қатарында жеңіл атлетика, жүзу, отырып ойнайтын волейбол, пауэрлифтинг, үстел теннисі, парадзюдо, оқ ату, арбадағы теннис, голбол, бочча, паратаэквондо секілді спорт түрлерін дамыту көзделген. Ал сурдлимпиадалық спорт түрлеріне футзал, күрес, дзюдо, бадминтон, шахмат, үстел теннисі, жүзу, таэквондо және басқа да бағыттар енген. Сонымен қатар паралимпиадалық емес спорт түрлері – тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, армрестлинг те қарастырылған. 

Облыстағы осы зор инфрақұры­лымдық әлеуеттің арқасында 2027 жылы республикалық сурдо спарта­киаданы, ал 2029 жылы пара спарта­киаданы өткізуге өтінім беру жоспар­лануда. Бұл бастама бейінді спорт түрлерін кеңінен насихаттауда маңызды қадам болады деп күтілуде

Елімізде кедергісіз келешек, яғни инклюзивті орта қалыптастыру ба­ғытында ерекше қажеттілігі бар жан­дарға білім берудің тиімді бағдарламасын жүзеге асыру стратегиялық басым бағыт саналады. Осы бағытта Ақтөбе облысында инклюзивті білім беруді дамыту аясында нашар көретін және зағип оқушыларды даярлайтын арнайы колледж жұмыс істейді. Бұл – қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжі. 

Колледжде «Кедергісіз болашақ» мемлекеттік жобасын жүзеге асыру бойынша мүмкіндігі шектеулі оқу­шыларды оқыту, инклюзивті оқытуды дамыту, олардың жұмыс істеуі үшін жағдай жасау, ерекше қажеттіліктері бар қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі мәселелерді шешуді көздейтін мақсатты жұмыстар жүргізілуде. 

Мүгедектігі бар оқушыларға кол­леджде қауіпсіз және жүріп-тұруына ыңғайлы болуы үшін ғимараттың өзі де, оның барлық бөлмесі де физикалық қолжетімділікпен қамтамасыз етілген. Мамандық бойынша материалды са­па­лы жеткізу  үшін колледж оқыту­шы­лары өз білімін үнемі жетілдіріп отырады және инклюзивті оқыту бойынша біліктілігін арттырудан өтеді. Инклюзивті оқыту тәжірибесімен алмасу мақсатында оқытушылар мен білім алушылар халықаралық, рес­публикалық, облыстық маңызы бар семинарларға қатысады. Сонымен қатар колледжде мүмкіндігі шектеулі жандарды бейімдеу олардың оқу үдерісіне бейімделуін ғана емес, есту қабілеті бар оқушылармен интегра­циялануын да қамтиды.

Тілекгүл Есдәулет

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Шілде 2026 06:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары